Курсқа кіріспе. Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 1.3.

І бөлім. Қазіргі заманның басталуы

Сабақ тақырыбы: XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды?

Оқу мақсаттары:

7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» /пролетариат/ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану;

7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау

Тарихи концепт: маңыздылық

 

Сабақтың өзара байланыс компоненттері

 

  •   Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардын жұмысқа қолайлы психологиялық көзқараста болуын қамтамасыз ету маңызды.

 Қажет болса, кішігірім жаттығуларды ұйымдастырыңыз, мысалы: «Үш ұқсастық, бір бірегейлік». Оқушылар 5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Олар бір-бірімен сөйлесіп, олардың барлығына ортақ 3 нәрсе бар екенін анықтайды (мысалы, 8-сыныпта оқиды, А. қаласында тұрады, барлығы бір жылы туылды және т.б.) және бұл топтың әрқайсысының қасиеті, хоббие, тағы басқа бірегейліктерін анықтайды.

 Бөлінген уақыттың соңында топтар өздерінің талқылауының нәтижесімен сыныпты таныстырады. Оқушылар сыныптастары туралы жаңа мәлімет біледі, оқушылар бір-біріне құрметпен қарауды үйренеді.

 Бұл жаттығу оқушыларға «мұнда және қазір» сәттке назар аударуға мүмкіндік береді және сыныпта жағымды психологиялық микроклимат қалыптасады.

  •  Оқушыларды тақырыпты зерттеуге ынталандыру мақсатында «БЫM»-бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Оқушылардан 7-сыныпта өтілген Дүниежүзілік тарихы сабағынан алған материалды еске түсіруді сұраңыз: «Неліктен I Карл абсолютті монарх бола алмады және ол неліктен өзінің құзырындағы азаматтардын қолынаң каза тапты?».

 Оқушыларды ағылшын королінің өмірінің қайғылы аяқталуына әкелген объективті және субъективті факторларды еске түсірулерін сұраңыз.

 Оқушылардың жауаптары:

  •  Король I Карл Стюарт өте менменшіл адам болды және ол мемлекеттік лауазымына керекті адамдарды таңдай алмады.
  •  Король католиктік әйелеге үйленіп, Англиядағы Реформация қолдаушылардың пуритандардың - наразылығын тудырды.
  •  Англияда парламент XIII ғасырда пайда болды және өте сирек жиналғанына қарамастан, қоғам өміріне үлкен ықпал етті.
  •  Елде дамып келе жатқан капиталистік қатынастар мен бұрынғы феодалдық-абсолюттік тәртіппер арасындағы қарама қайшылықтар корольдің билігін әлсіретті.

 Қажет болған жағдайда мұғалім оқушылардың жауаптарын қосымша сұрақтар қою арқылы анықтайды және толықтырады, қажетті көрнекілерді пайдаланады, мысалы, 1649 жылы 30 қаңтарда корольді жазалау барысына арналған суреттерді көрсетеді. Англияда 1640-1689 жылдардағы Еуропадағы алғашқы адамзат тарихындағы жаңа кезеңінің басталуын – феодализмнің капитализмге өтуге бастама болған буржуазиялық революция болғаның оқушыларға түсіндіріңіз.

  •  Бұдан кейін мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсінгендеріне көз жеткізіңіз.

 4. 7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» /пролетариат/ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану» оқу мақсатына жету үшін терминдермен жұмыс ұйымдастырыңыз.

 Оқушыларға осы терминдерді сипаттайтын иллюстрациялар көрсетіп, олардан осы терминдердің анықтамаларын құрастыруды сұраңыз. Содан кейін терминдердің дұрыс анықтамалары жазылған слайдтарды көрсетіңіз.

 Оқушылар өз жұмыстарын берілген ғылыми анықтамалармен салыстырады, келесі дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады:

 - оқушы иллюстрацияларды пайдаланып, жаңа терминдердің мазмұнын анықтайды,

 - оқушы өзінің анықтамасын терминнің ғылыми тұжырымдамасымен байланыстырып, оның мазмұнын анықтады,

  - оқушы өзін-өзі бағалау процесінде академиялық адалдықты танытады.

 5. Бұдан кейін 7.3.2.1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау оқу мақсатына жету үшін, жұмыс жүргізіледі. Мұғалім Ағылшын буржуазиялық революцияның себептері, негізгі оқиғалары және нәтижелері туралы бейнероликті көрсетеді. Қарап болғаннан кейін, оқушылармен келесі сұрақты талқылаңыз: «Бұл революция неліктен бұржуазиялық революция деп аталады? ”

 Оқушылардың жауаптары:

 - Англиядағы революция - бұл революцияның жетекшілері Оливер Кромвель бастаған «жаңа дворяндар» табының өкілдері болғандықтан, буржуазиялық революция деп аталады. Олар Англияда өнеркөсіп саласын дамытуға ұмтылған жаңа әлеуметтік табының - буржуазияның немесе капиталистердің өкілдері болды. Революцияның буржуазиялық деп аталуы оның нәтижесі буржуазияны саяси билікке қол жеткізді. Англияда конституциялық монархия құрылды. Бұл корольдің енді сайланған парламентке бағынатынын білрідері. Парламенттің депутаттарының басым көпшілігі енді дворяндар емес, буржуазия табының өкілдері болатын болды. Англиядағы XVII ғасырдың ортасындағы революция елдегі капиталистік әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына ықпал етті.

 6. Оқулық мәтінімен жұптық жұмыс. Оқушылар оқулықта революцияның салдарына арналған мәтінді оқып, Т-кестені толтырады:

 

Революцияның салдары

Бұл салдар әлеуметтік табының қайсысына қолайлы болды?

 

 Тапсырма дескрипторлары:

 - оқушы революцияның салдарын дұрыс анықтады,

 - оқушы революцияның салдары қандай әлеуметтік таптарына қолайлы болғанын дұрыс анықтайды,

 - оқушы мәтіннен қажетті ақпаратты таңдай алады,

 - оқушы өз пікірін жұпта үйлестіре алады.

 

 Кестені толтыру үгісі:

Революцияның салдары

Бұл салдар әлеуметтік табының қайсысына қолайлы болды?

Билікке буржуазия мен жаңа дворяндардың өкілдері келді

Буржуазия мен жаңа дворяндарға

Англияда абсолютті монархия шектеулі немесе конституциялық монархиямен ауыстырылды

Буржуазияға

Елдегі парламенттің позициясы мен беделі нығайтылды

Буржуазия және феодалдық ақсүйектердің жоғарғы табы

Корольдің билігі және король тағайындайтын лордтар палатасы сақталды

Феодалдық ақсүйектердің жоғарғы табы

Англияның капиталистік дамуындағы кедергілер жойылды

Қоғамның барлық салалары үшін қолайлы болды, себебі бұл елдің экономикалық дамуын жеделдетілуіне ықпал етті.

 

 Оқушылар бұл революция жаңадан қалыптасқан буржуазия табына өте қолайлы болғаны туралы қорытындыға келеді.

 

 7. Сабақтың рефлекциясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту «Ойлаудың 6 қалпағы» атты стратегиясын қолданыңыз. Оқушылар слайдта көрсетілген түсті түсті қалпақтардың біреуін кигендерін елестеді, олардың мазмұндарымен танысады:

 - Ақ қалпақ - фактілер. Менде қандай ақпарат бар? Тек үйренгендеріңіз туралы айтып беріңіз.

 - Қара қалпақ – негативті жақтар. Қандай жағымсыз нәрселер бар? Қандай мәселелер туындап тұр? Маған не ұнамайды? Негативті жақтарын сипаттаңдар.

 - Қызыл қалпақ - интуиция. Менің инстинктивті реакциям қандай болды? Менің инститингтерім нені білдіреді? Өз эмоцияларыңызды сипаттаңыз.

 - Сары қалпақ – Позитивті жақтары. Оң жақтары қандай? Қандай артықшылықтары бар? Маған не ұнады? Оң жақтарды сипаттаңыз.

 - Жасыл қалпақ – Креатив. Менде қандай идеялар бар? Мен қандай баламалармен келуге болады? Барлық жаңа және қызықты сипаттаңыз.

 - Көк қалпақЖалпылау. Философ. Мен нені аштым? Не әлі анықталған жоқ? Оны қалай анықтай аламын? Мен барлық қалпақтарды киім көрдім бе? Жалпы қорытындыны сипаттаңдар.

 Кейбір оқушылардан олар қандай қалпақты таңдағандарын сұраңыз, және олар қалпатың мазмұнына байланысты сабақта өткен тақырып бойынша не айтуға болатынын сұраңыз.

 

 8. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға Ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі қайраткері - Оливер Кромвель туралы қысқаша ауызша баяндама дайындауды сұраңыз.

 

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

 

 1-й тапсырма. Көптеген оқушыларға арналған тапсырма.

 Төменде көрсетілген Ағылшын буржуазиялық революциясының себептерін саяси, экономикалық және әлеуметтік түрлеріне бөліңіз:

 Қоршау ұрдісі. Цензураны күшейту. Монополиялық сауда. I Карлдың парламентті таратуы. Парламенттің рұқсатысыз корольдің жаңа алым-салықтарды енгізуі. Пуритандарды қудалау. Баға өсімі. Корольдің сәтсіз сыртқы саясаты. Корольдің белгілі тауарларды өндіруге және сатуға байланысты монополиясының болуы. I Карлдың католиктік әйелге үйленуі. Эмиграцияның күшеюі. Қазынаны ұрлаушылық. Заңсыз төлемдер. Сауда мен өнеркәсіптің құлдырауы. Король мен парламенттің қарсыласуы. Билік басындағы әулеттің өзгеруі.

 Тапсырманы орындау нұсқасы:

Саяси себептер

Экономикалық себептер

Саяси себептер

Цензураны күшейту. I Карлдің парламентті таратуы. Корольдің сәтсіз сыртқы саясаты. Қазынашылық. Король мен парламенттің қарсыласуы. Билік басындағы әулеттің өзгеруі.

Қоршау ұрдісі. Монополиялық сауда. Баға өсімі. Корольдің белгілі тауарларды өндіруге және сатуға байланысты монополиясының болуы.

Эмиграцияның күшеюі. Қазынаны ұрлаушылық. Сауда мен өнеркәсіптің құлдырауы.

Парламенттің рұқсатысыз корольдің жаңа алым-салықтарды енгізуі. Пуритандарды қудалау.

. I Карлдың католиктік әйелге үйленуі. Заңсыз төлемдер.

 2-й тапсырма. Ең қабілетті оқушыларға арналған тапсырма.

 Революцияның ең маңызды себебін анықтаңыз. Өзіңіздің пікіріңізді дәлелдеңдер. Революцияның ең маңызды емес себебін анықтаңыз. Өздеріңіздің пікіріңізді дәлелдеңдер.

 3-й тапсырма. Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма.

 Зерттелген «XVII-ғасырдың ортасында Ағылшын буржуазиялық революциясының салдары» атты тақырыптың материалын пайдаланып, кестені толтырыңыз.

 

Саяси салдары

Экономикалық салдары

Саяси салдары

1.

2.

3.

1.

2.

3.

1.

2.

3.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу