Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ. Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 6.28.2
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ
Сабақ мақсаттары:
- Орта ғасырлар тарихын оқу барысында алынған білімдер мен дағдыларды қайталау және жинақтау.
- Адамзат өркениетінің дамуындағы әлемдік тарихтың осы кезеңінің маңыздылығын тұжұрымдау
- Барлық бөлімдер бойынша негізгі оқыту мақсаттарын қайталау.
Орта ғасырлардың маңызды оқиғалары
476 ж. - «варварлардың» шабуылыуының салдарынан Батыс Рим империясының құлауы. Бұл оқиға ежелгі тарихтың соңы және орта ғасырлардың басы деп саналады. Бұл дыл тарихта құлиеленушілік жүйесінің құлдыраған жылы болып саналады.
481-511 жж. – Франктердің мемлекетінің және Меровингтердің әулетінің негізін қалаушысы король Хлодвигтің билік құрған жылдары.
500 ж. – I Хлодвиг франктердің королі, франктердің мемлекетілігін құрылтайшысы болды.
527-565 жж. – Император I Юстинианның билік құрған жылдары.
570-632 жж. – Ислам дінінің негізін қалаушысы Мухаммеп Пайғамбардың өмір сүрген жылдары.
622 ж. – хижра жылы, яғни, Мұхаммедтің Меккеден Мединаға көшуі, бұл жыл мұсылман күнтізбесінің басталуы және ислам дініндегі жыл санауының басы болып саналады.
Шамамен 630 ж. – араб тайпаларының басым бөлігі Мұхаммедтің билігін мойындады.
632 ж. – арабтардын Византияға жасаған шапқыншылығы.
711 ж. – Арабтар Испанияны жаулап алды
732 ж. – Пуатье маңында Карл Мартелдің қолбасшылығымен франктер арабтармен болған шайқаста үлкен жеңіске жетті.
750 ж. – Араб халифатындағы билік Аббасидтер әулетіне ауысты
751 ж. - Талас өзені маңындағы Атлах шайқасында арабтардар жеңіліске ұшырағаннан кейін Қытай Ұлы Жібек жолын бақылауынан айырылды.
768-814 жж. – Ұлы Карлдын билігінің жылдары.
800 ж. – Римге келген Ұлы Карл өзін император деп жариялады.
800-843 жж. – Ұлы Карлдың империясының өмір сүрген жылдары.
843 ж. – немерелері империяны бөлу нәтижесінде Ұлы Карл империясы құлдырады. Карлдың немерелері Вердинде империяның бөлінуі туралы келісім жасасты (Верден Шарты)
882 ж. – Киев Русь мемлекетінің құрылуы
936-973 жж. – неміс королі I Оттоның билік құрған жылдары
945 ж. – древляндардың Киев князі Игорьге қарсы көтеріліс бастады. Вечеде Киев князі Игорь туралы былай деп айтылды: «Егер қасқыр қойға түссе, онда ол бүкіл отарды жояды».
962 ж. – жаулап алу жорықтар ұйымдастырып, неміс королі өзін Қасиетті Рим империясының билеушісі деп жариялады.
988 ж. – І Владимир билік құрған кезінде Ресей халықтарының біріктіру мақсатында Христиан діні мемлекеттік дін деп жарияланды.
1054 ж. – христиан шіркеуінің батыстық және шығыстық бөліктеріне түбегейлі бөлінуі.
1066 ж. – Гастингтегі шайқас. Англияны нормандтар жаулап алды.
1095 ж. – крес жорықтарына алғашқы шақыру хабарланды.
1099 ж. – Иерусалимді рыцарьлар басып алды; Иерусалим үшін шайқас салжұқтар мен кіресшілер арасында өтті.
1131 ж. – Кастилияда құрылған сословиелік-өкілдік билік органы - - кортес.
1147 ж. – Мәскеу қаласының негізі салынуы.
1185 ж. – Киев Русінің ең жарқын әдеби ескерткіштерінің бірі - «Игорьдің полкі туралы сөз» жазылды.
1204 ж. – төртінші жлрықта Константинопольды крестшілер жаулап алды.
1206 ж. – моңғол тайпаларының өкілдерінің құрылтайында Шыңғыс хан барлық моңғолдардың билеушісі болып сайланды.
1215 ж. – Англияда «Ұлы еркіндіктер туралы хартия» атты адам құқықтарын қорғауға бағытталған тарихи құжат қабылдады.
1223 ж. – Қалка өзенінде моңғолдармен болған шайқаста Мстислав Романович бастаған орыс дружиналары ауыр жеңіліске ұшырады.
1237-1240 жж. – Батыйдің Руське қарсы жасалған жорығы.
1240 ж., 15 шілде - Нева шайқасының басталуы.
1265 ж. – Англияда сословиелік - өкілдік билік органы - парламент пайда болды.
1302 ж. – Францияда сословиелік-өкілдік билік органы – Бас штаттар құрылды.
1337-1453 жж. – Англия мен Франция арасында Жүз жылдық соғыс болды. Франция жеңіске жетті.
1368 ж. – Қытай халқының «қызыл байлауыштар» атты танымал көтерілістің нәтижесінде Қытай моңғолдардың билігінен босатылды.
1370-1405 жж. – Тамерлан (Тимур) Орталық Азияда билік құрды.
1380 ж. 8 құрқүйек – Куликов шайқасында Алтын Орданың түменбасы Мамай жеңіліске ұшырады.
1381 ж. – Англияда Уот Тайлер мен Джон Болл басқарған шаруалар көтерілісі болды.
1429 ж. – Орлеан қаласы Жанны Д. Арктың басшылы арқасында англичандардан босатылды.
1445 ж. – Еуропадағы алғашқы баспа кітаптың шығарылуы (Германия, Иоганн Гутенберг)
1453 ж., 9 мамыр – Осман-түріктер Константинопольды (Византия астанасын) жаулап алды. Византия империясы өмір сүруін тоқтатты.
1455-1485 жж. – Англияда тақ үшін ішкі соғыс – Қызыл мен Ақ Раушан арасындағы соғыс.
1480 ж. – Алтын Орда құлады. Ақыр соңында Ресей моңғолдардың билеушілеріне тәуелді болды.
1517 ж. – Германияда Реформация басталды.
1520-1566 жж. – І Сүлейманді еуропалықтар Осман империясының ең қуатты сұлтаны деп санады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?