Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 6.26.1
X бөлім: Реформация
Сабақ тақырыбы: Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?
Оқу мақсаттары:
6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «кезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру
Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Католиктік контрреформация
Жоғарғы діни қызметкерлері мен Рим Папасының Протестантизмге қатысты реакциялары католиктік контрреформация болды. Католиктік контрреформациясы шіркеуде реформалар енгізді.
1536 жылы III Павел «Шіркеудің құлдырауына не себеп болды?» деген сұрақты зерттеуге тапсырма берді. Нәтижесінде жауапкершілік бұрынғы папаларға жүктелді.
1540 жылы католиктік насихаттаудың ең тиімді құралы болған иезуит ордені құрылды.
1545-1565 жж.– Тридент соборың шақыруы. Собор протестантизммен ешқандай келіспеушілік болмайтынын көрсетті. Адам сенімімен және кейінгі дінге қызмет жасау арқылы ақталады.
Кеңесте 7 құпиялар расталды және реформа туралы жарлықтар қалыптасты. Собор реформалар жүргізу арқылы діни қызметкерлердің моральдық нормаларын жақсартуға көмектесті. Уағыздар арқылы Германияның көп бөлігі Рим шіркеуіне қайтарылды.
1555-1559 жылдары IV Павел протестантистермен физикалық түрде күресіп, ақысыз мессалар мен діни уағыздарды енгізеді.
V Пий кезінде папалардын беделді өсті.
XIII Григорийдің (1572-1585 жж.) бастамасымен протестанттар жойылған Варфоломеев түні оқиғасы орналды.
Рим-католиктік шіркеуде иезуиттердің насихатын нығайтатын құралдары ИНКВИЗИЦИЯ және ИНДЕКС болды. Егер адам өзінің дінбұзар көзқарастарынан бас тартпаса, ол мүлікін тәрклеу, бас бостандығынан айыру немесе отқа жағу арқылы жазаланған. Индекс – дінге сенушілерге оқуға болмайтын кітаптардың тізімі. Оны 1559 жылы Рим Папасы IV Павел (Кораффа) жариялады. Эразм Роттердамский, Мартин Лютер, Цвингли және Жан Кальвиннің кітаптарын оқуға тыйым салынды. 1571 жылы жаңа басылымдарды қадағалау үшін комиссия құрылды. Индекс 1966 жылы ғана жойылды.
Барлық оқушыларға тапсырма:
Сәйкестендір:
Ұғым | Дұрыс жауап | Анықтама |
1. Реформация | А) Адам идеясын ең басты құндылық деп санайтын көзқарас. | |
2. Протестант | Б) Германияда сайланатын князь | |
3. Иезуит ордені | В) Латын тіліндегі Мартин Лютердің жазған құжаты. Мұнда ол Рим Папасының адамдардың күнәларын кешіруге байланысты шексіз құқығы болғандығын және индульгенция сатып алу арқылы кінәдан құтылу тәжірибесін сынға алады. Сонымен қатар, жалғыз діни билік ретінде Қасиетті Жазбаны (Киелі кітапты) айқындады. | |
4. Гуманизм | Г) Қорғасын мөрмен бекітілген ортағасырлық негізгі Папалардың құжаты | |
5. 95 тезистер | Д) Германиядағы Реформация мен шаруалар соғысының манифесті, шаруалар құқықтары үшін күрестегі талаптарының бір бөлігі | |
6. 12 бап | Е) Ақшаға сатылатын, күнәсінің кешіру туралы хат | |
7. Курфюрст | Ж) Еуропадағы XVI ғасырда Реформацияға байланысты туындаған тәуелсіз шіркеулердің жиынтығы болып табылатын христиан дінінің негізгі бағыттарының бірі. | |
8. Булла | З) 1534 жылы Игнатий Лойола негізін қалаған монахтардың Иисусқа табынатын қоғамы | |
9. Индульгенция | И) Франциядағы діни соғыстар кезіндегі католиктер гугеноттарды жаппай қыруы. Ол 1572 жылдың 24 тамызында Парижде басталды (әулие Варфоломей күні). | |
10. Діни соғыстар | К) XVI ғасырда - XVII ғасырдың басында Батыс және Орталық Еуропадағы Киелі кітапқа сәйкес католиктік христианствоны реформалауға бағытталған діни және қоғамдық-саяси қозғалыс. | |
11. Варфоломей түні | Л) XVI-XVII ғасырлардағы протестанттар мен католиктер арасындағы Еуропадағы қарулы қақтығыстар сериясы | |
12. Протестантизм | М) Реформация жылдарында пайда болған бірнеше тәуелсіз христиан шіркеулерінің біріне жататын христианин |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?