Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 6.27.1
XI бөлім: Ғылыми революция
Сабақ тақырыбы: Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды?
Оқу мақсаттары:
6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау;
6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру
Тарихи концепт: интерпретация
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
“ Ол сенімнің фундаменттін қиратты”
Николай Николаевич Коперник (1473 – 1543 жж.) - поляк астрономы, әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін салушы. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан Жер Әлемнің орталығында орналасады деген ілімнен бас тартып, жаратылыстану ғылымында революция жасады. Коперник айқын көрінетін планералардың айналуын Жердің өз осі бойынша және Күннің айналасын айналуымен байланыстырды.
Коперник өзінің ілімін 1616-1828 жж. католиктік шіркеуі тыйым салған «Аспан өрістерінің айналуы туралы» (1543 ж.) атты еңбегінде баяндады.
Николай Коперник 1973 жылы 19 ақпанда поляк Торун қаласында Германиядан көшіп келген саудагердің отбасында дүниеге келді. Ол отбасындағы төртінші бала болды. Бастауыш білімін үйінің маңында орналасқан Қасиетті Ян костелінің мектебінде алды.
Он жасқа дейін бала тыныштық пен мазасыздық жағдайда өсті. Бірақ бақытты балалық шағы күрт және ерте аяқталды: Николай он жыстан жаңа асқанда, оба эпидемиясы – сол кездегі адамзаттың қасірет шегі мен жиі келуші қонағы – Торунь қаласына жетті. Оның алғашқы құрбандарының бірі – Николайдың әкесі Николай Коперник болды. Балаға білім берумен және оның тағдырын одан әрі шешуді анасының ағасы Лукаш Ваченрода өзіне алды.
1491 жылдың қазан айының екінші жартысында Николай Коперник өз ағасы Анджеймен бірге Краков қаласына келіп, жергілікті университетте өнер факультетіне оқуға түсті. 1496 жылы оны аяқталғаннан кейін Коперник Италияға ұзақ сапарға шықты.
Аспан денелерін бақылап, ол Жердің Күннің айналасында айналады деген қорытындыға келді. 1543 жылы ол өзінің көзқарастарын түсіндіріп, «Аспан өрістерінің айналуы туралы» кітабында жариялады. Бүгінгі күні Коперниктін қабірінің қайда екендігін ешкім білмейді, алайда оның ілімі өзінің ізбасарларын тапты.
Шіркеу Коперниктің тұжырымдамаларының қауіпін бірден байқамай, 1616 жылы бұл істі қолға алып, инквизиция қаулымен Коперниктің кітабын тыйым салынған кітаптардың тізіміне енгізді.
«Жиналған конгрегацияның назарына Киелі жазбаларға қарама қайшы келетін Николай Коперниктің кітабында Жердің қозғалысы және Күннің қозғалмайтыны туралы ... доктринасы таралуын бастап, көптеген адамдар оны қабылдайды ... Сондықтан конгрегация Николай Коперниктың аталған шығармасы түзетілмейінше айналыстан шығарылуы керек деп шешті».
Бұл шешім 1616 жылғы 5 наурызда қабылданды, бірақ бұл мүлдем кеш болды. 1543 жылдың мамыр айында ғылыми революция басталды, және ғылымның алғашқы революционерлері пайда болды.
1-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Ақиқат және жалған тұжұрымдамаларды анықтаңдар.
1. Жаңа ғасырдың ерекшеліктерінің бірі - адамның қоршаған әлемге деген қызығушылығынның артуы болды.
2. Орта ғасырларда еуропалық ғылым ежелгі ұлы ғалымдардың ойларын ақиқат деп қабылдамады.
3. Н. Коперник Жердің Күн мен өзінің осінен айналатынын тұжырымдады.
4. Галилео Галилей Әлемнің ешқандай шеті жоқ екенін дәлелдеді, ол өлшеусіз және шексіз.
5. Галилео Галилейді шіркеуінің көзқарасынан бас тартқаны үшін отқа жағып жіберді.
6. Джордано Бруно аспан денелерін бақылауға арналған алғашқы телескопты жасады.
7. Әлемдік тартылыс заңнын ашылуы Исаак Ньютонға тиесілі.
8. Рене Декарттың пікірі бойынша ең шынайы білімнің қайнар көзі – ол адамның санасы.
2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Жіберілген сөздердін орнын толтырыңдар:
Еуропада XII ғасырдан бастап жоғары оқу орындар - - ___________ пайда болды. Олар үздік оқытушалар мен танымал ғалымдардың шоғырланған қалаларында ашылды. Университеттерде _____________, ___________________, медицина оқытылды. ________ғасырда Еуропада 65 жуық университет болды. Олардың арасында ең танымалдары - Париж, Болонья (_________), Оксфорд (________), Париж, Краков (_______) университеттері болды.
Оқу ____________ тілінде өткізілді, оларда әртүрлі елдердің жастары білім алды. ___________ (латын тілінен «студере» - «зеректікпен оқу») оқытушалыр _____________ деп аталатын қоғамға бірікті.
Әр елдегі студенттер өздерінің қауымдастығын ұйымдастырды, олар _______________ деп аталды. Факультеттерді __________ басқарды. Барлық студенттер мен оқытушылар университеттің басшысын - _______ сайлаған.
__________ пікірталастармен мен толықтырылған. Пікірталастар әдетте өте қызу өтіп, көбінесе қатысушылардың ұрып-соғуымен аяқталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?