Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 16.2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

 Сабақ мақсаттары

XI Людовиктің қызметін талдаудың мысалы ретінде орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасуының маңыздылығын дәлелдеу.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттердің ерекшеліктерін біледі.
  • «7 қадам» кестесі бойынша XI Людовиктің саясатын талдайды.
  • Орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттер бойынша карточкаларды жіктейді.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

маңыздылық

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қысқа мерзімді салдары:

Орта мерзімді салдары:

Ұзақ мерзімді салдары:

Жүзжылдық соғыстың сылтауы.... болды

Жүзжылдық соғыстың себептері … болды

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (кескін карта)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

БЫМ/Б Мұғалім оқушыларға феодалдық-бытыраңқылық Францияның картасын көрсетіп, қысқаша ақпарат береді: «Франция 14 тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді, оларды графтар мен герцогтар биледі». Сұрақтың талқылануы: Бұл жағдай Францияның неге әкелуі мүмкін?

Талқылау нәтижесінде оқушылар Францияны біріктірілуі туралы қорытынды шығара алады.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

  • Орталықтанған мемлекеттердің құрылу себептерін анықтайды.
  • Орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттердің ерекшеліктерін анықтайды.
  • Францияның орталықтандырылуының тарихи маңызын анықтайды.

Презентация

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

5-15

М/Б мұғалім оқушыларға «Жүзжылдық соғыстың аяқталуы. Францияның бірігуі» атты бейнебаянды көруге ұсынады. Тапсырма: концепт картаны толтыру, бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылу себептерін анықтау.

Дескрипторлар:

  • Бейнебаянды басты ақпаратты алады.
  • бір орталыққа бағынған мемлекеттің кем дегенде 6 себептерін анықтайды.

Т Кейбір топтар жауаптарын қорғайды, жалпысыныптық талқылау, мұғалім кері байланыс береді.

Б Талқылауға сұрақ: Францияда орталықтандырылған мемлекет құру қажет болды ма?

М/Т Мұғалім оқушыларға орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттердің белгілері бар ақпаратты таратады. Оқушылар белгілерді екі топқа жіктеу қажет: бытыраңқы және орталықтанған мемлекеттер, оларды екі түрлі –түсті маркермен белгілекі қажет.

Дескрипторлар:

  • бытыраңқы мемлекеттің белгілерін анықтайды;
  • орталықтанған мемлекеттің белгілерін анықтайды;

Б Жалпысыныптық талқылау. Оқушылар жауаптарын дәлелдейді. Мұғалім оқушылар жауаптарына кері байланыс береді.

Б Сұрақты талқылау: Орталықтандырылған мемлекет пен бытыраңқы мемлекет арасындағы қандай айырмашылық бар? Қоғамның қандай топтары орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасуы тиімді деп санаған? Неліктен? Қоғамның қандай топтары орталықтандырылған мемлекетке қарсы болды және неге?

Ж Мұғалім оқушыларды жазба қорытынды жазуды сұрайды. Францияда орталықтандыру үдерісінің тарихи маңызы неде?

Дескрипторлар:

  • мемлекеттің одан әрі дамуы үшін орталықтандырылған мемлекеттің маңыздылығын түсіндіреді;
  • көзқарасты дәлелдейтін кемінде 3 дәлел келтіреді;
  • дәлелді қорытынды жасайды.

Ж кейбір оқушылар жауаптарын оқиды. Қалған оқушылар комментарий жасайды, жауапты толықтырады.

Бейнебаян

«Жүзжылдық соғыстың аяқталуы. Францияның бірігуі»

https://www.youtube.com/watch?v=d1MBuMqmno8

Дидактикалық материал

Концепт карта

Дидактикалық материал: «Орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттердің белгілері», маркерлер

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Ж оқушылар келесі сұраққа жауап береді: Бытыраңқы мемлекеттер мен орталықтанған мемлекеттер арасында қандай байланыс бар?

И Рефлексия «5 саусақ» әдісі бойынша жүргізіледі.

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу