Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр). Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Шығыс Ренессанысының 500 жылдан артық уақыт өркендеген мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдоуси, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасы белгілі.
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон, Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген. Оның негізін қалаушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%
Қосымша 2
Ұлықбек обсерваториясы
Ұлықбектің мемлекеттік қайраткер ретінде істеген ең ірі жұмысы – Самарқанда аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды. Бұл Ұлықбектің ғылым мүддесін көздеп, болашақ үшін жасаған үлкен ерлігі болып саналады. Бұл обсерватория еріккен әкімнің атаққұмар жеңіл мінезінен туған нәрсе емес. Ол қайта, ғылыми келешегін дұрыс бағалап, шын жаңкүйері бола білген оқымыстының ғылымға тартқан тартымды сыйы еді.
Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы батыс және шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыдан, әсіресе, XII ғасырда Азербайджанда көрнекті математик және астроном Насыреддин әт-Тусидің басшылығымен салынған Марага обсерваториясының тәжірбиесі көп игілікті ықпал жасады. Бұл обсерваторияда “Ельхан астрономиялық таблицалары” деген еңбек жазылған болатын. Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид Ғиясэддин әл-Кәшидің көп көмегі тиді.кейінгі зерттеулер әл-Кәшидің Ұлықбекке дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын анықтады. Бірақ керітартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ аспайды. Әл-Кәшидің бұл ниеті Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты – дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды.
Заһируддин Мұхаммед Бабыр
Үндістандағы ең үлкен мұсылман мемлекеті Бабыр Империясының құрушысы. Есімі Заһируддин Мұхаммед Бабыр. Әкесі Әмір Темірдің ұрпағынан Омар Шейх, анасы Шағатай ханның шөбересі Құтлық Нигар Ханым. Бабыр жас кезінен әскери тәлім тәрбиені жетік меңгеріп, жорықтарға қатысып, қолбасшылық қасиеттерін дамытты. 1494 ж әкесінің қайтыс болуынан кейін Ферғананың әмірі болды. 1498-1500 жылдары арасында Шайбанилердің басқыншылығы кезінде Самарқандпен Әндіжанды алып қалуға тырысады. Бірақ сәтсіздікке ұшырап барлық иелігінен айрылады. Ташкентте нағашысының жанында болып әскер жинайды. Кейін Гиндикуш тауларын асып Кабулды қан төкпей басып алады.1504 ж Гиндикуштан Ғазнаға дейінгі жерлерді иемденді. Парсы, түрік, татар, үнді, пешту тілдерінде сөйлейтін халқын әділеттікпен басқарды. Исламның таралу жолында көп еңбек етті. Барған жерлерінде Ислам шариғатын орнатты. Бабыр шах сонымен қатар дарынды ақын әдебиетші еді. Өмірін өзі жазды. Бабыр шахтың Тузук, Бабури және Бабырнама деп аталатын кітаптары сол дәуірдегі Орта Азия, Ауғанстан және Үндістан тарихы үшін құн жетпес дерек болып табылады.
https://adebiportal.kz/kz/news/view/2755
Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер) (1441 — 1501қаңтардың 3, сонда) — Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер
Өзбек халқының ХV ғасырда жасаған әйгілі ақыны Әлішер Науаи – өз соңына тамаша лирикалық шығармалар, ғажайып ғазалдар және кемел дастандармен қатар, прозалық туындылар, ғылыми-зерттеу еңбектер де қалдырған ұлы тұлға. Әрі ерен ойдың иесі, мемлекет және қоғам қайраткері.
Жастайынан аса зерек, алғыр ойлы Әлішер Науаи алғаш шағын лирикалық өлеңдер мен тамаша ғазалдар жазып, оқырмандар жүрегіне нәр себе бастайды. Бұл ретте ақынның 1465-1466 жылдары жазған лирикалық шығармалары мен 1470 жылы бастырған «Көркемдік кемелі», «Баға жетпес байлық», т.б. лирикалық өлеңдер жинағы сөзімізге дәйек болады.
Ұлы ақын 1483 жылдан бастап өзінің әйгілі «Хамсасын» жазуға кіріседі. Сол мақсат негізінде ол «Жеті кезбе», «Ескендір қорғаны», «Фархад – Шырын», «Ләйлі – Мәжнүн» атты дастандарын жазып, өзінің кемел ақындық арынын күллі жұртқа кеңінен танытады. Сол секілді халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жайлы «Гауһарлар тізбегі», әулие-әмбиелер, әкімдер туралы «Әмбиелер мен әкімдер тарихи» дін, мұсылмандық жөнінде «Мұсылмандық нұры» өзге де ғылыми-зерттеу еңбектер жазып, әдебиеттану ғылымының дамуына да өз үлесін қосады. https://adebiportal.kz/kz/news/view/2755
Қосымша 3
Ментальды карта жасауға ұсыныстар:
- 1.Негізгі тақырып ортаға жазылады
- 2.Сөйлемдердің орнына негізгі ойды айқындайтын сөздер ғана жазылады
- 3.Сөздер ортадан шеттерге қарай таралатын бұтақтарға жазылады.
- 4.Негізгі бұтақтарға иллюстрацияларда қосуға болады.
- Жұмысты жариялау
/«Карусель» әдісі арқылы/
- Нұсқаулық: Әр салаға ақпараттар кілтті сөздер арқылы жазылады. Әр топ «Mine map» сызбасын постерге орындаған соң, әр топтан бір көшбасшы топта қалып, белгіленген уақыт бойынша сызбаны түсіндіреді. Ал, қалған топ мүшелері сағат тіліне қарай, әр топтарға барып көшбасшылар түсіндірмесін тыңдайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері келесі топтың түсіндірмесін тыңдайды. Солай топтардың барлығын тыңдап болғанша жалғаса береді. Соңында өз топтарына келіп, көшбасшыға барлық топтардан жинаған ақпараттарын түсіндіреді. Қай топтың жұмысы жақсы болғанын ақылдаса келіп топ мүшелері өздерінің дауыстарын бір топқа беру арқылы стикермен бағалайды. Стикер санын көп жинаған топ ең үздік топ болып саналады.
Қосымша 4
Топтардан жинаған ақпараттарды кестеге жеке толтырыңдар.
Орта ғасырлық ғалымдар | Атқарған қызметтері | Еңбектері | Мәдениетті дамуға қосқан үлесі. |
Ұлықбек | |||
Бабыр | |||
Әлішер Науаи |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?