Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 6 СЫНЫП, САБАҚ 6.27.2

 

 XI бөлім: Ғылыми революция

 Сабақ тақырыбы: Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды?

 Оқу мақсаттары:

 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау;

 6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру

 Тарихи концепт: интерпретация

 

Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

Орта ғасырлардағы ғылыми білімнің даму себептері

 1. Адамның әлемді тануға деген қызығушылығын арттуы.

 2. Географиялық ошулардың нәтижесінде әлемнің шекарасы кеңейді.

 3. Бірінші дүниежүзілікті айналып жүзгеннен кейін Жердің шар екендігі дәлелденді.

 4. Қалалар мен қала тұрғындарының саны артты.

 5. Қолөнер мен әлемдік сауда сәтті дамыды.

 6. Ренессанс кезеңінде пайда болған білімге деген қызығушылық пен сыни көзқарастың өсуі адамдарға табиғат құбылыстарын жеке бақылауға итермеледі.

 7. Табиғат заңдарын білу жолында бірінші болғандар – гуманистер; олар адам ой-санасының арқасында әлемді түсінеді және түсіндіре алады деп сенді.

Коперник идеясына дейінгі ортағасырлық ғылымның ерекшеліктері:

 Орта ғасырларда еуропалық ғылым мәртебе қағидасын құрметтеді. Ежелгі ойшылдардың ілімдері ақиқат ретінде қабылданды:

 Географияда - Птолемейдің,

 Медицинада - Гиппократтың,

 Физикада - Архимедтың.

 

 Коперниктік ілімін жетілдірушер:

 

Джордано Бруно

“Әрбір заңның, әрбір сенімнің дұшпаны”

Коперниктің кітабын зерттеп келесі

қорытындыға келді:

- Әлемде ешқандай шек жоқ, ол өлшеусіз және шексіз.

- Әлемнің орталығы жоқ

- Әлем - бұл сансыз жұлдыздар жиынтығы.

Галилео Галилей

“Ерекше бірегей, ақылды және батыл адам”

- Жаңа жұлдыздарды ашты.

- Күн бетіндегі таулар мен дақтарды бақылады.

- Денелердің құлау заңдылығын, маятник қозғалысы және басқа да физика заңдарын тұжырымдады.

- «Екі жүйе туралы диалог» атты кітап жазды.

Иссак Ньютон

“Әлемнің ғылыми көрінісін жасауды аяқтады”

- Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.

- Оптикалық зертхана құрды, жарықтың таралуының жаңа заңдарын анықтады.

- Аңызға айналған жарықты бөлшектеу тәжірибесін жасады.

- 1641 жылы ол шағын айна телескопын құрды.- Математикалық есептеулердің жаңа әдістерін ашты.

Фрэнсис Бэкон

“Ең жақсы дәлелдер - бұл тәжірибе”

Табиғатты зерттеудің жаңа әдісін ұсынды - эксперименттік мағлұматтарға негізделген дербес түсініктерден жалпыларға қарай ойлау әдісті.

Рене

Декарт

“Менің ойымша, мен бармын”

- Жаңа уақыттың ғылым мен философиясының негізін қалаушы болып саналады.

- Осы формуланы ойлап тапты: адам ойланады, онда күмән туындайды, нәтижесінде ғылыми білім қалыптасады.

- Аналитикалық геометриясын жасады, тұрақсыс шамалар мен алгебралық белгілердің тұжырымдамасын енгізді.

Иоганн Кеплер

- Алғашқы болып Күн жүйесінің планеталар қозғалысының заңдарын ашты.

- Күннің айналасындағы планеталардың жүру траекториясы шеңбер емес, ол эллипс - ұзын шеңбер болып табылады деген қортындыға келді.

- Кеплер заңдары 1609 жылы «Жаңа астрономия» кітабында тұжырымдалған.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу