Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ. Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

№1 тапсырма. Кілтті сөздер немесе терминдер аты жазылған карточканы топта таңдап, кілтті сөзге қатысты ақпараттарды шығармашылық түрде (презентация, рөлдік ойын, постер, суреттер, кластер, тірек сызбалар және т.б). таныстырыңдар.

Ренессанс

Гуманизм

Индульгенция,

Реформация

Гелиоцентристік жүйе

Қосымша 2

№2 тапсырма. «Тарихи тұлғаны тап» ойыны. Тарихи тұлғалар туралы шағын мінездемені оқып, кім туралы айтылғанын анықтаңдар.

  • «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы. Деректер бойынша суретте 1479 жылы өмір сүрген Лиза атты әйел бейнеленген. Қазіргі кезде осы сурет өте бағалы болып саналады. Бұл сурет Парижде, оқ өтпейтін әйнекпен қапталып сақталған. Қазіргі кезде ол 7 миллион доллар шамасында бағаланады.

(Леонардо да Винчи)

  • «Бабырнама» еңбегінің авторы. Сөйтіп, қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде «Ұлы моғолдар империясы» (Аспан адамдары) аталған үлкен мемлекет құрады және оны үлкен мәдени ортаға айналдырады. Ел ішіндегі ең таңдаулы ақын, шайыр, суретші, әнші, музыканттар мен тарихшы ғалымдарды өз маңына топтап, көркейіп келе жатқан мемлекеттің күйін жырлатады.

(Бабыр)

  • Әрбір жұмада Виттенберг университетінің дін ілімін оқушылары теологиялық мәселелерді талқылауға жиналып отыратын. Сондай жиындардың бірінде Лютер индульгенцияны сатуға қарсылығын білдіріп сөз сөйледі. Бұл адамдарды алдау екенін ашық айтты. Сонымен қатар ол латын тілінде жазылған «95 тезисін» де баяндап берді.

(Мартин Лютер)

  • Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы батыс және шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты – дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды.

(Ұлықбек)

Қосымша 3

№3 тапсырма. Тапсырманы орындау үшін топтарға берілген А3 қағазының төрт бұрышына қоғамның барлық салалары бойынша өзгерістерді жазыңдар.

Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени

Қосымша 4

№4 тапсырма. М. Лютер мен Т. Мюнцердің пікірлерін және әрекеттерін кестеде салыстырыңдар.

Салыстыру сұрақтары

М. Лютер

Т. Мюнцер

Кімнің мүдделерін қорғаған (қандай әлеуметтік топтардың)?

Адамдарды қандай іс-әрекетке шақырады?

Қандай күрес әдістерін ұсынды?

Қосымша 5

 5 тапсырма.

 Рафаэллоның «Сикст Мадоннасы» туындысы ортағасырлық суретшілер туындыларынан қандай айырмашылығы бар?

 Кескіндеменің негізгі идеясы қандай ?

 

 https://www.google.kz/search?rlz=



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу