Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр). Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, презентация.


Бұл адамдарды ортақ не байланыстырады?

Ұлықбек

Бабыр

Әлішер Науаи

Сабақтың тақырыбы:

Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр)

Оқу мақсаттары:

6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критерийлері :

Оқушылар ортағасырлық ғалымдар туралы сұрақтар төңірегінде топта талдау жасайды.

Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады;

«Шығыс Ренессанс» атты мәдени-тарихи феномен соңына дейін зерттелмеген, және ғылымдарда осы ұғым туралы әр түрлі пікірлер бар. Алғаш рет Шығыс Ренессанс туралы мәселені 1930-жылдарында кейбір зерттеушілер қозғаған. Көп жағдайда бұл терминді Азияда шығыс өнеріндегі мәдениеттің дамуын белгілеуге пайдаланады. 15-16 ғасырларда Әмір Темір ұрпақтарының мемлекеттеріндегі мәдени өркендеуді белгілеу үшін осы терминді пайдаланған орынды.

Осы тақырыптың негізгі есімдері: ғалым Ұлықбек, ақын Науаи, әмірші Бабыр жатады.

Шығыстың Қайта өлеу дәуірінің Батыспен салыстырғанда, бірнеше айырмашылықтарды атап өтуге болады.

Олар:

Ауқымы аз болды;

Орта ғасырды мойындамауы болған жоқ;

Көбінесе әдебиет және ғылым салаларында орын алды;

Араб ғалымдарының еңбектеріне сүйенген;

Топқа бөлу

1-топ Ұлықбек

2-топ Бабыр

3-топ Әлішер Науаи

№1 тапсырма. Мәтінді жеке оқып, топта сұрақтар төңірегінде талдау жасаңдар.

Топтық жұмыс

№2 тапсырма. Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін «Үш жақты күнделік» толтыр.

Жеке жұмыс

Дескрипторлар:

Ұлықбектің ғылыми еңбектері сол замандағы діни өкілдердің қоғамдық сана-сезіміне қалай ықпал еткенін анықтайды;

Ұлықбек обсерваториясының бүгінгі күнгі маңыздылығын анықтайды;

«Бабырнама» еңбегі арқылы орта ғасырлық мәдениеттің дамуына қандай үлес қосқанын анықтайды;

Әлішер Науаи өз еңбектері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келгенін анықтайды;

Бабыр, Әлішер Науаи еңбектерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын анықтайды;

Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады;

Сабақты қорытындылау:

Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? сұрағы төңірегінде 2 сөйлеммен ой тұжырымда.

/ кем дегенде 2 сөйлеммен ойыңды тұжырымда/

Рефлексия: Кім? Не? Неліктен? Қашан ? Қайда?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу