Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 16.1

 

VI бөлім: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам

Сабақ тақырыбы: Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды?

Оқу мақсаты:

6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

Тарихы концепт: дәлел

Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 Сабақтың басында ұйымдастыру және алдыңғы алған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Сабақтың басында оқушылардың эмоционалды жағдайын жақсарту үшін «Эстафета» атты тәсілді пайдаланыңыз. Оқушылар өз орнынан бір-бірден тұрып және бір ритмде бір-бірінен кейін дереу отырады. Алдынғы оқушы отырғанда, келесі оқушы тұруы қажет. Орнынан тұру тәртібің өзгертуге болады - парталардың қатарымен, партадаң партаға қарай, жыланша, екі адамнан кейін, бір мезгілде екі жағынан екі оқушы тұрады (қос эстафета), алфавитпен және т.б. Бұл тапсырмадағы басты нәрсе - басқа адамның іс-әрекетіне кедергі жасамау, кеңес бермеу, араласпау қажет, әйтпесе мұғалім эстафетаны тоқтатып, қайтадан бастау керек. Орнынан тұруды қол шапалақтау мен ауыстыруға болады.

 Жаттығу барысында өзіндік іс-әрекет жасау, сонымен қатар бір-біріне тәуелділік сезім орнату, ортақ іс-әрекетке керекті сәтті қосылуды сезіну қабілеттері дамиды, коллаботативті орта қалыптасады.

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға бірқатар сұрақтар қойыңыз: Жүзжылдық соғыс қай жылдары болды? Оның себептері қандай болды? Франция соғыстың алғашқы кезеңінде неліктен жеңіліске ұшырады? (елде бірлік болған жоқ, корольдің билілі әлсіз еді). Франциядағы Жүзжылдық соғыста жеңіске жеткеннен кейін не болды деп ойлаймыңдар?

 Оқушылар соғыстан кейін Франция орталықтандырылған мемлекетке айналды, өйткені соғыс кезінде, әсіресе Жанны Д/Арктың жеңісі кезінде, француздар алғаш рет бірліктің маңыздылығын және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғаудың маңыздылығын түсінді деген жорамалдарын айтулары мүмкін.

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтыра отырыпғ, айтыңыз: Жүз жылдық соғыс аяқталғаннан кейін Батыс Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасу процесі күшейе түсті.

 Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концптәсімен және бағалау критерилерімен танастырыныз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге зерттеу жұмысының бағыттарын анықтаңыз:

- XI Людовиктің билік құрған кезіндегі Францияның мысалында орталықтандырылған мемлекеттің белгілерін анықтау;

- Англиядағы орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасу үдерісін сипаттау;

- Франция мен Англияны бірігу үрдісінің ұқсастықтары мен айрмашылықтарын анықтау;

- сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 

 3. Терминологиямен жұмыс. Оқушыларға «сословиелік-өкілдік монархия» және «орталықтандырылған мемлекет» - осы екі негізгі терминді қамтитын қысқа мәтінді оқуды ұсыныңыз. Оқу алдында оқушылармен бірге «монарх» деген сөздің маңынасын талқылаңыз. Оқушылардың жорамалдарын тыңдап болған соң, монарх сөзі екі грек сөзінен шыққандығын: моно - бір және архио - билік, яғни бір адамның шексіз билігі туралы айтыңыз. Сонымен қатар, оқушыларға ежелде және орта ғасырларда әртүрлі елдердегі монархтардың қайдай лауазымдарын есте алуды ұсыныңыз. Оқушылар монархтардын қалай атағанын еске түсірулерін сұраңыз, мысалы: князь, ханзада, патша, император, король, цезарь, қайзер, фараон, шах, шейх, сұлтан, әмір, халиф, хан, қаған, мәлік, бий,бей, уәзір, тақсыр және т.б. Оқушылар дәптеріне осы сөздің анықтамасын жазады: монарх - авторитарлық билеушісі, мұрагерлікпен немесе сайлау нәтижесінде шектеусіз билікке келген мемлекет басшысы.

 «Сөзбе сөз» атты оқыту ойынды өткізіңіз. Оқушылар төменде берілген мәтінді дәлме-дәл, бір сөзді қалдырмай немесе сөздердің орнын алмастырмай айтуға тырысу керек. Егер оқушы қателік жіберсе, мұғалім «Тоқта!» дейді, оқушы қайтадан басталы керек немесе басқа оқушы оны ауыстырады.

 Орталықтандырылған мемлекет - күшті орталық билік айналасында саяси (жалпыға ортақ заңы бекітілген аймақ тұрғындарының бірігуі) және экономикалық (біртұтас нарықтың қалыптасуы) бірлігі қалыптасқан мемлекет. Орталықтандырудың қалыптасу кезінде король сословиелердің қолдауна мұқтаж болды және феодалдардың және қала тұрғындарының саяси құқықтарын қолдауға мәжбүр болды. Корольмен сословиелер арасындағы келісімнің нәтижесінде өкілетті органдар жандады: Англияда парламент, Францияда - Бас штаттар және т.б.

 Сословиелік-өкілдік органдар кең көлемдегі құқықтарға ие болды: олар қосымша салықты енгізуге тыйым салуға және қаржы мәселелеріне қатысты корольдің билігін бақылау (билікті шектеу) құқығы болды; мемлекеттік істерді талқылауға қатысты.

 Мұндай динамикалық оқыту ойыны оқушыларға тақырыптың негізгі терминдерін түсініп, есте сақтауға көмектеседі, олардың академиялық тілде сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

 

 4. Оқулық мәтінімен жұмыс. Франция мен Англияны бірігу үдерісін Жүзжылдық соғыс тоқтатты және Жүзжылдық соғыс аяқталғаннан кейін елдердің бірігуы аяқталғаны туралы оқушыларға түсіндеріңіз. Олардан сұраныз: Неліктен XV ғасырдың басында Франция мен Англияны біріктіру мүмкін болды, демек, корольдің билігі күшейе түсті?

 Бұл сұраққа толық жауап беру үшін оқушыларды оқулықтағы мәтінді оқып шығу және Англия мен Францияны бірігу үдерісінің экономикалық, саяси және әлеуметтік себептерін кестеге жазуды ұсыныныз.

 Англия мен Франциянын бірігу себептері:

 

Қоғамдық өмір салалары

Бірігудің себептері

Экономика

Саясат

Әлеуметтік даму

Тапсырмаға арналған дескрипторлар: Оқушылар:

  • Англия мен Францияның бірігуінің кем дегенде 3 экономикалық себебін анықтайды;
  • Англия мен Францияны бірігуінің кем дегенде 3 саяси себептерін анықтайды;

- Англия мен Францияны бірігуінің кем дегенде 3 әлеуметтік себептерін анықтайды.

Кестені толтыру нұсқасы:

Қоғамдық өмір салалары

Бірігудің себептері

Экономика

- Корольдің доменнін кеңеюі

- Корольдің доменінің айыруға болмайтын құқықтық тәжірибесі

- Дінбұзарлыққа қатысты жазаланған адамдардың жерлерін тәркілеу 

- Қызметі үшін жер иеліктерді сыйға беру тәжірибе тоқтатылды

- Аймақтар арасындағы еңбек бөлінуінің қалыптасуы

- Сыртқы және ішкі сауданың дамуы

- Өндіруші күштердің жылдам дамуы, мануфактуралардың пайда болуы.

- Тауар-ақша қатынастарының дамуы және елдің өңірлері арасындағы экономикалық байланыстардың орнатылуы.

- Ақшалай оброктің пайда болуы

Саясат

- Династиялық некелерді кесу

- Корольге тікелей бағынатын және жалақы алатын шенеуніктер қызметі құрылды, оған ірі феодалдақ араласа алмады

- Феодалдық бытыраңқылықтың салдарымен күресінде корольді халық қолдады

- Ұлы Географиялық ашулардың әсері

- Отанды сырты жаулапалушылардан қорғау қажеттілігі.

Әлеуметтік даму

- XIII-XIV ғғ. оба індеті.

- Қалалардың сеньорларымен күресі. Қалалар - корольдің тірегі болды.

- Халықтың басым бөлігінің (кіші, орта феодалдар, шіркеу, қала тұрғындары, шаруалар) күшті орталық билікке қызығушылықтыры.

- Шаруалардың көтерілістері

- Шіркеудің мүдделері.

  • Топтық жұмыс. Оқушылар топтарына Франция мен Англияны бірігу үдерісін сипаттайтын материалдарды берініз. Топтарда талқылау барысында оқушылар осы елдердің бірігу үдерісінде ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтайды:

1-топ ұқсас белгілері

2-топ айрымашылық белгілері

Оқушылар дескрипторларға сәйкес постерлерды дайындаулар керек:

  • Топ мүшелері постерде кемінде 3 ұқсастық пен айырмашылықты белгіледі
  • Постерде тек маңызды ақпарат көрсетіледі
  • Топ оппоненттерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Оқушылардың жауаптарынын нұсқасы:

Ұқсастықтары:

 - Сословиелік-өкілдік органдардың құрылуы (Англиядағы парламент, 1265 жыыл және Франциядағы Бас Штаттар, 1302 жыл),

 - Орталық билікті нығаяы корольдің иеліктерінің – доменнің - өсуімен байланысты болды,

 - ірі феодалдықтарға қарсы күресінде корольтің тірегі қалалар болды,

 - монархқа жеке-дара бағынатын мемлекеттік басқару аппараты ұйымдастырылды (шенеуніктер, судьялар),

 - Франция мен Англиядағы орталықтандыру үдерісіне айтарлықтай әсер еткен 1337-1453 жж. Жүзжылдық соғыс болды.

Айырмашылықтар:

Франция

Англия

Францияның біржолата бірігу королі XI Людовик кезенде аяқталды.

Абсолюттік монархияның негізін қалаған - Англия королі VII Генри Тюдор (1485-1509 жж.) болды

Корольдің ірі феодалдармен күресі

Англияны нормандардың жаулап алуының нәтижесінде феодалдар корольдің вассалдарына айналды; нормандардың жаулап алуы король билігін нығайтуға көмектесті

Бас Штаттар корольдің бастамасымен шақырылды

XV ғасырдағы Алқызыл және Ақ Роза соғысы кезінде елдің барлық ауқатты тұрғындары қайтыс болды, бұл орталық биліктің нығаюына әкелді

Парламент ақсүйектер мен қала тұрғындары бастамасы бойынша шақырылды

Англияда Францияға қарағанда ел бірігуіне қолайлы жағдайлар көбірек болды.

 Бөлінген уақыттың соңыңда оқушылар сынып алдында өз пікірлерін айтады, қалған топтар сұрақ қояды, топтардың пікірлерін талқылайды.

 Оқушылар жалпы себептердің болуы - феодалдық қоғамның бытыранқылықтан орталықтандырылған мемлекетке айналуы – тарихи заңдылықтың көрсеткеші болып табылады деп, алған білімдерін қорытындылайды.

 

  • Рефлексия кезеңінде «Бір минуттік эссе» әдістемесін өткізіңіз. Оқушыларға «Орталықтандырылған мемлекеттің бытыраңқылы мемлекетінен қандай артықшылықтары бар?» тақырыбында қысқаша эссе жазуды ұсыныңыз.

Эссе жазу критерийлері:

  • Эссе 50-70 сөзден кем емес болу керек
  • Эссе мәтінінде тақырыптың сұрағына жауап болу керек
  • Эсседе тақырыптың сұрағына жауабын айқындайтын кемінде 3 дәлел болуы керек.

 Бір минуттан соң оқушылардаң өз жұмысын оқып беруін сұраңыз, басқа оқушыларға шығарманы эссе жазу критерийлеріне сәйкес бағалауды сұраңыз.

 

7. Үй тапсырма ретінде оқушыларға сабақтын тақырыбы бойынша қосымша әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:

  • Жак Эрс XI Людовик: корольдің қолөнері
  • Томас Роджер Тюдорлар әулетінің қалыптасуы”.

 

 Сабақтың тақырыбына қатысты қосымша теориялық материалдар

 

 Мәтін: «Пиреней түбегінде орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптастыру»

 

 

 VII-VIII ғасырларда Пиреней түбегі арабтар (еуропалықтар оларды маврлар деп атады) жаулап алды. Елдің солтүстігіндегі Астурия деп аталатын кішкентай таулы аймағы ғана тәуелсіздігін сақтап қалды. Реконкиста - арабтардың жаулап алынған жерлерін қайтарып алу үдерісі - VIII ғасырдың бірінші жартысында басталды.

 Реконкиста ошақтары – түбектің солтүстігінде орналасқан Астурия, Галисия және Баскония христиан мемлекеттері, сондай-ақ шығыста Испандық маркасы болды. Реконкистаның жетістіктері оның жаппай, бүкілхалықтық сипатына және христиан діні үшін күрес нысанын қабылдауыға байланысты сәтті болды.

 Пиреней түбегінің солтүстігінде Реконкиста нәтижесінде Кастилия («Замоктар елі») және Арагон корольдіктері, ал Пиренейде - Наварре пайда болды. Түбіктің батысында, Кастилия құрамынан Португалия корольдігі бөлініп шықты.  

 Шамамен 1030 ж. Омейядтар әулеті 756 жылы негізін қалаған Кордова халифаты оңдаған тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.

 Реконкиста XI ғасырдың ортасынан бастап XIII ғасырдың ортасына дейін өзінің ең маңызды жетістіктеріне қол жеткізді. Көп ұзамай мавырлардың қолында Пиренейдің оңтүстікте орналасқан Гранадалық эмират қана калды.

 1479 жылы Кастилия мен Арагон корольдіктері ерлі-зайыптылар - Кастилияның билеушісі Изабелла мен Арагонды басқарған Фердинанд - Испан корольдігінің негізін қалады. 1492 жылы Фердинанд пен Изабелла әскерлері Гранаданы басып алды. Осыдан кейін арабтар басым болған жылдары байып күшейген еврей қауымын елден шығару туралы жарлық қабылданды. Католиктік корольдер Фердинанд пен Изабелла Испанияны «таза сенімді» ел ретінде көргісі келді. Еретиктермен күресу үшін Томас Торквемада басқарған инквизиция құрылды.

 (Дереккөзі: https://www.examen.ru)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу