Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.26.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10-бөлім Реформация

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;

6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «иезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Мартин Лютердің реформациясы мен қоғамдағы дін рөлінің өзеру себептерін талдау.

Бағалау критерийлері

 

  • Берілген терминдерге талдау жасайды;
  • «Мәтіннің пираидасын» берілген критерийлер бойынша толтыру арқылы тақырып идеясын түсініп, талдайды;
  • Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған үш өзгерісті анықтап, кестеде орындайды;

Тарихи концепт

 

Өзгеріс және сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Еуропадағы протестанттық Реформация тақырыбында мәтін оқи алады, (жұппен) негізгі мәселерді анықтап астын сызады, түрлі-түсті шартты белгілерді қолданады, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді себептерді ажырата алады, осы ақпараттарды сыныптық талқылауда қолдана алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Реформация, протестант, римдік-католиктік шіркеу, индульгенция, реформация, контрреформация, иезуиттер ордені, гуманизм

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша Реформация дәуірінде Х ғасыр бетбұрыстық кезең болды себебі.....

X ғасыр Реформация дәуірінің қысқамерзімді салдары болды себебі.......

X ғасыр Реформация дәуірінің ортамерзімді салдары болды себебі.........

X ғасыр Реформация дәуірінің ұзақмерзімді салдары болды себебі.........

Реформация Жапония тұрғындарына әсер етті себебі...…

Менің ойымша бұл екі фактор өзара байланысты себебі....

Мен өз пікірімді өзгерттім себебі...... …

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Орыс әдебиеті (мәдениет тақырыбы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір Ренессанс, Қайта өрлеу дәуірі, гуманизм, шығыс ойшылдарының әлем мәдениетіне тигізген ықпалы туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады.

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

БЫМ/С Оқушыларға Мартин Лютердің Виттенбург соборы қақпасына өз қарсылығын шегелеуі суретін көрсету арқылы төмендегі сұрақтар төңірегінде ой бөлісуге шақырту.

  • Не көріп тұрсындар?
  • Қандай қорытындыға келдіңіз?
  • Қандай сұрақтар туындады?

Суретті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс түрі

5-15 мин

Жұптық жұмыс түрі

15-30 мин

Топтық жұмыс түрі

30-35 мин

Т. Реформация, протестант, римдік-католиктік шіркеу, индульгенция, реформация, контрреформация, иезуиттер ордені, гуманизм терминдері туралы алдын-ала анықтама беріп, түсініктерін қалыптастыру. Терминнің мағынасын түсіну үшін төмендегідей терминмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың деңгейін анықтауға болады.

  • Терминді анықтауда кілтті сөздерді белгіле.
  • Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңда.
  • Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықта

Ж. Бүкілсынып оқушыларына мәтін таратылып, мәтіндегі ақпаратты жұпта меңгертіп, тақырып идеясын түсініп, талдау үшін «Мәтіннің пирамидасын» толтырту.

Пирамида толтыру үшін арнайы критерийлер берілген, соған жауап бере отыртып толық, жүйелі орындату.

Т.Оқушылар Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған үш өзгерісті кестеде орындайды.

Саяси өзгеріс, экономикалық өзгеріс, әлеуметтік өзгеріс.

Дескрипторлар:

  • Терминді анықтауда кілтті сөздерді белгілейді;
  • Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңдайды;.
  • Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықтайды;
  • Тақырып идеясын түсініп, талдау үшін «Мәтіннің пираидасын» берілген критерийлер бойынша толтырады;
  • Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістерді кестеде орындайды;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

35-40 мин

Сабақты қорытындылау:

СИНКВЕЙН құру. Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?

Рефлексия:

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

... өз көзқарасымды өзгерттім.

мен ... туралы көп білдім.

мен ... таң қалдым.

мен ... сезіндім.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу