Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, 5 САБАҒЫ
Бөлім: Ағартушылық идеяларының таралуы
Сабақтың тақырыбы: Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті?
Оқыту мақсаттары:
7.3.2.7 еуропалық революциялардың солтүстікамерикалық қоғамның дамуына ықпалын сипаттау;
7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;
7.3.1.1 - республикалық басқару құрылымның ерекшеліктерін анықтау
Тарихи концепт: себеп пен салдар
Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. Оқушыларды 3 топқа бөлу керек.
2. Оқушыларды жұмысқа ынталандыру мақсатында «БЫM» - бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Миға шабуыл мақсатында «Еркіндік мұнарасының» суреті беріледі.
Мүсін қалай аталады?
Неліктен бұлай аталады? Америкада қалай және неліктен пайда болды?
3. Жаңа тақырыпты проблемалық тапсырмадан бастаңыз. Оқушыларға 1776 жылы Британияға қарсы шыққан 13 Солтүстік Америка штаттарының картасын көрсетіңіз. Оқушылардан осы мәселенің мәнін ойлауды сұраңыз. Оқушыларға осы карта арқылы Англияның колониялары не себепті бас көтергенін түсіндіріп беруін сұраңыз. Оқушылар өздерінің болжамдарын жасағаннан кейін, ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер еткені туралы олар осы сабақта танысады
4. Содан кейін оқытушы сабақтың тақырыбын хабардар етеді, оқушыларға оқытудың мақсаттарын айтады, тарихи тұжырымдамамен және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылар алдағы сабақтың мақсаттарын түсінетініне көз жеткізіңіз.
5. Оқу мақсаты 7.3.2.7 еуропалық революциялардың солтүстікамерикалық қоғамның дамуына ықпалын сипаттау; Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мәтінді қолданып кестпені толтыруды сұраңыз
6. Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтайтын 7.2.3.2 оқу мақсатын жүзеге асыру үшін қосымша жұмыс жүргізілуде. Мұғалім ағартушылық дәуір идеяларының әсері туралы айтады
7. Жұптық жұмыс: Мәтінді қолданып оқушылар пирамиданы толтырады. Олар төмендеі құжаттарды пайдалануы мүмкін.
1.АҚШ тәуелсіздігінің декларациясы
2. АҚШ Конституциясы
3. АҚШ Конституциясына - «Құқық актісіне» 10 түзетулер енгізілді.
Оқушылар біренеше сұрақтарға жауап беруі керек: Не туралы, Ерекшеліктері, Орны мен уақыты, Басты оқиғалар, Басты тұлғалар, Сіздің эмоцияныз, 1- пунктке толықтыру, Оқыған туралы өз пікірініз
8. Топтық жұмыс :Қандай құжаттың үзіндісі?Біз, Америка Құрама Штаттарының өкілдері, бұл біріккен колониялардың құқығы бар және сол арқылы еркін және тәуелсіз мемлекеттер болуы тиіс деп халықтың атынан және өкілеттігін жариялаймыз. Осы уақыттан бастап олар Британ тәжіненің барлық бодандығынан босатылады ... Еркін және тәуелсіз Штаттар ретінде олар соғыс жариялайды, бейбітшілік орнатады, кәсіподақтарға кіреді, сауда жасайды және кез-келген тәуелсіз мемлекетке тән құқықтарға ие болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беруі керек.
- Мұнда қандай тарихи құжаттардың фрагменттері бар?
- Елді және құжатты қабылдау күнін көрсетіңіз
-Бұл құжаттың тарихтағы маңызы қандай?
9. Рефлексия. Оқушылардан өз пікірін білдіруін сұраңыз:
Қандай ой пайда болды? | Не сезіндім? | Не ұнады? | Не қиын болды? |
|
|
|
|
13. Үй тапсырмасы ретінде студенттерге осы тақырып бойынша қосымша оқу үшін сілтемелер тізімін ұсынуға болады:
Құрама Штаттардың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресінің кем дегенде үш себебін сипаттау
Дифференциация
Қабілеті жоғары студенттерге арналған тапсырма.
АҚШ-тың тәуелсіздік үшін күресі. Тәуелсіздік туралы декларациясын талдау
Мықты жақтары | Әлсіз жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіп-қатер |
Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма:
АҚШ Констициясын талдаңыз 7 баптан тұрады
АҚШ Конституциясы
Баптар | |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 |
Сабақтың қосымша теориялық материалы.
АҚШ Конституциясы
ХVІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка отар мемлекеттердің басқарылуы біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі
1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет
1775 жылы мамыр айында Екінші континентальды конгресс мәжілісі шақырылды.
1.2 1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы
1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық
1781 жылғы Конфедерацияның құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы штаттарда заң шығару
1787 жылғы АҚШ конституциясы бойынша үкімет органдарының жүйесі. 1787
Конституция 7 баптан тұрады
1-АҚШ Конгресі;
2-АҚШ Президенті;
3-АҚШ сот билігі;
4-штатпен федерацияның өзара қарым-қатынастары;
5-түзетулерді енгізу реті;
6-конституцияның жоғарғы приициптерін тағайындау;
7-Конституцияны бекіту реті.
АҚШ Конституциясы негізгі үш принципті бекітеді. Ең алдымен АҚШ
Әртүрлі міндеттерді іске асыру барысында үшеуіне де, түрлі басқарма
Конгресс президенттің заң ұсыныстарын кейінге қалдыруға, федералдық лауазымды қабылдауға,
Президентке берілген құкық-тыйым салу. Жоғарғы соттың сот қызметкерлері Президент
Конституцияның негізгі екінші принципі-федерализм, яғни, биліктің жоғарыдан төмен қарай
Конституцияның негізгі үшінші принципі Конституцияның үстемдігі. Конституция «елдің жоғарғы
АҚШ президенті атқарушы билікті басқарады, төрт жылға сайланады. Президент
Конституцияның бірінші бөлімінде барлық заң шығарушы құқықтар АҚШ Конгресіне
Конгресс баж салығын жинауға, төлеуге, акциз кеңілдікті төлеу, шетел
Конгресс кіріс салығын тағайындай алады.
Президент төрт жылға сайланады, ол атқарушы билікті басқарады. Президент
Сот органдары жергілікті және федералдық сот болып бөлінеді. Бұл конституцияда бірнеше негізгі принциптер бекітілген, олардың бірі-республикалық принципі.
АҚШ-тың тәуелсіздік үшін күресі. Тәуелсіздік туралы декларация
1775—1783 жылдардағы Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы Англиядағы үдерістердің заңды жалғасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай отарлар экономикалық жағынан өсті. Ендігі жерде олар метрополиядан жабдықталуына тәуелді болмады, өйткені оларда жекеменшік флот, ормандар және құнарлы жерлер көп болды. Халықтың саны өсті. Егер 1688 жылы онда 200 мың адам тұрса, 1775 жылы адамның саны 2,7 млн-ға жетті. Отарлар Англияның иелігінде болғанымен, мұнда Еуропаның барлық мемлекеттерінен эмигранттар ағылды. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші портты қалалардың — Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор — өсуі болды. Отарлық колледждер негізінде белгілі америка университеттері — Гарвард, Принстон, Колумбия, т.б. ашылды.
Отарлар тәуелсіздік жолындағы күрес үшін пісіп-жетілді. Бірақ Ұлыбритания метрополияның отарларда кәсіпкерлік еркіндігін шектеп, оларды өз мүдделеріне бағындыру саясаты тәуелсіздік үшін соғыстың экономикалық алғышарттарын тудырды.
XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бірнеше парламент актілері жарық көрді. Оларда басқа теңіз державаларымен еркін сауда жасауға, отарларда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға тыйым салынды.
1763 жылғы заң өз еркімен батысқа қоныс аударуға тыйым салды. Бұл заң қоныс аударушыларды корольдың жер монополиясының белгілі әкімшілік шекарасында ұстауға тырысты. Отарлық империяның басқару аппаратын қаржыландыру үшін 1764 жылы бірқатар тауарларға жаңа кедендік салықтар енгізілді. 1765 жылы тұрақты әскер ұстау үшін 10 мың солдатты Америкада пәтерге орналастыру қарастырылды. Ал шығындарды жабу мақсатында осы жылы гербтік салық туралы акт қабылданды. Бұл актінің парламентте қабылдануы отарларда наразылық тудырды.
Осы кезде феодалдар билігіне қарсы аграрлық қозғалыс күшейді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында партизан соғысы өріс алды. Тәуелсіздік үшін күрескерлердің негізгі бөлігі фермерлер мен ауыл тұрғындары болды.
Гербтік салық жаңа кедендік салықтармен ауыстырылды, бірақ бұл отарларға тыныштық әкелген жоқ. 1773 жылы 5 наурызда Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалды. Ағылшын тауарларына бойкот тактикасы қолданыла бастады. Белсенді күрескерлердің бірі Сэмюэл Адамс үндістерше киінген отар тұрғындары тобын басқарып, 1773 жылы ағылшын шайы тиелген кеме жүгін теңізге лақтырды. Бұл оқиға “Бостондағы шай ішу” деген атпен тарихта қалды.
Англия әкімшілік шаралар арқылы қысымды күшейте түсті. Бостон портын жауып, америкалық солтүстік-батысты өзінің Квебек провинциясына қосып алды. Осындай “төзімсіз актілерге” қарсы бой көтерулер күшейе түсті. 1774 жылы Филадельфияда тұңғыш Құрлықтық конгресс жиналды. Қабылданған “Құқықтар декларациясында” отарлардың өзін-өзі басқару құқығы туралы айтылды. Бұл әлі де тәуелсіздіктің жариялануы емес еді, ел оның табалдырығында тұрды.
Соғыс 1775 жылы сәуірдің 19-ында бірден басталып кетті. Америкадағы ағылшындардың бас қолбасшысы генерал Гейдж қару-жарақ қоймасын басып алу жөнінде бұйрық бергеннен кейін, қаруланған фермерлер оның жіберген полкіне қарсы соғыс ашты. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғашқы шайқасы патриоттық күштер үшін сәтті болды.
1775 жылы мамырда жиналған Екінші құрлықтық конгресс америка өкіметіне айналды. Америка тұрақты армиясын виргиниялық ірі плантатор әрі тәжірибелі әскери адам Джордж Вашиңгтон басқарды.
1776 жылы шілденің 4-інде Томас Джефферсон (америкалық ағартушы, демократиялық бағыт идеологі, кейін АҚШ-тың үшінші президенті болып сайланған) құрастырған “Тәуелсіздік декларациясы” қабылданды. Тарихта тұңғыш рет мемлекеттік құжат мемлекеттік құрылыстың негізі ретінде халық егемендігі принципін жариялады. Декларация ағылшын королі мең парламентін озбырлық әрекеттері мең адам құқығын бұзғаңдығы үшін айыптап, бұдан былай отарлар “соғыс жариялауға, бітім жасауға, одаққа енуге, сауда жасауға жәңе кез келген актілер мен әрекеттерді жүзеге асыруға толық құқықты” екеңдігін мәлімдеді.
Джефферсон адамның табиғи жәңе туа біткен құқықтары туралы айта келіп, Жан-Жак Руссо сияқты меншікті табиғи емес, азаматтық құқыққа жатқызды.
Тәуелсіздік идеясын америкалықтар түгел қолдаған жоқ. Экономикалық, саяси жәңе басқа да себептер бойынша ләнд- лордтар, король шеңеуніктері, саудагерлердің басым бөлігі Англиядан бөлінуді қаламады. Оларды лоялистер деп атады.
Сауда жәңе кәсіпкерлер еркіндігін жақтаушы плантация иелері, американ көпестерінің көпшілігі патриоттарға жатты. Олар тәуелсіздік ісіне қаржылай көмек көрсетіп отырды. Бостондық көпес-контрабандашылардың “королі” Джон Хэнкок “Тәуелсіздік декларациясына” қолын бірінші болып қойды. Патриоттардың жетекшілері жас саясаткерлер еді. Демократиялық сенімінің күшіне қарай қарапайым адамдардың көпшілігі тәуелсіздікті қолдады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?