Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6.27.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11-бөлім Ғылыми революция | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| |
Сабақ тақырыбы | Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? |
| |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау; 6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру | ||
Сабақ мақсаттары | Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтап, адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру. | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт
| Маңыздылық | ||
Тілдік мақсаттар
| Шағын өмірбаянды оқи отырып ғылыми және ғылыми емес қызметін анықтау Николай Коперник ғалым болды ма мәселелері бойынша құрылымдық пікірталастарға қатысу Пәнге тән лексика мен терминология: Николай Коперник, ғылым, ғалым, ғылыми революция, астрономия, астрология, геоцентристік жүйе, гелиоцентристік жүйе . Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Коперник мұрасы туралы мәтінде айтылады.. ... Мен /Біз «ғылым» ұғымы мынадай мағына береді деп ойлаймыз........ Сіздің ойыңызша ғылым деген не? Сіз менің\біздің ғылым ұғымы туралы анықтамамен келісесіз бе? Коперниктің ғылыми қызметі мыналарды қамтиды........ Коперниктің ғылыми емес қызметі мыналарды қамтиды........ Менің ойымша Коперник ғалым болған жоқ, себебі.......... Осы сәттегі білімім негізінде Коперник мұрасы туралы мәтінге мынадай түзетулер енгізер едім.........., себебі........... Адамдарға тарихпен келісу қиындау, себебі........... | ||
Құндылықтарды дарыту
| - тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұпты және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; - басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру; | ||
Пәнаралық байланыстар | Астрономия (аспан әлемі), Қазақстан тарихы (мәдениет тақырыбы) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім
| Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір Ренессанс, Қайта өрлеу дәуірі, гуманизм, шығыс ойшылдарының әлем мәдениетіне тигізген ықпалы, Реформация туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады. |
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-5 мин | БЫМ/С Оқушыларға еуропалық астроном Николай Коперниктің құрметіне Варшавада салынған ескерткіштің суретін көрсету. Ескерткіштің кімге және неге арналғандығы туралы өз болжамдарын талқылауды сұрау. Күн жүйесі туралы анимация, плакат немесе моделін көрсетіп, гелиоцентристік теорияны (яғни, Жер Күнді айналады) түсіндіру, сонымен қатар, оқушылардың назарын Коперник өз теориясын жариялауға шешім қабылдағанда ол тәуекелге бел буғанына аударту. Суретті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру. | Презентация | ||
Сабақтың ортасы Бүкілсыныптық жұмыс түрі 5-15 мин Мұғалім түсіндірмесі 15-18 мин Топтық жұмыс түрі 18-30 мин Жеке жұмыс түрі 30-37 мин | Б «Коперниктің идеясы ерекше болды ма?» деген сұрақты талқылату. (шын мәнінде ерекше болған жоқ- ежелгі грек философы Аристарх Жер Күнді айналады деген идея ұсынған, бірақ оның идеясы Коперник өз ұсыныстарын жариялағанға дейін қолдау таппаған еді). Коперник өлімінен кейін оның идеяларына не болды? М. Галилео, Коперник, Кеплер және Бруноның суреттерін көрсетіп, «Оларды не біріктіреді?» сұрағын қою. Коперник өз идеяларын жариялағаннан кейін екі айдан соң қайтыс болғанын, олардың шіркеу тарапынан сынға алынып, алпыс жыл бойына елемеушілікке ұшырағанын әңгімелеу. Оқушыларға Кеплер мен Галилейдің өмірін зерттейтіндерін, олардың Коперниктің болжамының шындық екенін (Күннің айналасында жер орбитасының бар болуы) дәлелдеуге көмектескендігін түсіндіру. Т Оқушыларға топпен Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Джордано Бруноның өмірі мен қызметін зерттеуді ұсыну. Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Джордано Бруно, Николай Коперниктің қысқа өмірбаяны жазылған материал тарату. Өмірбаянды оқи отырып, тұлғалардың ғылыми және ғылыми емес қызметтерін анықтатып, мәтінде түрлі түспен белгілету. Ж. Оқушылар топтардың жариялаған ақпараттарын кестеде жеке орындайды. Дескрипторлар:
| Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | ||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу.
| |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?