Курсқа кіріспе. Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі: Жаңа заманның басталуы | Мектеп: | ||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 7 | Қатысқаны: | Қатыспағаны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Курсқа кіріспе | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.4.2.3 - дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану | ||||||
Сабақ мақсаты | - «жаңа заман» ұғымының түсінігін білу; - «жаңа заман» кезеңінің хронологиялық шегін білу; - орта ғасыр кезеңімен салыстыра отырып, жаңа заманның сипаттық белгілерін анықтау; - адамзаттың дамуы барысындағы өзгерістерді сипаттау мақсатында «Жаңа заман» ұғымын XVII ғасырдың ортасынан бастап қолдану. | ||||||
Бағалау критерийлері | - дүниежүзі тарихының хронологиясы мен ерекшеліктеріне сүйене отырып кезеңдерін сипаттайды; - жаңа заман кезеңіндегі қоғамның негізгі ерекшеліктерін анықтайды; - дүниежүзілік тарихи үдерісті сипаттау үшін «жаңа заман» және «модернизация» ұғымдарын қолданады. | ||||||
Тілдік дағдылар
| Тыңдалым: мұғалімнің түсіндірулері мен сыныптастарының жауаптарын тыңдау. Оқылым: терминдердің, ақпараттық мәтіндердің, карточкалар анықтамаларымен жұмыс. Жазылым: оқушылар сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап береді. Айтылым: жұптық және топтық бірлескен талқылау, сондай-ақ сұрақтарға ұсынылған жауаптарды талқылау, ақпараттық мәтін мазмұнындағы кестелермен жұмыс барысында. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жаңа заман, модернизация, индустрияға дейінгі қоғам, индустриалды қоғам Айтылым мен жазылымға пайдалы тіркестер: «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқудың маңыздылығы сонда, ол ....... Жаңа заман – бұл ..... дүниежүзі тарихының кезеңі. Модернизация – бұл ... бастап .... ауысу үдерісі. Индустрияға дейінгі қоғам – бұл … Индустриалды қоғам – бұл … | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тақырып бойынша қызығушылықты оқыту арқылы өмір бойы оқыту; жұптармен және топтармен жұмыс істеу кезінде қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ ынтымақтастық дағдылары. Құндылықтарды дарыту қызығушылықты ояту арқылы жүзеге асырылады; топтарда талқылау, өзара және өзін-өзі бағалау; диалог жүргізу.
| ||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы (әлем тарихын кезеңдерге бөлу, Қазақстандағы және өзге аймақтардағы жаңа заманның ерекшеліктері). Пәнаралық кіріктіру кезеңге бөлу кестесімен жұмыс жүргізуде, Қазақстан территориясындағы тарихи кезеңдер туралы білімді өзектендіруде, индустрияға дейінгі және индустрия қоғамының шегін анықтауда көрініс табады.
| ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар алдыңғы білімнен дүниежүзі тарихының ежелгі әлем дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін бірізді кезеңдерге бөлінетіндігін біледі. Оқушылар индустрияға дейінгі өркениеттің ерекшеліктерін біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-2 мин. 2-5 мин. 5-10 мин. 10-13 мин. | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жаттығу. (С) Оқушылармен бірге дүниежүзі тарихын оқытудың мақсатын талқылаңыз, бүгінгі таңда тарихи фактілерді және тарихи ойлау дағдыларын дамытудың маңызды екеніне басымдық беріңіз. Олардан былтырғы оқу жылында қандай дағдыларды игергендігін санамалап айтып беруін сұраңыз. Тарихи концептілердің атауларын беріңіз: өзгеріс және сабақтастық, себеп пен салдар, маңыздылық, дәлел, интерпретация, ұқсастық пен айырмашылық. Оқушыларға осы концептілердің мазмұнын түсіндіруді ұсыныңыз, концептілерге қолданылған мысалдарды келтіруді сұраңыз. (БЫМ) Оқушыларға кезеңдерге бөлінген уақыт тізбегін ұсыныңыз. Олармен бірге мына сұрақтарды талқылаңыз: - Сіздер әлем тарихының қандай кезеңдерін бұған дейін оқыдыңыздар? - Әлем тарихының қай кезеңі «жаңа заман» деп аталады? - Неге бұл кезеңге осылай аталды деп ойлайсыздар? Оқушылардың ұсынған жауаптарын түзетусіз және бағаламай қабылдаңыз, тыңдап шығыңыз. Оқушыларға осы оқу жылында 300 жылға созылатын кезеңнің оқылатындығын түсіндіріңіз. Уақыт тізбегінде осы кезеңнің хронологиялық шегін белгілеңіз (Қосымша 1). Оқушыларға әрбір кезеңнің әртүрлі уақыттарын түсіндіруді сұрап, «өзгеріс және сабақтастық» концептісіне басымдық бере отырып олардың ұсынған жауаптарын тұтастандырыңыз. Олардың талқылауын аз уақытты қамтығанына қарамастан аталмыш кезең адамзаттың кейінгі дамуына біршама ықпал еткен уақыт болып танылатындығы туралы қорытынды шығаруға бағыттаңыз. «Маңыздылық» тарихи концептісінің тақырыбын, оқыту мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылаңыз. Оқыту мақсаты мен тақырыптың негізінде сабақ мақсатын шығарыңыз. | Уақыт тізбегі көрсетілген слайд | |||||
