«Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 15.1

 

 VI бөлім: XIV - XVI ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық еуропалық қоғам.

 Сабақ тақырыбы: Қара індет шаруа көтерілістерінің және феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма?

 Оқыту мақсаты:

 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;

 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

 Тарихы концепт: себеп пен салдар

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру және бұрынғы алған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Сабақтың басында оқушылардың эмоционалдық жағдайын рефлексиялау үшін «Аралдар» әдісін пайдаланыңыз. Оқушыларға бірнеше аралдар адамның эмоционалдық жағдайының сипаттайтын атаулары жазылған слайд көрсетіңіз. Аралдардың атаулары: Жайлылық аралы, Дәмелену аралы, Күту аралы, Шабыт аралы, Үміт аралы, Көңіл толмаушылық аралы, Сенбеушілік аралы.

 Оқушылардан осы аралдардың біреуін таңдап, өзідерінің көңіл-күйі туралы бөлісуін сұраңыз. Оқушылар бұл аралды неліктен таңдағандықтары туралы әнгімелейді.

 Мұндай жұмыс оқушыларға «осы жерде және қазір» сәтке көңіл аударуға көмектеседі, сабаққа эмоционалды дайындықтарын қамтамасыз етеді және мұғалім оқушыларды жақсы түсінуіне, сабаққа, пәнге қатысты оқушылардың көзқарастарын білуіне және өзіне сенімді емес оқушыларды оқу іс-әрекеттерге белсенді қатыстыруына көмектеседі.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға феодалдарға қарсы еуропалық шаруалардың көтерілісін бейнелейтін суретті ұсыныныз. Оқушылардан сұраңыз: Сендер не көріп тұрсыңдар? Қандай оқиға бейнеленген? Қандай сұрақтар қоюға болады? Қандай қорытынды жасауға болады?

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып, Еуропадағы обадан кейін шаруа көтерілістері мен Еуропада Жүзжылдық соғыс басталғанын айтыныз. «XIV ғасырдағы шаруа көтерілістерінде Қара індет және Жүзжылдық соғыстың үні естіледі» деген сөздер бар. Сабақта оқушылар Қара індеттің ұзақ мерзімді салдарын анықтайтын болады.

 Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептісімен және бағалау критерилермен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге сабақтағы зерттеу жұмысының бағыттары анықталады:

 - Қара індет салдарын берілген категориялар бойынша сипаттау;

 - Англия мен Франциядағы шаруалардың көтерілістерінің себептері мен салдарын анықтау;

 - Қара індеттің салдарының шаруалар көтерілістеріне тигізген әсерін зерттеу;

 - Сабақтың тақырыбына қорытынды жасау.

 

 3. Оқулық мәтінімен жұмыс. Оқушыларға оқулықтың мәтінің оқып, Т-кестеде Қара індеттің салдарын жазуды ұсыныныз:

 

 Қысқа мерзімді салдары

 Ұзақ мерзімді салдары

 

 

 Оқушылардың жауаптарының нұсқасы:

 Қысқа мерзімді салдары:

  •  Өңделмеген егістіктер қараусыз қалды;
  •  Көптеген ауылдар босап қалды, егісте жұмыс жайтын шаруаларды табу қиынға соғып, феодалдардың шаруаларға деген көзқарасы өзгерді – оларды басыбайлылықтан босата бастады;
  •  Тірі қалған феодалдар және бұрынғы ауқатты шаруалар арасында жер үлестері қайта бөліске түсті;
  •  Ауылдарға қарағанда, қалаларда өлім-жітім әлдеқайда жоғары болғандықтан, көптеген шаруалар жұмыс табуға үміттеніп, қалаға көшті;
  •  Ақшаның құнсыздануы;
  •  Кейбір шіркеулер мен монастырьлар діни қызметкерлер мен монахтар болмағандықтан қызмет ете алмады. Көп діни қызметкерлер қайтыс болды, себебі олар науқастардың тәубелерін қабылдау кезінде өздеріне ауруды жұқтырып, қайтыс болған.

 Ұзақ мерзімді салдары:

