Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Галилей Галилео
Галилео Галилей – әйгілі итальяндық ғалым, көптеген маңызды астрономиялық ашылулардың авторы, математик, эксперименталды физиканың негізін қалаушы, классикалық механиканың негіздерін салушы, әдеби дарынды адам – 1564 жылы Пиза қаласындағы танымал музыкант, кедейлініп қалған дворяндар дүниеге отбасында келген. Монастырда білім алған соң, діндәр ретінде жұымысын жалғастырғысы келді, бірақ әкесі баласының дәрегерлікті оқуып алуына ықпал етті. Сөйтіп 17 жасар бала 1581 жылы Пиза университетінде медицинаны оқи бастайды. Оқу кезінде Галилей математика мен физика қызығушылық таныта бастайды. Отбасының материалдық жағдайына байланысты Галилей үш жыл ғана оқып, 1585 жылы ғылыми атақсыз үйіне оралады.
1586 жылы Галилей «Кішкентай гидравликалық таразы» деген алғашқы ғылыми жұмысын жариялайды. Ауқатты маркиз Гвидобальдо дель Монте жас баланың әлеуетін байқап қалып, қамқорына алады. Маркиздің қолдауымен Галилей ақылы ғылыми қызметке орналасады. 1589 жылы Пиза университетіне математика профессоры ретінде оралады. Онда математикалық зертеулерін жалғастырады. 1590 жылы Аристотель ілімін сынауға алған «Қозғалыс туралы» еңбегі жарық көреді.
1609 жылы алғашқы телескопты ойлап тауып, бір қатар жаңалықтар жасайды. Ашылуларды «Жұлдызды хабаршы» еңбегінде сипаттайды (1610) мысалы, Айдағы таулар мен кратерлерді, Юпитер серкітерін және т.б. Кітап Галилейге жалпы еуропалық атақ алып келді.
1613 жылы «Күндегі дақтар туралы жазбалар» деген кітабы жарыққа шығады. Ғалым кітапта Коперниктің көзқарастарын ашық жақтай отырып, шіркеудің беделін әлсіретеді, өйткені ғылыми көзқарастар қаситетті постулаттармен сәйкес келмейді. 1630 жылдың көктемінде ғалым көпжылғы еңбегін «Екі басты әлем жүйесі туралы диалог» кітабында қорытындылайды. Жарық көрген кітап инквизацияның назарын аударады, нәтижесінде екі айдан соң кітап сатылымнан алынып тасталады, ал авторы 13 ақпан 1633 жылы Римге шақырылады, онда 21 мауысымға дейін дінге қарсы шықты деген айыппен тергеу жүреді. Қатаң таңдау алдында тұрған Галилей, Джордано Бруно тағдырын қайталамау үшін, өз көзқарастарынан бас тартады және қалған өмірін Флоренциядағы вилласында инквизиция бақылауымен үй қамауында өткізеді. https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=78&t=23493
Иоганн Кеплер
Иоганн Кеплер Вюртемберг маңындағы Вейелдегі кдей отбасында дүниеге келеді. Әкесінен ерте айырылған Иоган трактирде малай боп жүреді, тек атақты Мэстлин арқасында Тюбинген университетінда математика, астрономиямен айналысады. 1594 жылы Иоганн Кеплер Грецеде профессор болып Кпоерниктің жүйсесін жақтайтын «Prodromus dissertationem cosmographicarum» шығармасын жазады.
Прагада Иоганн Кеплер Astronomia Nova» (1609), «Dioptrece» (1611) еңбектерін шығарады, рефракция туралы жазады, көру трубасын ойлап табады, Галлея кометасын бақылайды т.с.с. Тихо Брагтың нақты бақылауларын өңдей отырып, И. Кеплер алғашқы екі өшпес заңдарын ашады: күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы (барлық ғаламшарлар эллипс бойынша қозғалады).
1619 жылы Кеплердің соңғы «Harmonia mundi» шығарамасы жарық көреді, онда дүние жаратылысындағы ғаламшарлардың қозғалысы туралы үшінші заңы баяндалады.
http://www.hps.cam.ac.uk/starry/kepler.html
Джордано Бруно
Бруно көп жылдар бойы Италияны, Францияны, Англияны, Германияны шарлады. Ол барлық жерде нағыз оқымыстылардан білім алды және шіркеу діндарларына қарсы болған жайттарды білгісі келді.кейіннен Бруноның өзі де кітаптар жазып, студенттерді оқыта бастады.Ол Польшаның ұлы оқымыстысы Коперниктің Жер Күнді айналады деген көзқарасын жақтады. Бруноның батыл ойлары одан әрі өрістей түсті. Ол тіршіліктің Жерде ғана емес екенін, әлемнің шексіздігін, оның көптеген дүниеден тұратынын түсініп қана қоймай, басқаларға да үйретті. Бруно поптар мен шіркеу діндарларын келемеждеді.Адамдарды Жер мен аспан сырын ұғынуға шақырды. Ол жалынды өлеңдерінде де, ғылыми кітаптарында да осылар туралы жазды. Оқыған лекцияларында да теббірене сөйледі. Оның атақ-даңқы Еуропаның көптеген университетінде тарады. Бірақ шіркеу діндарлары ержүрек ғалыммен келісімге келе алмады. Бруноның досы болғансып жүрген бір бейтаныс адам оны шіркеу жазалаушыларының торына түсірді. Бруно сегіз жылдай түрмеде жатты. Оны қорқытып, көндіру мүмкін емес еді.Ақыры Бруноны «қан төгілмейтін» өлім жазасына кесті. Бұл тірідей отқа өртеу болатын. Монахтар жазадан жасқанбас бүлікші-оқымысты ғалым Джордано Бруноны осылай жазалады.
https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/evropada-hylymnyng-damuy/lesson/dzhordano-bruno
Поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI ғасырда, Птолемейдің өздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады. Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын- ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын. Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге, Коперник Жер өз осьін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деді. Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. Коперник Польша мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық, тіл , медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыстары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды. Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды. Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютон қолдап, одан әрі дамытты. Н.Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылығы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды. https://kk.wikipedia.org/wiki/
№1 тапсырма. «Коперниктің идеясы ерекше болды ма?», Коперник өлімінен кейін оның идеяларына не болды?
Қосымша 2
№2 тапсырма. Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Джордано Бруноның ғылыми және ғылыми емес қызметтерін анықтап, мәтінде түрлі түспен белгілендер.
Қосымша 3
№3 тапсырма. Топтардың жариялаған ақпараттарын кестеде жеке орындандар.
Галилео Галилей көзқарасы | Иоганн Кеплер көзқарасы | Джордано Бруноның көзқарасы | Николай Коперниктің көзқарасы |
Дескрипторлар:
- «Коперниктің идеясы ерекше болды ма?» және Н.Коперниктің «Жер күнді айнала қозғалады» деген идеясы несімен ерекшеленді? деген сұрақтар төңірегінде талқылау жасайды;
- Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Джордано Бруноның ғылыми және ғылыми емес қызметтерін анықтайды;
- Оқушылар топтардың жариялаған ақпараттарын кестеде жеке орындайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?