Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


XI Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі

 Францияны біріктіру негізінен VII Карлдың баласы XI Людовиктің тұсында (1461-1483) аяқталды. Король билігінің күшеюі ақсүйек феодалдарға ұнамады. Өздерінің тәуелсіздігінен айырыла бастаған олар корольге қарсы одақ кұрды. Оны Батыр Карл деп аталған Бургундия герцогі басқарды. Ол ағылшын королі IV Эдуардпен құпия келісім жасады.

IV Эдуард басқарған ағылшын әскері Ла-Манш бұғазынан өтіп, Кале қаласына келіп орнықты. XI Людовик істі бітіммен шешуді ойлап, оның әскеріне азық-түлік пен арақ-шарап жіберді. Ал IV Эдуардтың өзіне көп ақша беріп, оның Батыр Карлмен одағын бұзуын, еліне кайтуын өтінді. IV Эдуард француз королінің бұл ұсынысын қабылдады. Англия мен Франция арасында бітім жасалды. Ол бойынша XI Людовик IV Эдуардқа жыл сайын ақшалай салық төлеп тұратын болды.

XI Людовик пен Батыр Карл арасындағы күрес он жылдан астам уақытқа созылды. Король герцог Батыр Карлды ашық соғыста жеңу қиын екендігін жақсы білді. Сондықтан ол герцогті көршісімен араздастырып, бір-біріне айдап салды. 1477 жылғы соғыста бургундықтар жеңілді. Батыр Карл қаза тапты. Оны корольге сатылған өзінің жақындарының біреуі өлтірді-міс деген жорамал жасалды.

Тапсырма

  • XI Людовиктің мемлекет біріктіруде қолданған әдістерін анықтау;
  • «7 қадам» кестесін пайдалан отыра, «Осы монарх орталықтанған мемлекет құрды» тұжырымын дәлелдейді.

Дескрипторлар:

  • XI Людовиктің мемлекет біріктіруде қолданған әдістерін анықтайды;
  • Тұжырымды дәлелдейді;
  • «7 қадам» кестесін қолданады.

«Орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттердің басты белгілері»

Бір король – бір мемлекет

Соғыс болмайды – барлығы бір-біріне қарсы

Армия монархқа бағынышты

Бірыңғай басқару жүйесінің дамуы

Ұлттық шіркеудің қалыптасуы

Монарх – Құдайдың жердегі өкілі

Бірыңғай салық жүйесі

Король салықты тек өзінің доменінен алады.

Бір король – бір мемлекет

Мемлекет ішінде алауыздықтар тоқтатылды

Барлық тұрғындарға бірдей салықтардың енгізілуі

Ірі феодалдар сепаратизмге ұмтылады, бекіністер мен замоктар салады.

Король – теңдердің арасындағы бірінші

Бірыңғай заңдар жинағы

Феодалдардың қайшылықтары

Тұрақты армия

Бір шіркеу

Басқару аппараты

Бір қазына

Бытыраңқылық мемлекет

Орталықтанған мемлекет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу