1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 6.3
IV бөлім. Француз буржуазиялық революциясының көрінісі.
Сабақ тақырыбы: 1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды?
Оқу мақсаттары:
7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;
7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау; 7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын тарихи оқиғаны жан-жақты түсіндіру үшін қолдану
Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Сабақтың қосымша теориялық материалы
Тарихы құжат: “Труа қаласының саудагерлерінің Бас штаттардың депутаттарына ұсынған талаптары”
- Шикізат болып табылатын және Францияда өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шетелдік тауарларды елге әкелуге тыйым салынады.
- Барлық кедендер шекараларға қарай жылжытылсын, сонымен қатар тауарларды тасымалдау үшін және басқа да төлемдер мен алымдар алынып тасталсын.
- Саудадағы барлық артықшылық құқықтар жойылу керек.
- Ұлттың келісімісіз салық салынуы мүмкін емес болу керек.
- Кедейлердің жер иеліктеріне салынатын салықтар шіркеу мен дворяндардың байлықтарынада салынуы керек.
- Баспасөз бостандығы - халықтың даусы – қамтамасыз етілуі керек.
Революция нәтижелері:
1) Монархияның ыдырау және парламенттік республиканың құрылуы.
2) Феодалдық тәртіптердің жойлуы және буржуазиялық қоғамның қалыптасуы.
3) Саяси және экономикалық биліктің буржуазияның қолында шоғырлануы.
4) Бүкіл дүние жүзінде ағартушылық идеяларының (адамның жеке басының еркіндігі, бостандық, барлық адамдардың теңдігі, заңның үстемдігі) таралуы. Бұл идеялар еуропалық қоғамында 200 жыл ішінде жетіліп, енгізілді.
5) Сословиялар мен артықшылықтардың жойлуы.
6) Индустриалды революциясының алғышарттары қалыптасты.
7) Буржуалық меншік түрлерінің пайда болуы: бұрынғы феодалдармен буржуазиялардың жерлері, шаруалардың жер иеліктері.
8) Ұлттық бірыңғай нарықтың одан әрі қалыптасуы, феодалдық жергілікті партикуляризмнің (ерекшеліктерінің) қалдықтарын жою.
Қызықты фактілер
Оңшылдар мен солшылдар.
1789 жылы корольді қолдайтын Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаттары төрағаның оң жағына отырды, ал революцияны жақтаушылары сол жақта отырды. Оны ауыстырған Заң шығарушы Ассамблеясында өсы тәртіп сақталды: Конституцияның жақтаушылары оң жағында, реформаторлар - сол жағында, ал бір қалыпты депутаттар орталықтағы орындарға орналасты. Сол кезден бері осындай дәстүр қалыптасты: саясаткерлерді «оңшылдарға» (консерваторлар, капиталистер, монархистер, фашистер), «ортандықтар» және «солшылдарға» (социалистер, коммунистер, жасылдар, анархистер) бөлетін болды.
Бастилияны шабуылы.
Ең үлкен мағынасыздық - бұл Француз революциясының ресми нұсқасы бойынша бастамасы болып саналатын Бастилияның шабуылдануы. 1789 жылдың 14 шілдесінде онда тек жеті тұтқын болды: сериалы адам өлтіру үшін айыпталған екі ақылынан адасқандар, төрт жалған ақша жасаушы және садистік қиялы үшін зынданда жасырылған есі дұрыс емес ақсүйек-аристократ. Бірақ мұнда оқ дәрі қоймалары мен қару-жарақтар көп болды. «Қанды режимнің символын» жүзге жуық ардагер мен мүгедектер қорғады. Олар алғашқы дүркіннең кейін жеңіліске ұшырады.
Жеке тұлға.
Француз революциясының көшбасшыларының бірі - Максимилиан Робеспьер (1758 – 1794 жж.) болды. Ол революциялық террордің елде кең таралуына жол берген адам. Бірнеше жыл бұрын бұл өлім жазасын жоюға шақырған адам. 1792 жылы Робеспьер іс жүзінде көптеген жазалау туралы жарлықтар шығарған Қоғамдық қауіпсіздік комитетіне басшылық етті. 1792 жылдың желтоқсанында XVI Людовиктің жазалауы орындалды. Робеспьер революция үшін бір адамның өмірін құрбан ету керек болса, бұның орындалуының қажеттілігін дәлелдеді. Сонымен қатар, Робеспьер бұрынғы жолдастарын, өзінің ең жақсы досын және көптеген басқа да адамдарды эшафот арқылы жазалады. Осылайша, мысалы, 1794 жылғы 20 маусымнан 27 шілдеге дейін Парижде 1366 адам өлтірілді. «Өлім жазасына қарсы» адам ретінде өзін көрсеткісі келген адам 1794 жылдың 28 шілдесінде өз өмірін де эшафотта аяқтады.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
1-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
«1789-1799 жылдарындағы Француз буржуазиялық революциясының негізгі оқиғалары» атты кестені қарастырыңыз.
Революцияның аталған сатыларының әрқайсысының негізгі оқиғаларын жазыңыз.
Революцияның бірінші кезеңі | Революцияның екінші кезеңі | Революцияның үшінші кезеңі | Революцияның төртінші кезеңі |
1789 ж. 14 шілде – 1792 ж. 10 тамыз | 1792 ж. 10 тамыз – 1793 ж. 2 маусым | 1793 ж. 2 маусым – 1794 ж. 27 шілде | 1794 ж. 27 шілде – 1799 ж. 10 қараша |
Революцияның басталуы. Конституциялық монархияның құрылуы | Якобиншілер мен жирондистердің текетірестігі | Якобиндік диктатура | Директорияның билігі, революцияның аяқталуы |
1. 2. 3. | 1. 2. 3. | 1. 2. 3. | 1. 2. 3. |
2-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.
Виктор Гюгоның сөзін оқыңыз. Оның айтқан сөздерін дәлелдейтін кем дегенде бес дәйек келтіріңіз:
«Француз революциясы... ойлауға еркіндік берді, ғасырды жандандырды, халық билігін орнатты. Адамзатқа екінші рет жан беріп, екінші рет жаратты деп те айтуға болады».
3-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Француз буржуазиялық революциясының себептерін саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани түрлеріне үлестіріңдер:
1) Феодалдық-абсолюттік жүйесінің дағдарысы2) Жер учаскелерді сатуға шектеу3) Дворяндар мен дінбасылардың артықшылықтары4) Ағартушылық идеяларын таралуы5) Корольдік биліктің шектелмеуі
6) Феодалдық алым-салықтар және шаруаларға артық алымдарды салу
7) Халықтың саяси құқықсыздығы
8) Америка Құрама Штаттарындағы Тәуелсіздік үшін соғысының ықпалы
9) Астықтың шықпай қалуы және 1787-1788 жылдарындағы аштық.
10) 1787 жылғы қаржы дағдарысы.
4-тапсырма. Оқу қабілетері жоғары оқушылар үшін.
Француз революциясымен байланысты сөйлемдердің мағынасын түсіндіріңіз:1. «Еркіндік, теңдік, бауырластық»
2. «Революция өз балаларын жояды»
3. «Ұлы қорқыныш»
4. «Варенналық дағдарыс»
Жауаптары:
- «Еркіндік, теңдік, бауырластық» - француз революциясының ұраны, солшыл саяси күштердің танымал ұраны. Бұл Франция мен Гаитидің ұлттық ұраны.
- «Революция өз балаларын жояды» - бұл Ұлы француз революциясының атақты қызметкері Жорж Жак Дантонның (1759-1744 жж.) өлім жазасы орындалу барысында айтқан сөздері. Ол өзінің бұрынғы жақын жолдастарының қолынан қаза тапқан көптеген құрбан болғандардың бірі. 1794 жылы якобиншілдер «ұлы террорға» бастама болған «Францияның жауларына қөмектесті» және «Халық жауы» деп айыпталған адамдарға қарсы бағытталған бірқатар жарлықтар жариялады. Революциялық трибуналдын алдында Ж. Дантон оның мүшелеріне күйініш сөздер айтты: «Мен өзім сіздердің зұлым трибуналдарыңды құрғаным - Құдай мен адамдар мені кешірсін!». Бұл сөйлемнің мағынасы: революциядан кейінгі оқиғалардың логикасы соншалықты, революционерлердің өздері арасындағы күрестің мүндетті түрде болатындығын және әдетте революция мемлекеттік биліктің шыңына әкелген тұлғалар бірінші болып қаза табады. Ж. Дантон басқа сөздері тарихта сақталды: «Батылдық, батылдық және тағы да батылдық!»; «Етігіңіздің табасында өздеріңіздің отаныңызды алып жүру мүмкін бе?».
- «Ұлы қорқыныш» - осы атаумен Францияда 1789 жылдың жазында жаппай орын алған құбылыс белгілі. Шілде айының екінші жартысында елдің әртүрлі аймақтарында бір мезгілде қарақшылардың үлкен топтары пайда болды деген жалған ақпарат тарады. Қарақшылар топтары қалаларды жойып, егіндерді өртеген деген әңгімелер тарады. Көптеген жағдайларда мұндай әңгімелер қарқын жылдамдықпен тарап, адамдар бұл қайыптың шын екеніне күмән келтірмеді. Ауылдар мен қалаларда бай адамдар тонаушылардан қорғануға дайындық жүргізді: қарулы топтар құрылды, патрульдер орнатылды; барлық жерлерде «қарақшылардың» келе жатқандығын өз көзімен көрген адамдар болды. Дүрбелең елдің көп бөлігіне таралды. Тек Францияның солтүстігіндегі, оңтүстігіндегі және ең шеткі батысында орналасқан бірнеше шағын аудандар ғана «ұлы қорқыныштан» тыс болды. Тамыздың соңына қарай дүрбелең пайда болғандай кенеттен тоқтады.
4. «Варенндық дағдарыс» - бұл 1791 жылғы 21 маусымда король мен королеваның Парижден қашуларына байланысты Францияда пайда болған саяси дағдарыс. Король XVI Людовик Монмеди деп аталатын шекаралас бекініске қашуды жоспарлады. Сол жерде монархист маркиз де Буйе өз әскерімен орналасты. Король Монмедиден контрреволюциялық әскерлердің басында Парижге шабуыл жасап, Заң шығарушы Ассамблеяны таратып, феодалдық-абсолюттік режимді қалпына келтіруді жоспарлады. Варенн деп аталатын жерде король мен королева ұсталып, Парижге қайтарылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды