Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 6.26.3
X бөлім: Реформация
Сабақ тақырыбы: Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?
Оқу мақсаттары:
6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «кезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру
Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Саралап оқыту мүмкіндіктері
1 тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Өзінің мәніне байланысты бұл қозғалыс шіркеу өмірінен тыс кең тарады. Протестанттық Реформация бүкіл қоғамның реформациясына айналды. Ол аграрлық қоғамнан өнеркәсіптік қоғамға, ортағасырлық діннен еуропалық мәдениетке дейін көтерілді.
Реформацияның діни салдары Римдік католиктік шіркеуінен ұлттық протестанттық шіркеулері бөлініп, христиан өмірінің жаңа түрі қалыптасты. Католиктік түсінуіне сәйкес келмейтін Адам мен Құдайдың арасындағы қарым-қатынас пайда болды.
Католицизмде бұл қарым-қатынас міндетті түрде шіркеу арқылы жүзеге асырылса, Мартин Лютердің түсіндіруі бойынша Жаратушының өзімен тікелей жеке қарым-қатынас жасалуы тиіс. Мұндай қарым-қатынас ешқандай делдалды мұқтаждық етпейді және тек Киелі Жазбаны қабылдауды ғана талап етеді.
Реформация Ренессанспен бір қатарда тұрады, феодалдық қоғамнан капиталистік қоғамға өтудің тарихи дәуірінің мазмұнын анықтайды.
Сұрақтар:
- Протестанттық Реформация қай қоғамнан қай қоғамға көшуді жеделдетті? Бұл үдеріс қалай өтіп жатты?
- Протестанттар мен католиктер арасында адам мен Құдай арасындағы қарым-қатынас бойынша түсінігінде айырмашылығы неде?
2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.Анықтамаларды терминдермен ауыстырыңдар:
- Католик шіркеудін реформалауын ұсынған кең діни және қоғамдық-саяси қозғалыстар. _____________________
- Күнәларді кешіру туралы Папаның грамоталары _________________
- Шіркеудің Реформациясын қолдаушылары ___________________
- Адам – әлемдегі ең басты құндылық деп есептейтін көзқарас ___________________.
- Реформациямен күресу үшін құрылған орден________________
3-тапсырма. Барлық оқушылар үшін.
1520 жылдары неміс гуманисті Ульрих фон Гуттен шіркеу қызметкерлері туралы жазды:
«Немістер қаруын көтере қоймайды ма? Оларға қарсы от пен қылышты алып шықпайды ма? Олар - біздің Отанымыздың қарақшылары: ашкөздік, еріксіздік және ашулылықпен олар әлемнің көшбасшысы болып отырған халықты тонап жатыр, неміс халқының қаны мен теріне шомылып, кедейлердің есебінен ... өз қарындарын толтыруда».
- Қандай әлеуметтік жағдайда бұл сөздер жазылуы мүмкін?
- Рим Папа мен католик дінбасыларын байытудың қандай көздері бар?
- Неліктен Ульрих фон Гуттен неміс халқын Рим Папасына қарсы қару-жарақты көтеруге шақырады?
4-тапсырма. Барлық оқушылар үшін.
Төмендегі ұғымдарды қолданып, мәтінді толықтырыңыз: Реформация, Иезуит ордені, гуманистер, протестантизм.
«ХVІ ғасырда католиктік шіркеуі дағдарысты басынан кешірді. Адамның физикалық және рухани принциптерінің бірлігін мойындаған ________________ (гуманистердің) идеяларының ықпалымен сананың секуляризациялау процесі орын алды; адам тек өмірден кейінгі өмір туралы ғана емес, жердегі, дүниелік өмір туралы ойлануды бастады. Адамдарда білім мен белсенді іс-әрекеттер жасауға құштарлығы оянды. Гуманистік идеялардың таралуы ____________________ (Реформацияның) қалыптасуының негізін жасады. Германияның солтүстігі мен шығысындағы көптеген князьдер Мартин Лютердің ілімдерін қолдап, өз жерлерінде шіркеу реформасын жасауға кірісті.
Дворяндар шіркеу жерлері арқылы байыды. 1529 жылы император V Карл, князьдердің осы әрекеттерінен қорқып, Қасиетті Рим империясының аумағында лютерандыққа тыйм салды. Бұған жауап ретінде 5 князь және 14 қала наразылық білдірді. Осыдан кейін ____________________________ (Реформацияның) барлық жақтаушыларын ___________________________ (протестанттар) деп атайтын болды және олардың догмаларының әртүрлі нұсқаларын - __________________________ (протестантизм) деп атай бастады.
Реформацияға қарсы күресте мықты құрал – ол 1540 жылы Рим Папасы бекіткен жаңа «Иисус қоғамы» монахтардың ____________________________ (Иезуит ордені) болды. Бұл_______________________ алдында «адасқан көпшілікті шіркеудің қоршауына қайтару» мақсаты тұрды».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?