Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

№1 тапсырма: Бейнематериалды көре отырып, «отар», «метрополия», «конкистадор»

ұғымдарын мағынасымен сәйкестендіріңдер.

1

Отар

А

Отар иемденген мемлекет

2

Метрополия

В

Олар жаңа материкті бағындырмақшы болды, сондықтан олары конкистадор деп атады, испан тілінде – жаулап алушы деген мағынаны білдіреді

3

Конкистадор

С

Бiр елге тәуелді ел (бiр елдiң жаулап алған аумағы)

Қосымша 2

№2 тапсырма: Деректі оқып төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Дерекпен жұмыс.

Үндістер бас көтерді, бірақ олардың қаруы нашар, түкке тұрмайтын еді. Христиандар аттарымен, семсерімен, найзасымен оларға лап қойды. Барлық жерде қырғынға ұшыратты, құлақ естімеген қатыгездік жасады. Шынжырдан босанған ит сияқты, баланы да, әйелді де аямады, өсіп тұрғанды түбірімен жұлды, бәрін қиратты. Үндістерді тірідей отқа өртеді. Әрбір христиан үшін жүздеген үндіс өлтіріледі деп жариялады

(Лас Касас испандықтардың отарлардағы жыртқыштығы туралы).

1.XVІ ғасырда «экспансия» деген сөздің мәні қалай өзгерді?

2.Испандық және португалдық жаулап алушылар Америкадағы халықтарды қандай жолмен қанағанын түсіндір.

3.Мәтіндегі деректер негізінде испандықтардың Америкадағы әрекеттері жергілікті халықтарға қалай әсер еткенін сипатта.

Қосымша 3

№3 тапсырма: Өзгерістер түрлері жазылған кеспе қағаздарды жағымды(+), жағымсыз (-) деп екі бағанға бөліңідер. Бағанға орналастыру себебін түсіндіріңдер.

Әрбір топтардағы оқушыларға өзгерістер түрлері жазылған кеспе қағаздар таратылады.

Мысалы:

  • Континенттерде тарихтың өз жолымен дамуының бүтіндей бұзылуы;
  • Ежелгі өркениеттің көптеген ошақтарының қирауы;
  • Халықтар капиталистік нарыққа күшпен тартылды;
  • Байырғы тұрғындар санының қысқаруы;
  • Еуропаға картоп, қызанақ, темекі, дәмдеуіш дақылдар әкелінді;
  • Әлем туралы білімдері барынша кеңейді;
  • Басқа материктер мен ондағы халықтар туралы соқыр сенім мен жалған түсініктерін жоққа шығарды;
  • Шаруашылықта капиталистік қатынастың қалыптасуын тездетті;
  • Ғылыми білімнің кеңеюі;
  • Еуропада сауда мен өнеркәсіптің тез дамуына түрткі болуы; Қаржы жүйесінің банк ісі және несие сияқты жаңа формаларының қалыптасуы;
  • Бағындырылған халықтардың аяусыз құлдыққа салынуы, құлдық үшін жаралу және қырылу;
  • Еуропа елдеріндегі өнеркәсіп иелерінің және көпестердің баюы;
  • Негізгі сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына қарай жылжуы;
  • Шаруашылықтағы капиталистік қатынастың қалыптасуын жылдамдатты.
  • Сауда құрылымының өзгеруі;
  • Кейбір аудандарда тұрғындардың санының күрт азаюы немесе көбеюі (мысалы, Американың байырғы тұрғындары);
  • Қоршаған ортадағы өзгерістер, аурулардың таралуы, жануарлар және өсімдіктер дүниесімен алмасу (мысалы, темекінің Еуразиядан Солтүстік пен Оңтүстік Америкаға, жылқының Еуропадан Америкаға және жүгерінің Қытайдан Америкаға);
  • Еуропалық оқ-дәрілі империялардың көбеюі;
  • Халықтардың жаппай қоныс аударуы (мысалы, еуропалық отаршылдардың әлемнің барлық түкпіріне, африкалық құлдардың Америкаға және т.б);
  • Діндердің таралуы (мысалы, христиандықтың және т.б);


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу