Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр). Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.25.2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім Қайта өрлеу дәуірі

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр)

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр еңбектеріндегі идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау, ерекшеліктерін сипаттау.

Бағалау критерийлері

 

  • Шығыстың ортағасырлық ғалымдарының мәдениетке қосқан үлесін «Mine map» ментальды картасында талдайды;

Тарихи концепт

 

Өзгеріс және сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қайта өрлеу, Византия, Шығыс Рим империясы,

Ортағасырлық Еуропа, Еуропалық Қайта Өрлеу, Ренессанс, перспектива, шынайылылық, нимб (нұр, сәуле), путти, нақыш, утопия,.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл сурет менде мынадай сезім тудырды .....

Суретші мені мыналар арқылы.... бұндай нәрселерді сезінуге мәжбүр етті.

Суретші суретті.......... арқасында шындыққа жақын етіп жасады.

Мен бұл сурет .........кезеңге дейін\кейін салынған деп санаймын.

Қайта өрлеу себебі..........

Екі суреттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.................

Суретшілер көрерменді.......... сезінуге мәжбүр етуге тырысты.

Өнерде 200 жылда жүзеге асқан өзгерістер................

Бұл суретте басқа суретпен байланысы бар, себебі.............

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір географиялық факторлардың жиынтығы орасан зор мәдени және зияткерлік өзгерістерге әкелген кезеңдерді еске түсіру қажет болады (мысалы, ислам дінінің пайда болуы). Оқушылар себеп және өзгерістер тұжырымдамалары туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады.

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

БЫМ/С Шығыс Ренессанс дәуірі өкілдерінің үлесін көрсететін суреттерді көрсетіңіз (Ұлықбек обсерваториясы, ақындар мен философтардың еңбектері) және «Шығыс ренессансы» ұғымына анықтама беріңіз. Суреттерді көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсатын және бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

Мұғалім түсіндірмесі

5-10 мин

Топтық жұмыс түрі

10-35 мин

М. Шығыс Ренессансының кезеңдерін көрсету. «Шығыс Ренессансы» дәуіріне анықтама беру;

• ҮІІ-ІХ ғ.ғ. – араб философиясының қалыптасу кезеңі;

• ІХ-ХІІ ғ.ғ. – Ерте Ренессанс кезеңі;

• ХІҮ-ХҮ ғ.ғ – кейінгі Шығыс Ренессансы кезеңі.

Т. Бүкілсынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу.

  • Ұлықбек
  • Бабыр
  • Әлішер Науаи

Шығыстың ортағасырлық ғалымдарының мәдениетке қосқан үлесін «Mine map» ментальды картасында талдау.

Қарастырылатын бағыттар:

Атқарған қызметтері

Еңбектері

Мәдениетті дамуға қосқан үлесі.

Ментальды карта жасауға ұсыныстар:

  • Негізгі тақырып ортаға жазылады
  • Сөйлемдердің орнына негізгі ойды айқындайтын сөздер ғана жазылады
  • Сөздер ортадан шеттерге қарай таралатын бұтақтарға жазылады.
  • Негізгі бұтақтарға иллюстрацияларда қосуға болады.

Топтық жұмысты бағалау критерийлері:

  • 3 сала бойынша ақпараттарды толық жазуы;
  • Спикердің баяндау шеберлігі;
  • Постерді шығармашылық тұрғыда безендіруі;
  • Уақытты тиімді пайдалануы;

Жұмысты жариялау

/«Карусель» әдісі арқылы/

Нұсқаулық: Әр салаға ақпараттар кілтті сөздер арқылы жазылады. Әр топ «Mine map» сызбасын постерге орындаған соң, әр топтан бір көшбасшы топта қалып, белгіленген уақыт бойынша сызбаны түсіндіреді. Ал, қалған топ мүшелері сағат тіліне қарай, әр топтарға барып көшбасшылар түсіндірмесін тыңдайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері келесі топтың түсіндірмесін тыңдайды. Солай топтардың барлығын тыңдап болғанша жалғаса береді. Соңында өз топтарына келіп, көшбасшыға барлық топтардан жинаған ақпараттарын түсіндіреді. Қай топтың жұмысы жақсы болғанын ақылдаса келіп топ мүшелері өздерінің дауыстарын бір топқа беру арқылы стикермен бағалайды. Стикер санын көп жинаған топ ең үздік топ болып саналады.

Әр топ мүшелері топтардан жинаған ақпараттарын дәптерлеріне кесте түрінде орындайды.

Дескрипторлар:

Шығыстың ортағасырлық ғалымдары Ұлықбек, Бабыр, Әлішер Науаидің атқарған қызметтерін «Mine map» ментальды картасында талдайды;

Шығыстың ортағасырлық ғалымдары Ұлықбек, Бабыр, Әлішер Науаидің еңбектерін «Mine map» ментальды картасында талдайды;

Шығыстың ортағасырлық ғалымдары Ұлықбек, Бабыр, Әлішер Науаидің мәдениетті дамуға қосқан үлесін «Mine map» ментальды картасында талдайды;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

35-40 мин

Рефлексия:

Не білдім?

Не үйрендім?

Сұрағым бар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу