Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материлал.


 Қосымша 1

 Ұлы географиялық ашылулар

 Батыс Еуропа елдерінде XV ғасырдың 1-жартысынан феодалдық құрылыс ыдырауға бет алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың одан әрі дамуына себепші болды. Теңге соғу үшін алтын-күміс металдарына деген сұраныс артты. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін арзан шикізат керек болды. Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген қауесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдар мен морж тісіне кенелгісі келді. Сөйтіп сауданың дамуы бұларды қауіп-қатерлі жаңа жерлер іздеуге итермеледі. Бұл кезде түрік жаулап алушылары олардың Кіші Азия мен Сирия арқылы Шығысқа баратын жолын толық жауып тастаған еді. Бұл жағдай Еуропадан Азияға баратын жаңа жолдар іздеуді қажет етті. Еуропалықтардың ашық теңізге шығып, алысқа жүзуге ұзақ уақыт бойы батылы бармады. Қолдарында дұрыс карталары мен теңіз құралдары болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүзді. Теңізшілер кеменің қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың орналасуы бойынша, толқыны жоқ жағаға түсіп қана білетін болды. Теңізшілерде құбылнама(компас) пайда болғаннан кейін ашық теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің жүрген жерін анықтайтын аспап - астролябия ойлап шығарылды. XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме - каравелла жасалды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды еді. Олардың түзу және көлбей орнатылған желкендері бар үш мачтасы болды және өзіне керекті бағытқа қарай ыққа да, желге де қарсы жүзе алды. Каравелламен алыс саяхаттарға шығуға болатын еді.

 https://kk.wikipedia.org/wiki

 

 №1 тапсырма. «Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістер» тақырыбында «Mine map» ментальды картасын құыңдар.

 Қарастырылатын бағыттар:

  •  Әлеуметтік саладағы өзгерістер
  •  Саяси саладағы өзгерістер
  •  Экономика саласындағы өзгерістер
  •  Мәдени саладағы өзгерістер

  

 

 

Ментальды карта жасауға ұсыныстар:

1.Негізгі тақырып ортаға жазылады.

2.Сөйлемдердің орнына негізгі ойды айқындайтын кілтті сөздер ғана жазылады.

3.Сөздер ортадан шеттерге қарай таралатын бұтақтарға жазылады.

4.Негізгі бұтақтарға иллюстрацияларда қосуға болады.

Бағалау критерийлері:

  • 4 сала бойынша ақпараттарды толық жазуы;
  • Спикердің баяндау шеберлігі;
  • Постерді шығармашылық тұрғыда безендіруі;
  • Уақытты тиімді пайдалануы;

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу