Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 6.23.1

 

 VIII бөлім: Сауда, қолөнер және әлемді игеру

 Сабақ тақырыбы: Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?

 Оқу мақсаттары:

 6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;

 6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)

 Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 

 Сабақ компонентерінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеріңіз. Оқушылардың сабаққа қатысты көңіл-күйлерін жоғарлату мақсатында «Үш сыз санамақ» атты сергіту ойынды өткізіңіз. Оқушылар шеңберге тұрады, олар алдын ала белгіленген бір санды өткізіп, кезекпен, 1-ден бастап, сандарды айтады. Мысалы, 3 деген санды айтуға болмайды. Қателескен оқушы ойыннаң шығады. Ойынның соңында ең мұқият оқушы анықталады. Қажет болса, ойынды қайталуға болады.

 Тапсырма оқушылардың наразларын жинақтауға және сыныпта позитивті психологиялық микроклиматты құруға өте тиімді.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Ұлы географиялық ашулардың картасын ұсыныңыз.

 Оқушылардан осы саяхаттар туралы не білетіндерін сұрап, олардың ұсыныстарын тыңдаңыз.

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін, олардың хабарламаларын келесі мәліметтермен толықтырыңыз:

 Географиялық ашулар - зерттеушілердің жаңа географиялық объектілердің ашуы. География дамуының алғашқы кезеңдерінде жаңа географиялық объектілермен байланысты жаңалықтар басым болды. Бұрын белгісіз жер аймақтарының ашылуы (аумақтық ашулар, жаңа, бұрын зерттелмеген жерлерді ашу) ерекше маңызды болды.

 Көптеген географиялық жаңалықтардың ішінде тарихта «Ұлы географиялық ашулар» деп аталатындары бар. Осы ашулар кезінде теңіз саяхатшылар жылдарды өткізіп, жаңа ашылуларға өмірлерін де құрбан еткен.

 Теңіз саяхатшылардын тайынбас, батыл саяхаттары және олар ашқан жаңа құрлықтар мен халықтар тек әлемнің шекараларын кеңейтіп қана қоймай, барлық құрлықтардағы адамдардың өмірін өзгертті. Біз бүгін осылар туралы сабақта зерттейтін боламыз.

 Сабақ тақырыбын хабарлап, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептпен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады.

 

 3. Мәтінмен жұмыс. Оқушылардан оқулықтағы Ұлы Географиялық ашулардың себептері туралы материалдарды оқуды сұраңыз. Жұптасып жұмыс істеп, себептерді олардың маңыздылығы азаю бойынша тізбектеп жазады. Яғни, мәтіннен таңдап, себептерді олардың маңыздылығы бойынша саралау жасау керек.

 Оқушылар жауаптары:

 Ұлы географиялық ашылулардың себептері:

 - сауданың кеңейюі

 - техникалық жетістіктер (көп желкенді кемелер, компас, карталар)

 - «Алтынға үміт»

 - XV соңында - XVI ғасырдың басында шетелдік саяхаттарға қаражат бөлу және оларды ұйымдастыруға мүмкіндіктер туындады.

 - Жерорта теңізі аймағында халықтың аса тығыздығы

 - Осман-түріктердің сауда жолдарын жаулап алынуына байланысты Еуропадан Азияға жаңа жолдарды іздестіру үрдісі.

 Содан кейін оқушыларға жұппен талқылап, ең маңызды себептерді анықтауды ұсыныңыз.

 Тапсырма дескрипторлары:

 - Оқушы еуропалық теңіз саяхатының себептерін дұрыс анықтайды

 - Оқушы еуропалық теңіз саяхаттарының себептерін олардың маңыздылығы бойынша дұрыс реттейді

 - Оқушы еуропалық теңіз саяхатының басталуының ең маңызды себептерін анықтайды.

 

 4. Топтық жұмыс. Оқушыларды Ұлы географиялық ашулар дәуіріндегі еуропалық теңіз саяхаттары туралы материалдармен қамтамасыз етіңіз. Топтық жұмыс жасап, белгілі теңізшілердің келесі пікірлерінің мәнін түсіндіріп, осы сөздерді ақпараттық мәтіндерден дәлелдмелер келтіруді сұраңыз:

 1-ші топ: «Әлі күнге дейін ешкім ашпаған, жаңа материк таптық» (Х.Колумб).

 2-ші топ: «Сатуға әкелінген дәмдеуіштердің құны экспедицияны ұйымдастырудың құнынан 60 есе артық болды» (Васко да Гама)

 3-ші топ: «Жер бітімі шар тәрізді» (Ф.Магеллан)

 Тапсырма дескрипторлары:

  - Оқушы еуропалық теңіз саяхатшылардын пікірлерінің мағынасын анықтайды,

 - Оқушы теңіз саяхатшылардын пікірлерінің мәнін айқындайтын кем дегенде 5 дәлел келтіреді.

 Тапсырманың орындалу нұсқасы.

 1-ші топ. Колумбтің саяхаты: жаңа құрлықтарды - Орталық Америка мен Оңтүстік Американың солтүстік жағалауын ашты; Еуропада бұрын белгісіз болған өсімдіктер пайда болды: бұрыш, томат, картоп, жүгері, түйебұршақ; Жер туралы білім кеңейтілді.

 2-ші топ. Васко да Гаманың ашуларының маңыздылығы: Оңтүстік Азия елдеріне теңіз сауда жол салынды, Португалия ең қуатты теңіз державаға айналды және Үндістанмен өте тиімді сауда ісі дами бастады.

 3-ші топ. Фернан Магелланның экспедициясының маңыздылығы: Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеп, осы туралы дауларға өз мәресіне жетті, Дүниежүзілік мұхиттың бар екендігі дәлелденді.

 

5. Рефлекцияны жүзеге асыру үшін «Өрмекші» атты әдісті пайдаланыңыз.

 Оқушыларға ортасында өрмекші бейнеленген кластердің суретін көрсетіңіз, оның табандарынан әртүрлі геометриялық фигуралардың контурлары түрінде өрмекшінің өрмегі бейнеленген. Кластердің әр секторына келесі тұжырымдамалар жазылған:

  • Маған сабақта ең ұнағаны...
  • Мен үшін топта жұмыс жасау өте қызықты болды, себебі ...
  • Мені сабақта мұғалім ... .шін мақтады, себебі мен ...
  • Сабақ барысында тапсырманы орындауға маған ... көмектесті..
  • Осы сабақта бұрын алынған - ... туралы білімімді пайдаландым
  • Мен сыныпта алған білімдер мен дағдыларды өмірде осылайша қолданамын: ...

 Оқушылардан осы сөз тірек фразаларының біреуін таңдап, оған негізделіп ауызша немесе жазбаша түрде жауабын жеруді сұраңыз. Оқушылардың пікірлерін қорытындылаңыз, сабақта жасаған жұмыстарына алғыс айтыңыз.

  • Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз. Мысалы:

- Голдсмит Майк Космос «Ұлы саяхатшылар», Питер - Москва, 2014.

- Качур Елена «Ұлы саяхаттар», "Елена" Балалар басылымы, Москва, 2005.

Саралап оқыту мүмкіндіктері

 1апсырма. Көпшілік оұушылар үшін.

 «XV - XVII ғасырлардағы Ұлы географиялық ашулар» атты кестені толтырыңыз.

 Кесте толтырудың нұсқасы:

 

Саяхаттардың датасы

Саяхатшының есімі

Ашулар, жаңалықтар

Экспедицияны жабдықтандырғаң мемлекет

1487-1488 жж.

Бартоломео Диаш

Африканы айналып, Тынық мұхитына жетті

Португалия

1497-1499 жж.

Васко да Гама

Үндістанның жағалауына жетіп, Үндістанға теңіз жолды ашылды

Португалия

1492-1493 жж.

Христофор Колумб

Америка - жаңа құрлықтың ашылуы

Испания

1519-1522 жж.

Фернан Магеллан

Алғашқы болып Жер шарын айнала саяхат жасады

Португалия

 

 2-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.

 Мәтіндерде қай әйгілі теңіз саяхатшылары туралы айтылатынын анықтаңыз.

 1-мәтін.

 Саяхат кезінде Мозамбикке, Момбасаға, Малиндиге, Могадишоға барып, 1899 жылы 18 қыркүйекте Лиссабонға оралды. Бұл Үндістанға теңіз саяхатың жасаған алғашқы еуропалық болды. Экспедициядан тек 2 кеме және экипаждың 55 мүшесі оралды. 1500 жылдан бастап португалдықтар Үндістанмен сауда жасай бастады және әскери күшті пайдаланып оның аумағында қздерінің тірке форттарын құрды.

 Ал 1511 жылы Малакканы - дәмдеуіштердің шынайы елін - басып алды.

  (Жауабы: Васко да Гама)

 

 2-мәтін.

 Голландияда 1603 жылы туған, теңіз саяхатшы, зерттеуші және саудагер. 1642-1644 жылдары теңіз экспедицияларына жетекшілек жасағаны үшін бүкіл әлемге танылды. Танымал еуропалық саяхатшылардың арасынаң алғашқы болып Жаңа Зеландия, Тонга және Фиджи жағалауларына жетті.

 Экспедиция барысында жиналған деректер Австралияның жеке құрлық екенін дәлелдеді.

 (Жауабы: Абел Тасман)

 

 3-мәтін.

 1520 жылы 21 қазанда ол Барлық Қасиеттілер деп атаған бұғазының кіреберісін тапты. Кейін бұл бұғаз оны ашқан тұлғаның есімімен аталатын болды. 1520 жылғы 28 қарашада флотилия бұл бұғаздан Тынық мұхитына шықты. Осы сәтте кемелердің біреуі одан әрі жолдан бас тартып, артқа қарай бұрылып, елге оралды. Тынық мұхит арқылы өту 3 аймен 20 күнге созылды, оның барысында экипаждың көпшілігі аштық пен шөліркеуден қайтыс болды. Осы уақыт ішінде теңіз саяхатшысылар тек екі шөлді аралдарды кездестірді. 1521 жылдың наурызында олар Филиппин аралдарына жетті. Экспедиция жетекшісі екі жергілікті билеушілер арасындағы дауға араласып, Мактан аралындағы шайқаста қаза болды. Оның бес кемелерінің тек біреуі - «Виктория» - 1081 күнде жер шарын айналып, 1522 жылы 8 қазанда Севильяда якорь тастады. 265 экипажының мүшелерінің 18-і ғана үйлеріне оралды. Бұл экспедиция Жердің шар екені туралы гипотезаның дұрыстығын дәлелдеді және Дүниежүзілік мұхиттың болуын анықтады.

 (Жауабы: Фернан Магеллан)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу