Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

1-бөлім. Жаңа заманның басталуы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті

Оқу мақсаттары

7.4.1.1 - себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру;

7.1.1.2 - мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау;

7.4.1.2 - Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау;

7.4.2.2 - қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау

 Сабақ мақсаты

Өнеркәсіп төңкерісінің Англия мен Европаға ықпалын анықтау

 Бағалау

 критерийлері

-Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру

-Мануфактуралармен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысын анықтау

-Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау

- қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің айырмашылығын анықтау

 Тілдік дағдылар

Оқушылар:

- зерттеу жұмысын жүргізу барысында жұпта жұмыс жасайды және өнеркәсіп төңкерісі кезеңіндегі ашылған жаңалықтарды жазып алады, сонымен қатар өзіндік зерттеудің нәтижелерін сыныпқа ауызша таныстырылым жасайды( оқылым , жазылым, айтылым, тыңдалым)

Пәндік лексика және терминология:

Өнеркәсіп төңкерісі, буржуазиялық революция, фабрика жүйесі, жүйе, шойын, паровоз, тоқыма фабрикасы, текстиль фабрикасы, тоқыма машинасы, тоқыма станогі, ұршық, бу қозғалтқышы, пароход, темір жол, табыс,капитал.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Сурет көрсетіп түрғандай

Маңызды болды....

Айтарлықтай, өйткені…

Дегенмен бірақ.....

Мен солай ойлаймын....

Менің ойымша ең басты жетістігі...

мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....

Айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын...

 Сабақта қамтылатын

 құндылықтар

 

 

Өткенге құрметпен қарау, топтық жұмыста қарым-қатынас, академиялық шыншылдық

 Пәнаралық байланыс

Экономика, қазақ тілі, сурет сабақтарымен байланысы көрініс табады

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың есіне 6-сыныпта өткен : сауданың дамуы, мануфактура өндірісі, VIII бөлімдегі «Сауда,қолөнер және жаңа жерлерді игеру» тақырыбын мысалға ала отырып европалықтардың отарлық саясаты және жаңа жерледі игеруі туралы. Сонымен қатар У. Тайлердің бастауымен болған Англиядағы көтеріліс салдары жұмысшы табының қалыптасуына әсер етуін.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығы

Ой шақыру.

Оқушылармен «Неліктен Ұлыбританиядағы Айронбридж әлемдік мұра нысаны болып табылады ?» талқылаңыз

Оқушылар зерттеу тақырыбын жазып алады, тақырыпқа байланысты сабақтың мақсатын, оқу мақсатын және бағалау критерйилерін анықтайды.

Оқушылармен өзгеріс және сабақтастық тарихи концептін талқылаңыз.

Оқушыларға ХІХ ғасырдың басындағы Колбрукдейл(Айронбридж орналасқан жер) суретін көрсетіңіз. Оқушыларға ойларына келген ассоциацияларды айтуын сұраңыз.

Презентация

1-Слайд

2-3 Слайд

4- Слайд

5-Слайд

Сабақтың ортасы

25 минут

Оқушыларға ескі және жаңа заман фотоларында тұрған бір кездерде британия өнеркәсіп төңкерісінің нысаны болған ең маңызды жер екендігін түсіндіріңіз.

Мұғалім әрекеті: оқушыларға шойын көпірдің фотосын көрсетіңіз. Сонымен қатар ол көпірдің 1779 жылы өнеркәсіпші Абрахам Дерби салдырғанын және оның отбасының шойын өндірісінде көмірді отын ретінде қолданып өндіргенін түсіндіріңіз.

Сондай ақ 1986 жылы БҰҰ Айронбриджді Дүниежүзі мәдени нысандар тізіміне енгендігін айтыңыз.

Оқушылармен тарихи маңыздылық критерийлерін талқылаңыз.

(Т) Оқушыларға көпірдің толық тарихи сипатамасымен карточкалар комплектісін беріңіз.

(Т) Оқушылар топта карточкаларды оқиды және критерийлерге сәкес анықтап топтастырады

С) Оқушылар тақырыптарға комментарилар жасайды

(Т) Топтар өз карточкаларын тақырыптар тұсына қояды(бұл жұмысты үлкен қағазға әр тақырыпшаға арнайы колонналар жасап өткізуге болады)

(Т) Топтар өздерінің пікірлері бойынша тақырыптарға мүлдем сәйкес келмейтін мәліметті артық деп тапса карточканы бөлек алып қояды .

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Ресурс 1

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар карточкалады қалай және неліктен осылай реттеп орналастырғандықтарын түсіндіреді.

(Т) Топтар өздерінің пікірлерінше Айронбридж неліктен әлемдік мәдени мұраларының нысанына ең лайықты деп тапқан дәлелдерін анықтайды.

(К) Сұрақты талқылау: Неліктен бүкіл Англия, кейінрек Европаның барлық аймақтарында көптеп осындай көпірлер салына бастады? неліктен кәсіпкерлер өнертапқыштарға көптеп қаржы жұмсай бастады?

Үй жұмысы «18 ғасырдың техника мен өнеркәсіптегі жаңалықтары мен жетістіктері» кестесін толтыру.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылардың жұптық жұмыста бір біріне қолдау жасауы

Келесі оқу мақсаттары бойынша фоомативтік бағалау

7.4.2.3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану;

7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану;

7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау

Видео көрсету барысында техника қауіпсіздігін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу