Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 16.2
VI бөлім: XIV - ХVІ ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық еуропалық қоғам.
Сабақ тақырыбы: Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды?
Оқу мақсаты:
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Тарихы концепт: дәлел
Сабақтың өзара байланыс компоненттері:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Сабақтың басында оқушылардың эмоционалды жағдайын жақсарту үшін «Жапон машинкасы» әдісін пайдаланыңыз. Оқушыларға өз орындықтарында отырып, синхронды түрде қозғалыс (машина сияқты) орындау керек: 1) алдыңызда қолдарыңмен шапалақтау, 2) қолдарыңмен екі тізені шапалақтау - оң қолы оң жағынан, сол қолы - сол жағынан, 3) шынтақты түзетпей, оң қолды оң жағына лақтырады және саусақтарымен тықылдатады, 4) Сол сияқты сол қолы мен жасайды; содан кейін қайталайды 1) қайтадан алдыңызда қолдарыңызбен шапалақтау, 2) ... және т.б. Сынып оқушылары осы кимылдарды бір қалыпта және синхронды орындаулары керек, қозғалыс жылдамдылығын бірте-бірте арттырады, бұл қарқынды жетекші оқушы көрсетіп тұрады. Жаттығуды одан әрі қиындату үшін сөйлеуді енгізіңіз: әр шертпекке оқушылар алдын ала бөлінген сандарын айтылады, мысалы: 1-1, 2-2 и т.б.
Жаттығу өзбетінше және ортақ іс-әрекетке ену қабилетін, бір-біріне тәуелділік сезімін туындатады, коллаборативті ортаны және оқушылардың көтерінкі көңіл-күйін қалыптастырады.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Францияның екі картасын көрсетіңіз - 14 провинцияларға бөлінген Жүзжылдық соғысқа дейінгі елдің аумағын және Жүзжылдық соғыс аяқталған соң біріктірілген Францияның аймағын. Оқушылардан сұраңыз: Бұл екі картаның айырмашылықтары неде? Олардың қайсысы бытыраңқы мемлекетті бейнелейді және қайсысы орталықтандырылған мемлекетті бейнелейді? Неліктен соғыс аяқталғаннан кейін Франция біртұтас орталықтандырылған мемлекетке айналды деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып, Жүзжылдық соғыс аяқталғаннан кейін Батыс Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасу процесі күшейгенін айтыңыз. Бұл үдеріс сабақта Франция мен Англия үлгілерінде қарастырылатын болады.
Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.
Оқушылармен бірге зерттеу жұмыстың бағыттарын анықтаңыз, мысалы:
- XI Людовиктін басқарған кездегі Францияның мысалында орталықтандырылған мемлекеттің белгілерін анықтау;
- Англиядағы орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасу үдерісін сипаттау;
- Франция мен Англияның бірігу үдерісінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
- сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.
3. Терминдермен жұмыс. Оқушыларға осы сабақта бірнеше жаңа терминдермен (монархия, орталықтандырылған мемлекет, парламент, Бас Штаттар, сословиелік-өкілдік органдары ) жұмыс істейтіндері туралы айтыңыз.
Бұл терминдердің бөліктері карточкаларда жазылып, хатқалталарға салынған. Осы конверттерді 4 топқа таратып, терминдердің анықтамасын кесілген қағаздарды пайдаланып құрастыруларын сұраңыз.
1-топ. Монарх - жалғыз өзі билеуші, мұрагерлік жолмен немесе сайланған (сирек кездеседі) мемлекет басшысы. Әр түрлі елдерде монархтардын түрлі лауазым атаулары пайдаланылған: ханзада, князь, патша, император, король, цезарь, қайзер, фараон, шах, шейх, сұлтан, әмір, халиф, хан, қаған, мәлік, уазір, мырза және т.б.
2-топ. Орталықтандырылған мемлекет - күшті орталық билік айналасында саяси (жалпыға ортақ заңдарға бағынатын қоғам) және экономикалық (бірыңғай нарықтың қалыптасуы) одағы қалыптасқан мемлекет.
3-топ. Орталықтандырудың қалыптасу кезінде король сословиелердің қолдауна мұқтаж болды және феодалдардың және қала тұрғындарының саяси құқықтарын қолдауға мәжбүр болды. Корольмен сословиелер арасындағы келісімнің нәтижесінде өкілетті органдар жандады: Англияда парламент, Францияда - Бас штаттар және т.б.
4-топ. Сословиелік-өкілдік органдар кең көлемдегі құқықтарға ие болды: олар қосымша салықты енгізуге тыйым салуға және қаржы мәселелеріне қатысты корольдің билігін бақылау (билікті шектеу) құқығы болды; мемлекеттік істерді талқылауға қатысты.
Мұндай динамикалық оқыту ойыны оқушыларға тақырыптың негізгі терминдерін түсініп, есте сақтауға көмектеседі, олардың академиялық тілде сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
4. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу. Франция мен Англияны бірігу үдерісін Жүзжылдық соғыс тоқтатты және Жүзжылдық соғыс аяқталғаннан кейін елдердің бірігуы аяқталғаны туралы оқушыларға түсіндеріңіз. Оқушылардаң сұраныз: ХV ғасырдың басында Франция мен Англияның орталықтандырылған мемлекеттеріне айналуының қандай салдары болды?
Бұл сұраққа толық жауап алу үшін оқушыларды оқулық мәтінің оқып шығуды және топтарда жұмыс жасап, тапсырманы постер жасау арқылы орындауды ұсыныныз:
1- топ – елдердің бірігуінің экономикалық салдарларын анықтау
2- топ – елдердің бірігуінің саяси салдарын анықтау
3- топ – елдердің бірігуінің әлеуметтік салдарын анықтау
Тапсырмаға арналған дескрипторлар: Оқушылар:
- Англия мен Францияны бірігуінің кем дегенде 3 экономикалық салдарды анықтайды;
- Англия мен Францияны бірігуінің кем дегенде 3 саяси салдарды анықтайды;
- Англия мен Францияны бірігуінің кем дегенде 3 әлеуметтік салдарын анықтайды.
Оқушылардың жауаптарынын нұсқасы:
Экономикалық салдары | Саяси салдары | Әлеуметтік салдары |
- Корольдің билігі арта түсті, - Король елдегі ең ірі жер иеленушісі болды - Король қалалар мен сауда-саттықтың дамуына қамқорлық етті; - бағынғысы келемеген феодалдардың жер иеліктері қазынаға тәркілендіі; - Сыртқы және ішкі сауданың дамуы жеделдетілді - Жыл сайын халықтан салық жинау ұымдастырылды; - Тауар-ақша қатынастарының дамыу және елдің өңірлері арасындағы экономикалық байланыстардың орнатылуы. | - Елде тәртіптік қамтамасыз етілді, ішкі соғыстар тоқтатылды - Корольдің билігіне бағынышты шенеуніктерден тұратын әкімшілік аппарат құрылды. - Англияда біртұтас корольдік армия құрылды, - Франциядағы корольдің билігі абсолюттік биліктің белгілеріне ие бола бастады - Францияның ірі сауда флоты пайда болды. - Ағылшын парламентінде корольдің өз адамдары көбейді; - Ағылшын монархының билігі абсолюттік болды. | - Мәдениеттің дамуды жеделдетілді - бірыңғай француз тілі қалыптасты; - шіркеу корольге бағындырылды. |
5. Жұптық жұмыс. Оқушылар топтарына Франция мен Англияны бірігу үдерісін сипаттайтын таратпа материалдарын беріңіз. Жұптарда талқылау жүргізіп, оқушылар Венндиаграмманы толтырып, сұрақтарға жауап береді:
- Осы елдерде орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы қашан аяқталды?
- Осы елдердегі қандай оқиғалар орталықтандырылған мемлекет құру үдерісін жеделдетті?
- Орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасуында кім негізгі рөл атқарды?
- Корольдер орталықтандырылған мемлекетті құру барысында қандай әдістер мен жолдарды қолданды?
- Бұл мемлекеттерде қандай сословиелік-өкілдік органдар пайда болды?
- Қай елде корольдің билігі абсолютті болды?
- Орталықтандырылған мемлекет құру кезінде корольдер қандай әлеуметтік топтарға сүйенді?
- Бұл елдердің бірігу үдерісінде ұқсас белгілері қандай?
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
- оқушылар Венндиаграмманың барлық сұрақтарына жауап береді, Англия мен Франция орталықтану процесінің ерекшеліктерін анықтайды,
- оқушылар осы екі елдің бірігу үдерісінің ортақ ерекшеліктерін анықтайды.
Бөлінген уақыттың соңыңда оқушылар сынып алдында өз пікірлерін айтады, қалған топтар сұрақ қояды, топтардың пікірлерін талқылайды.
Оқушылар жалпы себептердің болуы - феодалдық қоғамның бытыранқылықтан орталықтандырылған мемлекетке айналуы – тарихи заңдылықтың көрсеткеші болып табылады деп, алған білімдерін қорытындылайды.
6. Рефлексияны жүзеге асыру үшін «Дейін және кейін» әдістемесін өткізіңіз.
Оқушыларға сабақ барысындағы жетістіктерін келесі тұжырымдамаларды толықтыру арқылы корытындылауды ұсыныңыз:
- Мен бұл туралы білмедім ... енді білемін...
- Мен істей алмадым ...., бірақ енді істей аламын....
- Мен ... түсінбедім, енді түсінетін болдым ....
Оқушылардің кейбір пікірлеріне кері байланыс беріп, сыныптағы жұмыстарына алғыс айтыңыз.
7. Үй тапсырма ретінде оқушыларға сабақтын тақырыбы бойынша қосымша әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:
- Жорж Монторгей “ XI Людовик ”
- Петрушевский Д.М. “Ағылшын королі VII Генрих”, Брокгауздын жіне Ефронанын Энциклопедиялық сөздігі.
Сабақтың тақырыбына қатысты қосымша теориялық материалдарМәтін:«Еуропадағы орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасуы»
Еуропа елдерінің, әсіресе Ұлыбритания мен Францияның саяси бірігуі ұзақ уақытқа созылды және осы елдердің ішінде, сондай-ақ Англия мен Франция арасындағы соғыстармен қатар жүрді.
Күшті орталықтандырылған мемлекетті құру барысында XI Людовиктің ең қауіпті қарсыласы және негізгі кедергісі - Франциядағы соңғы ірі сеньориалдық иелікке арналған Бургундия герцогствосы болды. Оның билеушілері король билігіне бағынбады. Бұл герцогствоны корольдің билігіне бағындару Францияның бірігу үдерісінің аяқталуына әкелді. XI Людовиктің билігінің аяқталуына орай, тек қала-порт Кале және Бретань герцогствосы король билігінен тыс қалды. XV ғасырдың соңына қарай Францияда корольдің билігінің күшеюіне байланысты бұрынғы бөлінген аймақтардың көпшілігін бір елге, мемлекетке біріктірілді. Осы кезден бастап халық өздерін француз деп сезіне бастады, барлық елге ортақ француз тілі мен мәдениеті дами бастады.
Жүзжылдық соғыстағы жеңілістен кейін Англиядағы жағдай көптеген белгілерімен ХV ғасырдың басындағы Франциядағы жағдайға ұқсас болды. Англия королі VI Генрих билік жүргізген кезінде беделді отбасылар арасында қақтығыстар шиеленісіп кетті. Бұл бәсекелестік Отыз жылдық ішкі соғысқа (1455-1485 жж.) айналды. Бұл соғыс қарсыластардың елтаңбаларындағы суреттерге сәйкес Алқызыл раушан және Ақ раушан соғысы деп аталды. Ұзақ уақытқа созылған соғыс нәтижесінде көптеген ағылшын ауқатты әулеттерінің және ең ықпалды отбасылар өкілдері қайтыс болды. Бұл соғыс 1485 жылы билікке келген жаңа король VII Генрих Тюдордың қуатты билігін қалыптастыруға негіз болды.
Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттік құрылымдарын айтатын болсақ - Германия мен Италияның - олар Х-ХI ғасырларда бір мемлекетте - Қасиетті Рим империясында біріктірілді. Бұл құрылымды Римдегі католик шіркеуінің басшысы - Папаның қолдауымен билікке келген неміс императорлары басқарды. Көптеген феодалдық соғыс жылдарында бұл империя көптеген тәуелсіз бөліктерге: князьдіктерге, корольдіктерге, қала-республикаларға және Папа облысына бөлінді.
Гогенштауфендер әулетінің құлағанынан кейін Германияда күші билік болмады. Тақ үшін үздіксіз күрестің болғандықтан, билік кейбір кездерде әкеден балаға берілмеді. Германияда ортақ астана, бірыңғай үкімет, бірыңғай ақша жүйесі болған жоқ.
XIV ғасырдың ортасында Германияның басшысы король IV Карл болды. Ол әкесінен Чехияның тәжін де мұра ретінде қолына алды. Бірақ ол елді біріктіре алмады, сонымен қатар, ол князьдердің тәуелсіздігін мойындады және олардың өзара соғыстарын жүгізу құқықтарынана ажырата алмады.
Италияда Қасиетті Рим империясының ыдырағаннан кейін көптеген тәуелсіз шағын мемлекеттер – республика-қалалар, корольдіктер және Рим ұаласы орталығы болған Папа облысы құрылды.
(дереккөзі: http://redstory.ru)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?