Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 9.1

V бөлім. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Сабақ тақырыбы: Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды?

Оқу мақсаттары:

7.3.2.2 – XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау;

7.4.2.1 - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру

Тарихи концепт: Себеп пен салдар

Сабақтың өзара байланыс компоненттері

 1 Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өзектендіру өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардын позитивті психологиялық көңіл-күйде болуларына қол жеткізіңіз.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға екі жыртқыштың: аю мен арыстанның бейнесің көрсетіңіз. Сұрақ қойыңыз: Қандай жануарлар бейнеленген? Сендерде олардың бейнелерін көргенде қандай сезімдер туындайды? Екі жануардың ортақ ерекшеліктері қандай? Олар немен бір бірінен ерекшеленеді? Неліктен бүгінгі сабақта біз жартқыштар туралы әңгіме жүргізіп отырмыз? Бұл жануарлар ненің символары болуы мүмкін? Олар қай елдерді бейнелейді деп ойлайсыңдар?

 Оқушылардың барлық пікірлерін қабылдаңыз, оларды жоққа шығармаңыз да, келіспеңіз де. Осындай «ми шабуылы» аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптарын нақтылаңыз және толықтырыңыз.

 Оларға баяндап беріңіз: XIX ғасырда капиталистік елдер арасында әлемле ықпал жасау үшін бәсекелестіктері күшейді. Индустрияландырылған еуропалық елдер отарлар үшін күресе бастады. Индустриалды дамуында артта қалып, феодалдық жүйе мен абсолютизм жүйелері сақталған әлсіз елдер отарларға айналды. ХІХ ғасырда капиталистік елдер империалистік дәрежеге жетіп, өздерінің аумақтарынан тыс жерлердегі өз ықпалы мен билігін кеңейтуге кірісті. Сондықтан оларды басқа жануарлардың барлығын қорқыныш қалпында ұстап жүретін және өздерін басқа жануарлардан артық санайтын жыртқыштармен салыстыруға болады. Екі жыртқыш бейнелерінде Ұлыбритания мен Ресей анық танылады. Сабақта осы екі империалистік елдер арасындағы бақталастығы туралы зерттеу жұмысы жүрлізіледі.

 3. Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарын түсінгеніне сенімді болыңыз.

 Оқу мақсаты мен концептісіне негізделген зерттеу жұмысының бағыттарын оқушылармен бірге талқылап, анықтаңыз, мысалы:

 - XIX ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын сипаттау,

 - XIX ғасырдағы Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын сипаттау,

 - Иран үшін жүргізілген Ресей мен Ұлыбритания арасындағы бәсекелестіктің себептерін айқындау,

 - XIX ғасырдағы Ұлыбритания мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарының сипатын анықтау.

 4. Топтық жұмыс. Оқушылардың әр тобына екі түсті маркерлер беріңіз. XIX ғасырдағы Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды сипаттайтын ақпараттық парақтарды таратыңыз. Оларды бір түспен – қарастырылып отырған кезеңдегі Ресейдің күшін айқындайдын ақпаратты маркердің бір түсімен, ал әлсіздігінің белгілерін - басқа түстпен белгілеуді сұраңыз.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

 - оқушы XIX ғасырдағы Ресей империясының дамуының күшті жақтарын дұрыс анықтады;

 - оқушы XIX ғасырдағы Ресей империясының дамуының әлсіз тұстарын дұрыс анықтады.

 Осы жұмысты аяқтағаннан кейін, топтардың жұмысын тексеріңіз, оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсыныңыз: Сіз қалай ойылайсыз: Ресей қарастырылып отырған кезеңде Англиямен тең дәрежеде бәсекелесе алды ма? Онымен қай салаларда бәсекеге түсе алатындай болды? Қоғамның қай салаларында Ресей Британиядан артта қалуы мүмкін еді?

 Жауап: Қарастырылып отырған кезеңде Ресей еуропалық елдерден индустриалды дамуында артта қалды. Бұған қоса, Ресейде капиталистік қатынастардың дамуына кедергі келтіретін феодалдық-абсолютистік жүйені сақталды. Дегенмен, Ресей көптеген әскери күші және мықты әскери флоты бар елдердің қатарында болды. Сонымен қоса, орыс монархтар еуропалық елдердің монархтарымен туыстық қарым-қатынаста болды, сол себерті өздерін осы елдердің билеушілеріне теңестірді.

 

  •  Топтық жұмыс. Оқушыларға XIX ғасырдағы Иранның ахуалы туралы ақпарат беріңіз. Олармен танысып, Иранның еуропалық елдерден артта қалуының экономикалық, саяси және әлеуметтік себептерін анықтап, топтарла талқылауды сұраңыз.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы

- Иранның Еуропа елдерінен артта қалуының экономикалық себептерін дұрыс анықтайды

- Иранның еуропалық елдерден артта қалуының саяси себептерін дұрыс анықтайды

- Иранның Еуропа елдерінен артта қалуының әлеуметтік себептерін дұрыс анықтайды.

 Оқушылардың жауаптары:

 Экономикалық себептері:

 - Иранда феодалдық қатынастардың негізінде жергі феодалдық меншіктің сақталуы болды. Шах бүкіл жердің, судың, малдың жоғарғы иесі болып саналды, бірақ нақты экономикалық билік жергілікті ірі феодалдардың қолында шоғырланды.

 Саяси себептері:

 - феодал ақсүйектердің топтары арасындағы билік үшін күрестің шиеленісуі;

 - Иранды шетел капиталы арқылы отарға айналдыруға және жеодалдық езгіге қарсы бағытталған бабиддіктер көтерілістедің (1848-1852 жж.) таралуы;

 - феодалдық тәртіптердің сақталуына ескерген саяси жүйе көмектесті: шах елдің жоғарғы және шексіз билеушісі болды;

 - елдің саяси өмірінде мұсылман дінбасылары маңызды рөл атқарды. Осман империясының мұсылмандарына – сүнніттерге қарағанда Иран мұсылмандары шииттер (араб тілінен: «шиа» - бір топ ұстаздар, партия) болды.

 Әлеуметтік себептері:

 - сот діни сипатта болды. Шаруалар мен қолөнершілер тарапынан барлық қателіктері қатал түрде жазаланды;

 - шаруалар мен қала тұрғындардың қанаушылыққа қарсы бағытталған көтерілістері;

 - адамдардың діни санасының үстемдігі.

 Осы жұмысты аяқтағаннан соң, оқушылардан сұраңыз:

  • Осы себептердің қайсысы ең маңыздысы деп есептейсіңдер?

 Оқушыларды осы кезеңде Африка мен Азияның барлық елдерінің артта қалуының басты себебі - осы елдердің билеуші топтары феодалдық тәртіпті сақталып қалуын қалағандары деген қортындыға жеткізіңіз.

 

  •  Жеке жұмыс. XIX ғасырдың бірінші жартысында Англия мен Ресейдің жағдайын салыстыру үшін оқушыларды Венн диаграммасын дәптерінде салып, толтыруды тапсырыңыз. Салыстыру критерийлері:

 - Саяси режим (абсолютизм мен конституциялық монархия),

 - Экономикалық даму (феодалдық қатынастар, өндіріс саласындағы капиталистік қатынастар),

  - Халықаралық беделінің деңгейі (орташа, төмен),

 - Осы елдерге ортақ ерекшеліктер (Азия елдеріне үстемдік жасауға ұмтылды).

 Дескрипторлар:

  •  оқушы әрбір салыстыру критерийі бойынша дәлелдерді дұрыс таңдады,
  •  оқушы екі елдің дамуының ортақ ерекшеліктерін дұрыс анықтады.

 Осы тапсырмаға берілген уақыт аяқталғаннан кейін кейбір оқушыларға жауаптарын оқып, бүкіл сыныппен талқылауын сұраңыз. Оқушылар қаралып отырған кезеңде экономика мен саяси даму салаларында Ресей Ұлыбританиямен салыстырғанда әлсіздеу болды деп, қорытынды жасайды.

 

 7. Рефлексия. Оқушыларға сабақтың тақырыбының сұрағына жауапты стикерлерге жазуды ұсыныңыз: Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін не себепті бақталас болды?

  Жауап: Қарастырылып отырған кезеңде барлық еуропалық елдер капиталистік даму жолына түсті және олардың барлығы әлемдегі өз ықпалын кеңейтуге тырысты. Ресей мен Ұлыбритания Иран үшін бәсекелестік танытты. Ресей Орталық Азия мен Заказказьеге өз ықпалын кеңейткісі келді. Ұлыбритания Азиядағы барлық стратегиялық маңызды аймақтарды өз ықпалына қаратуға тырысты. Отарлар (тәуелді елдер) Еуропалық державаларға арзан шикізат көздері, арзан еңбек күші және Еуропа елдерінің өнеркəсіптік өнімдері үшін қолайлы нарықтар ретінде қажет болды.

 8. Тақырып бойынша әдебиеттер:

 - Шабани Риза «Иранның қысқаша тарихы»; (парсы тілінен аударған Е.А..Морозова) - Санкт-Петербург: Шығыстану факультеті, 2008 ж.

 - Абдуллаев Закир Зүлфұғарұлы «Иранның жаңа тарихы (1642-1870 жж.)»: Оқу құралы - Баку, 1982 ж.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу