Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар 6.23.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау; 6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында) | ||
Сабақ мақсаттары | Ұлы географиялық ашулардың әлем өзгерісіне ықпалын анықтап, «Mine map» сызбасында талдау; | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| Өзгеріс пен сабақтастық | ||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу, еуропалық отаршылдар, құлдар, «оқ-дәрі империялары» Христофор Колумбтың ашуынан кейінгі алмасулар Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер Қысқаша мазмұнды жазу-мысалдар Қытайлар зерттеу саяхаттарына кедергі жасады өйткені ... Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ... Ең маңызды фактор ... болды Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ... Бәрінен айрылғандар мына адамдар ... Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені... | ||
Құндылықтарды дарыту
| - патриотизм; - өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту; -тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Ұлы географиялық ашулар) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушылар қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттары бойынша алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады. |
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-5 мин | БЫМ/Б Оқушыларға «Өзгеріс» деген сөзге ассоциация жасату.Өзгеріс деген сөзді қалай түсінетіндіктерін, қандай жағдайда өзгеріс орын алатынын сұрау. Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде өзгерістер орын алуы мүмкін бе? –деп оқушылар пікірін сұрап, сабақ тақырыбын анықтату. | Презентация | ||
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс түрі 5-35 мин
| Т Оқушыларды топтарға бөліп, «Географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде орын алған өзгерістер» тақырыбында «Mine map» ментальды картасын құру. Әр топ осы берілген салалар бойынша зерттеу жүргізіп, «Mine map» картасын сызады. «Mine map» сызбасында қарастырылатын сала бағыттары:
Нұсқаулық: Әр салаға ақпараттар кілтті сөздер арқылы жазылады. Әр топ «Mine map» сызбасын постерге орындаған соң, әр топтан бір көшбасшы топта қалып, белгіленген уақыт бойынша сызбаны түсіндіреді. Ал, қалған топ мүшелері сағат тіліне қарай, әр топтарға барып көшбасшылар түсіндірмесін тыңдайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері келесі топтың түсіндірмесін тыңдайды. Солай топтардың барлығын тыңдап болғанша жалғаса береді. Соңында өз топтарына келіп, көшбасшыға барлық топтардан жинаған ақпараттарын түсіндіреді. Қай топтың жұмысы жақсы болғанын ақылдаса келіп топ мүшелері өздерінің дауыстарын бір топқа беру арқылы стикермен бағалайды. Стикер санын көп жинаған топ ең үздік топ болып саналады. Дескрипторлар:
| Презентация Қосымша 1 | ||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Рефлексия:
| |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?