Сабақтың ортасы 13-18 мин. 18-23 мин. 23-30 мин. 30-35 мин. | (Т) Суреттермен жұмыс. Оқушыларға суреттерді екі топқа, яғни «индустрияға дейінгі қоғам» және «индустрия қоғамы» деген түсініктерге сәйкес суреттерді ажыратуға ұсыныңыз. Осы тапсырманың нәтижесін талқылаңыз. Кейін осы ұғымдардың анықтамасын құрап, жазып шығуын тапсырыңыз. (С) «Модернизация» ұғымының мазмұнын және оның алдыңғы түсініктермен байланысын түсіндіріңіз. Слайд арқылы оқушылардың өз жазған жауаптарын бағалауы үшін осы түсініктердің академиялық анықтамасын шығарып қойыңыз. Тапсырмаға арналған дескрипторлар: - оқушылар 3-тен кем емес терминнің анықтамасын дұрыс құрай алады; - оқушылар 3 жаңа терминнің мағынасын түсіндіре алады. Модернизация – барлық салада индустрияға дейінгі (дәстүрлі) қоғамның индустриалды қоғамға айналуы жүзеге асатын ұзақ және күрделі өзгерістердің үдерісі. Индустрияға дейінгі немесе дәстүрлі қоғам – адамдардың басты кәсібі ауыл шаруашылығы (егін және мал шаруашылығы) болып табылатын, ғасырлар бойғы ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып табиғатпен етене байланыс орнатқан қоғам. Мұндай қоғамда адамдардың көпшілігі ауылдық жерлерде қоныстанады. Индустриалды қоғам – шаруашылық қызметтің басты саласы болып өндіріс (яғни зауыт өндірісі, теміржол құрылысы, техника мен технологияның дамуы) танылатын қоғам. Мұндай қоғамда адамдардың көпшілігі қалада қоныстанады. (Т) Оқушыларды жаңа терминдерді (бір, екі немесе үш сөйлеммен) қолдана отырып, «жаңа заман» кезеңіне сипаттама беруін сұраңыз. Нұсқаларды тыңдаңыз, тақтаға жауаптарды бағалай жазыңыз. (Жұптық) Оқылатын кезең бойынша ақпараттық мәтіндерді таратыңыз және жаңа тарихи қоғамның сипаттық белгілерін анықтауды ұсыныңыз. Аталған тапсырма орындалған соң, жұптарға мәтіндермен алмасуды сұраңыз және олардың талдауын бағалаңыз. Өзара бағалауға дұрыс сипаттық белгілері анықталған мәтіндерді ұсыныңыз. Тапсырмаға арналған дескрипторлар: - оқушылар жаңа тарихи кезеңнің белгілерін (3-тен кем емес) дұрыс анықтайды. (С) Жаңа заманның бұған дейін құрылған белгілерін талқылаңыз және мәтіннен алынған ақпараттармен салыстырыңыз. | Қосымша 1 Индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғамның суреттері Аталған терминдердің академиялық анықтамаларының слайды Қосымша 2 Ақпараттық мәтін | |||||
Сабақтың соңы 3 мин. 2 мин. 2 мин. | Рефлексия: (Жеке жұмыс) Оқушыларға индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғамның белгілерін сараптауды тапсырыңыз. Осы қызметтің қорытындысын бағалаңыз. Сабақтың мақсаты мен оқыту мақсатына жететін бағалау критерийлеріне оралыңыз. Оқушылардың өздерінің оқыту мақсаты мен сабақ мақсатына жетуін бағалауын сұраңыз және қосымша сабақтың қажеттілігін анықтаңыз. Үй тапсырмасы: өзіңізді кезекпен-кезек феодал, қолөнерші, шаруа ретінде елестетіңіз. Сіз қай қоғамда (индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғам) өмір сүргіңіз келеді? Өз жауаптарыңызды дәлелдеңіз. | Қосымша 3 Индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғамның белгілері | |||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері | |||||
Материалды қайталау кезеңінде, кейбір оқушылар алдын-ала меңгерілген кезеңнің ерекшеліктерін еске түсіреді. Түсінік алу кезеңінде дифференциация оқушылардың жаңа терминдердің мазмұнын түсінуі арқылы ғана емес, сонымен қатар тарихи үдерістерді сипаттауда қолдануы арқылы да көрінеді. Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі типтерін есепке алғандағы оқу ақпараттары қолданылады. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көпіршелер ұсынылады. | Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында жүзеге асырылады: 6.3.2.2 «ерте, орта, кейінгі орта ғасыр» түсініктерін білу және уақыт тізбегінде олардың уақытын белгілеу. Диагностикалық бағалау жақын арадағы дамуды анықтаудағы қозғау кезінде. Түсіну сатысында оқушыларға жаңа терминдерді түсіну дағдысын бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар бойынша дескрипторлар арқылы, тарих пен қоғамның кезеңдерін салыстыру дағдысы бағаланады. | Жайлы орта тудыру мақсатында сабақ басында психологиялық сергіту өткізілді; оқушылар топта және жұп жұмыс кезінде класс айналасында жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру