Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 Мартин Лютер

 Майнца мен Магдебург архиепископы болу үшін Альберхт фон Гогенцоллернге империяға көп ақша төлеуді қажет етті. Ол сол қаражатты ірі банк иесі Фугерден қарызға алған. Архиепископ сол қарызы өспей тұрғанда 1515 жылы Рим папасы Льва X-ның келісімімен индульгенцияны (күнәнің кешірілгендігі туралы көп ақыға берілетін Рим папасының куәлік қағазы) сата бастайды. Сатылған индульгенцияның жартысы Римдегі Әулие Петрдің шіркеуінің құрылысына жұмсалып, қалған бөлігі архиепскоптың қалтасына түскен. Бұл іс-шараны Лейпцигтен келген шіркеу қызметкері Иоганн Тецель ұйымдастырды. Неміс қалаларын аралап, шіркеу қоңырауларын соғып, индульгенция сататынын жариялай берді. Ол: «Аз ғана ақшаны жұмсай отырып, сендер ата-аналарыңды, әйелдеріңді, балаларыңды тіптен кімді болса да күнәдан құтқара аласыңдар», «Сендердің ақшаларың менің кассама қалай түссе, солай әкелеріңнің күнәсі кешіріліп, тазартылады», деп жар салды. Оның айтуынша күнәһар жан осылай кез келген, тіптен адам өлтіру күнәсынан да арыла алады екен. Құдайға шын сенетіндер әлгі қағазды сатып алып жатты. Лютер 1516 жылы көктемде шіркеулерді аралап жүріп, Тецельдің индульгенцияны қалай сатып жүргенін естиді. Бұл Лютердің ашу-ызасын туғызған. Тецельдің қағазды Бранденбургте сатып жатқанын естіп, Виттенберг тұрғындары солай қарай ағылды. Енді Лютерге шешуші қадам жасауына тура келді. Әрбір жұмада Виттенберг университетінің дін ілімін оқушылары теологиялық мәселелерді талқылауға жиналып отыратын. Сондай жиындардың бірінде Лютер индульгенцияны сатуға қарсылығын білдіріп сөз сөйледі. Бұл адамдарды алдау екенін ашық айтты. Сонымен қатар ол латын тілінде жазылған «95 тезисін» де баяндап берді. Сол еңбегінде ол Рим папасының заңсыз әрекетін сынға алды. Лютер 1517 жылы 31 қазанда сол «95 тезисі» көшірмесімен Виттенбергтің ең үлкен шіркеуінің алдына келді. Тезистің жарыққа шығуы түбегейлі өзгерістің, реформаның бастауы болып табылды. Лютердің тезистері елге тез тарап, кең көлемдегі пікірталастар туғызған. Виттенберг универсиетінің профессорлары оның ішінде Карлштат та оны бірден қолдап шыға келді. Ал студенттер тезистерді көшіріп алып, басқа университеттерге таратты. Сонымен индульгенция сату қиынға айналып кетті. Бұл жөнінде қоғамдық пікірлер мен жаңалықтар елге өте жылдам таралды. Бір айдан соң-ақ «95 тезис» Германиядан сытқары елдерге шыға бастаған. Мартин Лютер 1534 жылы өзі неміс тіліне аударған Інжіл жарық көрді. Ол бұл аудармамен он екі жыл айналысқан болатын. Інжілдің кейбір сөзіне апта бойына балама іздеуден жалыққан емес. Оның бұл неміс әдебиетінің қалыптасуына да елеулі үлесін қосты. Лютер өзін қолдайтын шіркеулердегі монахтардың Құдайға құршылық ету дағдысына жаңаша өзгерістер ендіруге кіріскен. Ол 1526 жылы неміс тілінде құлшылықтың жаңа тәртібін жазып шықты. Алайда шіркеулердегі діншілдердің көбінің тұрмысы нашар еді. Бірқатар оқу орындары білім беру жағынан құлдырап кеткен. Лютер осы олқылықтардың орнын толтыру үшін немістерге түсінікті тілмен негізгі материалдарды жазып шықты. Шаруалар көтерілісін тоқтатқан бес католик-князь осы жеңісті пайдаланып, лютершілерді түп-тамырымен жойып жібергілері келді. Бірақ олардың бұл әрекеттеріне қарсы Лютердің жақтастары өз күштерін одан ары нығайта түсті. Екі қарсыласқан топтардың қақтығысып қалмауы үшін Карл V-ші 1529 жылдың наурызында Шпейерде рейхстаг жиынын шақырды. Әйткенмен де ол реформацияға өз көзқарасын өзгерткен жоқ. Қайта оған қарсы болып, оның тоқтатылуын қалады да Ворм жарлығын бекітті. 19 көкекте 14 қала мен алты неміс княжествосы Лютерді жақтап, бұл шешімге жазбаша протест дайындап, қарсы шықты. Нақ осы кезден бастап «протестант» сөзі жаппай қолданысқа кірді. Бұл термин тек Лютердің жақтастарына ғана емес, сонымен қатар рим-католиктік шіркеуге көңілдері толмайтындардың барлығына қатысты болды.

Көлбай Адырбекұлы https://turkystan.kz/article/55245-martin-lyuter

№1 тапсырма. Мәтіннің негізінде «Ақпараттық органайзерді» толтыр.

Уақыты

Ерекшелігі

Терминдер

 

 

 

 

 

 

 

 Қосымша 2

№2 тапсырма. Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған өзгерістің себебі мен салдарын «Балық қаңқасы» органайзерінде талда.

 

 Қосымша 3

№3 тапсырма. «РАФТ» әдісі арқылы кейіпкерге хат жаз.

Р (рөл)

Бұл кімге арналады?

Мартин Лютер, дін қызметкері

А (аудитория)

Қай аудиторияға арналады?

Немістің Виттенберг қаласындағы шіркеуге келушілерге.

Ф (форма)

Хат, күнделік, үндеу,әңгіме, эссе, құжат т.б.

95 тезис

Т (тақырып)

Не туралы жазылады?

Католик шіркеуінің құрылымына өзгеріс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу