Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр). Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 6.25.2
IX бөлім. Қайта өрлеу дәуірі
Сабақ тақырыбы: Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты?
Оқу мақсаттары:
6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
Тарихи концепт: изменение и преемственность
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Шығыс Ренессанс дегеніміз не?
Көрнекті шығыстанушы, академик Н.И. Конрад ислам мәдениетінің қарқынды даму дәуірін «Шығыс Ренессанс» деп атады. Шығыс Ренессансы - IX-XII, XIV-XV ғасырларда Орталық Азиядағы ғылым мен философияның, әдебиет пен өнердің қарқынды дамуы, мәдени және рухани құндылықтардың жандану кезеңі.
В.В. Бартольд «Мұсылман Ренессансының ғалымдары» тақырыбындағы мақаласында Шығыс Ренессанстың Батыстағыдан үш айырмашылығын анықтады:
1) антикалық мәдениетке деген қызығушылық Еуропадағы денгейге жетпеді;
2) бұрынғы, ортағасырлық кенеңге айтарлықтай жеккөрушілік болмады;
3) антикалық мәдениетінен тек қана ғылымдағы жетістіктерді пайдаланды, жалпы мәдениетін емес, себебі Шығыс елдерде орта ғасырларды білім беру мен эстетикалық дамудың өз дәстүрлері, сөздік өнері екерше дамыды.
Батыс Ренессанс Ұлы географиялық ашулармен, өнеркәсіптің өсуімен байланысты болса, Шығыс Ренессанс негізінен сауда-саттықтың дамуымен байланысты болды, өйткені қуатты өнеркәсіп дамымаған аймақтарда өндіріс күштердік даму негізінің рөлін сауда ісі атқарады.
Басқа да айырмашылықтар бар. Мысалы, еуропалықтар ежелгі гректерден негізінен олардын мәдениетің, поэзиясын, риторикасын, әдебиетің, драмасын, тарихын, сондай-ақ әскери ғылымдарын, кеме жасау сияқты практикалық ғылымдарын пайдаланды.
Шығыстың ғалымдары ежелгі гректердің (Аристотель, Платон, неоплатониктердің) философиясын, сондай-ақ медицина, оптика, математика, астрономия, алхимия, магия және т.б. ерекше қызығушылықпен зерттер, жетілдірді. Осы ежелгі гректердің білімдерін Шығыс ғалымдары қабылдады және кейіннен олар дамытты.
Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма.
Шығыс Ренессанстың көрнекті тұлғаралына: Фироуси, Ұлықбек, Навоиге қатысты төменде келтірілген мәліметтердің нөмірлерін кестенің сәйкес бағанына жазыңыз.
А) Хаким Абулькасим Мансур Хасан Фирдоуси (935-1020 жж.) | Б) Мухаммед Тарагай ибн Шахрух ибн Тимур Улугбек Гураган (1394-1449 жж.) | В) Навои Низамаддин Мир Алишер (1441-1501 жж.) |
Тұжұрымдамалар:
- Әйгілі өзбек ақыны, мемлекет қайраткері, ойшыл (В).
- Иранның, Тәжікстанның, Өзбекстанның және Ауғанстанның ұлттық ақыны деп саналады (А).
- 15 жасында танымал ақын болды (В).
- Гератта дүниеге келген (В)
- 10 жасында, атасының қайтыс болуына дейін, билеуші ретінде өз мансапын бастады: ол Ташкент және Моғолстанның (Жетісу және Шығыс Түркістан аймақтары) билеушісі болды. Сол жаста оны үйлендірген. (Б)
- Шығармашылық өмірбаянының шыңы - шығыс ақындарының дәстүрі болған «Пятерицы» атты шағармасы болды (В)
- Мавераннахрдың жаңа билеушісінің бұйрығымен ол 56 жасында өлім жазасына кесілді. (Б)
- «Әділдердің күйзелісі», «Фархад және Ширин», «Лейли мен Меджнун», «Искандердің қабырғасы», «Жеті планета» атты өлеңдердің авторы (В)
- Герат, Мешхед және Самарқандағы - үш медреседе оқыды (В).
- 1417 жылы 24 жасар билеуші түрлі жерлерден жүзге жуық ғалымдарды жинап, олармен обсерваторияны қалай құруға болады, онда қандай құралдар болуы керек және қандай бақылауларды жүргізу керегін талқылайды (Б).
- Балалық шақта басталған тақ мұрагермен достық қарым-қатынастары оның өмірі бойы сақталып өтті (В)
- Ол сәби кезеңнен бастап өз әтасының әскери жорықтарына қатысты (Б).
- Ол Ұлы Князь деп аталды (Б).
- Ол өте жақсы білім алды, сол дәуірдің әдеби - араб және парсы тілдерінде де еркін сөйлейді (А).
- Самарқанды хандығының интеллектуалдық орталығына айналдырды (Б).
- «Шахнаме» («Патшалардың кітабы») эпикалық поэмасының авторы. Сондай-ақ, «Юсуф пен Зулейха» поэмасы ол жазған деп есептеледі (А).
- Оның шығармалары фарси мен түркі тілдерінде жазылған, және ол осы екі тілде бірдей еркін, тамаша сөйлеген (В).
- Хорасанда дүниеге келген (А).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?