Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, 5.3 САБАҒЫ
III бөлім: Ағартушылық идеяларының таралуы
Сабақтың тақырыбы: Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті?
Оқу мақсаттары:
7.2.1.1 - қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау;
7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау Тарихи концепт: себеп пен салдар
Сабақ тақырыбы бойынша қосымша теориялық материалдар
Мәтін «Ағартушылық идеялары
және Солтүстік Америкадағы революция»
Солтүстік Америкадағы оқиғалар ағартушылық идеялардың революциялық жолымен іске асырудағы алғашқы қадам болды. Халық өздерінің табиғи құқықтарын қорғап, тиранияға қарсы көтерілді.
Көп ұзамай Ж. Вашингтонның (1732-1799 жж.) басшылығымен әскерге ұйымдастырылған отарлардың қарулы жасақтары британдық әскерге қарсы әрекеттер жүргізе бастады. 1776 жылы барлық 13 отарларға ортақ үкіметі болған Континенттік конгресс Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясын қабылдады. Оның авторы - ағартушылық және демократия идеяларының жақтаушысы Томас Джефферсон және Америка Құрама Штаттарының болашақ президенті Дж. Адамс болды.
Декларацияда жарияланды: «Барлық адамдар тең құқылы және Жаратушының берген өміріне, еркіндікке және бақытқа ұмтылуына байланысты ыжырастырылмайтын құқықтармен қамтамасыз етіледі. Осы құқықтарды қамтамасыз ету үшін адамдар арасынан Үкіметтің өкілдері таңдалып алынды. Егер осы үкімет нысаны зиянды болса, адамдар оны түзете алады, тіпті оны толығымен жойып, оны жаңадан құра алады...”. Іс жүзінде алғаш рет француз ағартушылары жариялаған халықтың суверенитеті мен адамның табиғи құқықтарын қорғау қағидалары орындалды.
Англия әскери жеңіліске ұшырағаннан кейін Америка Құрама Штаттарының егемендігін мойындады. Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі үшін соғыс АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы бейбітшілік туралы келісімге қол қойылған кезі - 1783 жылға дейін жалғасты.
Американдықтардың алдында жаңа және күрделі мәселе туындады: жас мемлекеттің негізін қалау. Басынан бастап ол заңдылықты үстемдік ететін, барлығы заңға бағынатын құқықтық мемлекет болып құрылды.
1787 жылы АҚШ Конституциясы әзірленді, ол бүгінгі күнге дейін өз күшін жоғалтпады. Кей»н АҚШ-тың конституциясының маңызды бөлігі болып саналатын Құқықтар туралы Билль қабылданды.
Солтүстік Америка отарларының 1776-1783 жылдардағы тәуелсіздік үшін соғысы бойынша статистикалық мәліметтер
АҚШ-тың әскери ресурстары | Англияның әскери ресурстары |
27 000 американдық жауынгерлер | 15 200 ағылшын сарбаздары |
250 000 әскери құрылымдар | 50 000 лоялистер |
5 000 қара нәсілді американдықтар | 20 000 қара нәсілді американдықтар |
13 500 француздар | 30 000 немістер (Гессен армиясы) |
8 000 испандықтар | 13 000 үндістер |
13 000 үнділер | |
30 000 - 40 000 фрегат және шағын кемелер | 100 фрегат және шағын кемелер |
Соғыс шығыны | |
8 000 қаза тапты | 8 000 қаза тапты |
17 000 аурудан қайтыс болды | 17 000 аурудан қайтыс болды |
25 000 жарақат алды | 24 000 жарақат алды |
Дифференциация
1-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Мемлекеттік жүйе елді басқару формасы арқылы сипатталады. Ел басқарудың екі түрі бар: республикалық және монархиялық. Республика - жоғары заң шығарушы билік сайланған өкілді органға (парламентке) және атқарушы билік мемлекеттік органдарға жүктелетін билік формасы. Әлемнің барлық елдерінен 140-тан астам мемлекет республика болып табылады.
Президенттік республикаларда билік басшысы - үлкен билікке ие президент сайланады, ол үкімет пен парламентке жетекшілік етеді. Ал парламенттік республикада басты билік органы президент емес, үкімет басшысы болып табылады. Президенттік республикалар: АҚШ, Бразилия, Аргентина, Ресей және т.б. Парламенттік республикалар - Германия, Италия, Үндістан, Израиль және т.б. Социалистік республикалар: Қытай, Куба, Солтүстік Корея, Вьетнам.
Монархиялық басқару формасы әлемде аз таралған. Монархиялар 30 елде сақталған. Монархия - мемлекет басшысы император, патша, сұлтан, әмір, ханзада, герцог және т.б. саналатын биліктің түрі. Жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріледі.
Монархиялар үш түрге бөлінеді:
Конституциялықмонархия | Абсолюттік монархия | Теократиялық монархия |
Монарх «билік етеді», бірақ елді басқармайды | Монархтың билігі шектеусіз | Монарх шіркеудің басшысы және мемлекеттің де басшысы болып табылады |
Мемлекеттік биліктің сирек кездесетін түрі - Достастық құрамындағы мемлекеттер. Мұндай елдер 15-ге тең. Мемлекеттің ресми басшысы - Ұлыбританияның королевасы саналады, ал оның өкілі - генерал-губернатор. Бұл елдер (Австралия, Жаңа Зеландия, Канада) Ұлыбританияның бұрынғы доминиондар болып табылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінің ерекше түрі - Социалистік халықтық Ливиялық Араб Джамахириясы.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Республика дегеніміз не?
2. Монархия дегеніміз не?
3. Республикалық басқару форманың түрлері қандай? (Президенттік және Парламенттік Республикалар)
4. Монархиялардың мысалдарын келтіріңдер.
5. Республикалардың мысалдарын келтіріңдер.
6. Монархиялық басқару формасының түрлерін атаңыз. (Абсолюттік, конституциялық, теократиялық)
7. Ватикан биліктің қай түріне жатады? (Теократиялық монархия)
8. Ливияда қандай ерекше басқару жүйенің формасы қалыптасты? (Джамахирия)
9. Достастық дегеніміз не?
10. Еуропаның қазіргі заманға монархияларын атаңдар.
14. Әлемдегі абсолюттік монархияларды атаңдар.
15. Мемлекетті басқарудың қандай түрінде мемлекеттік басшысы генерал- губернатор болып табылады? (Достастықта)
2-тапсырма. Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма.
Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы ағылшын отарларының экономикалық айырмашылықтарын сипаттаңдар:
Солтүстік отарлар | Оңтүстік отарлар | |
Жерді кім иеленді? | ||
Бұл жерлерде кім жұмыс істеді? | ||
Өнеркәсіп және сауда қалай дамыды? |
3-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Егер тұжырымдама ақиқат болса, оны «А» әріпті жасасыз, егер жалған болса - «Ж» әрібін жазасыңдар.
- Солтүстік Америкадағы феодализм түпкілікті орныға алмады - Ақиқат
- Солтүстік Америкада монархия – билік формасы құрылды – Жалған
- Құрама Штаттардың бірінші президенті Томас Джефферсон болды – Жалған
- 1782 жылы Венгрияда АҚШ пен Ұлыбритания алдын ала бейбітшілік шартына қол қойды - ақиқат
- 1775 жылы мамыр айында жиналған Екінші Континентальдық конгресс американдық үкіметке айналды - ақиқат
- Англиядан бөлінгісі келмегендер лоялистер деп аталды -ақиқат
4-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тест:
1. АҚШ-та бірыңғай ақша жүйсін енгізген президент:
A) Д.Вашингтон
Б) Д.Мэдисон
C) Т. Джефферсон
D) У.Гаррисон
E) Э.Джонсон
2. XIX ғасырдағы Америка экономикасының «патшасы» деп аталды:
А) Темекі
С) Шай
Е) Текстиль
В) Күріш
Д) Мақта
3. Мақта тазарту машинасын ойлап тапқан американдық:
А) Мэдисон
С) Эли Уитни
Е) Гамильтон
В) Франклин
Д) Карнеги
4. АҚШ-тағы гомстед - бұл:
A) Солтүстіктің әскерінің сарбазыB) Оңтүстік әскерінің сарбазыC) Діни рәсіміD) Құлдың атауыE) Жер учаскесі
5. XVIII ғасырда АҚШ-тың мемлекеттік басқару жүйесі болды:
А) Аристократиялық республика
B) Парламенттік монархия
C) Демократиялық Республикасы
D) Конституциялық монархия
E) Протекторат
6. XVIII ғасырда Құрама Штаттардың оңтүстік штаттарының өзгешеліктері:
A) Сауданың дамығаны
B) Шағын жерді иелену
C) Көптеген құлдардың болуы
D) Ферма шаруашылығының дамуы
E) Мануфактуралық өндірістің дамуы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?