  •  Халық санының азаюы, Еуропада адамдардың үштен бірі қайтыс болды;
  •  Барлық мәселелерді шешудің негізгі әдісі дін болған қоғамда, дұға обадан құтқармады, бұл католиктік шіркеудің ықпалын әлсіретті. Ырымшыл адамдар Рим папасын халық арасында таралған Құдайдың қаһарлы жазасының басты себепшісі деп есептеді;
  •  Әр түрлі діни ағымдар мен еретикалық ілімдер таралды;
  •  Адамдар Көкке үміт ете бермей, өз өмірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алу керек екенін түсінді. Сондықтан белсенді, әрекетшіл адамдар көбейді;
  •  Өнімдердің бағасы өсті;
  •  Шаруалар мен қолөнершілердің жалақысы көбейді (шатыршылар, таспен қалаушылар, теміршілер, балташылар және т.б.);
  •  Шаруаларға өз қожайындарын тастап, қалаға кетулеріне тыйым салынды;
  •  Оба қоғамның жоғарғы топтары Құдайдың өзі қорғайды деген бұрынғы сенімге нұқсан келтірілді;
  •  Адамдар әлеуметтік теңдік туралы ойлауды бастады, себебі оба кедейлерді де, байларды да аямады. Адамдарда Құдайдың алдында тең болса, онда неліктен кейбіреулері түрлі артықшылыққа ие болулары мүмкін деген сұрақтар пайта болды;
  •  Медицинаның дамуы: «карантин» тұжырымдамасының пайда болуы, залалсыздандыру құралдарының жасала басталуы;

 - Еуропада шаруалар көтерілістері таралды;

 - Еуропада Жүзжылдық соғыс басталды.

 Тапсырманың дескрипторлары: Оқушы:

  •  Қара індеттің кемінде 7 қысқамерзімді салдарын анықтайды;
  •  Қара індеттің кемінде 7 ұзақмерзімді салдарын анықтайды;
  •  Қара індет жойылғаннан кейін Еуропадағы өзгерістер туралы қорытынды жасайды.

 

 4. Бейне ресурспен жұмыс. Оқушыларға Жүзжылдық соғыс туралы бейнеролик көрсетіңіз, бейне көру барысында оқушыларға келесі мәліметтерді дәптеріне жазып алуларын сұраңыз:

  •  Соғыс басталған жылы (1337 ж.)
  •  Соғыстың себептері (Францияның корольдік тағы үшін күрес)
  •  Өзара соғысқан елдер (Англия және Франция)
  •  Қанша соғыс кезеңдері болды? (4 кезең)
  •  Жеңіске қай ел жетті және соғыс қай жылы аяқталды (Франция жеңіске жетті, соғыс 1453 ж. аяқталды)

 Тапсырманың дескрипторлары: Оқушы:

  •  Бейнересурстан маңызды ақпаратті айқындайды,
  •  Сұрақтарға қысқаша және мағыналы жауаптар бере алады.

 Осы жұмысқа бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін, оқушылар дескрипторларды пайдаланып өзара бағалайды. Оқушылармен бірігіп келесі сұрақтарды талқылаңдар: Қара індет пен Еуропадағы Жүзжылдық соғыс арасында байланыс бар ма? Бұл байланыс неден көрінеді?

 Оқушыларды бұл байланыс соғыс себептері арқылы білінеді деген қорытындыға жеткізіңіз. Қара індет аяқталғаннан кейін Францияның бытыраңқылы,ы күшейе түсті, патшаның билігі әлсіреп, елде экономикалық дағдарыс тарады. Ағылшын королі Францияның тағына және Франциядағы жер үлестер үшін өз құқықтарын талап ете бастады. Ол Қара індеттің эпидемиясынан кейін Францияның бытыранқылығы және әлсіреуін пайдаланғысы келді.

 Дескриптор:

  •  Оқушылар өздерінің көзқарастарына дәлел келтіріп, талқыланат отырған мәселе бойынша өз пікірлерін еркін жеткізе алады.

 

 5. Топтық жұмыс. Оқушыларды Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілістерін сипаттайтын тарапта материалдармен қамтамасыз етіңіз.

 1- топ - Франциядағы Жакерия

 2- топ - Англиядағы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі.

 Оқушылар келесі мәселелерді айқындап, постерлар дайындаулары керек:

  •  Көтерілістің аталуы және оның басшылары
  •  Көтерілістің жылдары
  •  Көтерілістің себептері
  •  Көтерілістің негізгі оқиғалары
  •  Көтерілістің салдары.

 Бөлінген уақыттың соңында топтар сынып алдында пікірлерімен бөліседі, қалған топтар сұрақ қояды, айтылған пікірлерді талқылайды.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

  •  Барлық берілген сұрақтарға топ жауаптарын постерде бейнелейді.
  •  Постерде тек маңызды ақпарат көрсетілді
  •  Топтар өкілдері ақпаратты анық және түсінікті етіп ұсынды
  •  Топ оппоненттердің барлық сұрақтарына жауап бере алды.

 Жүргізілген жұмысты қорытындылау үшін келесі сұрақ қойыңыз: Бұл көтерілістер арасында қандай ұқсастық бар? Оқушылар бұл екі көтерілістер арасында көптеген ұқсастықтары бар деп жауап берулері мүмкін. Көтерілістердің себептері мен салдары, барысы ұқсас. Бұл екі көтеріліс феодалдардың мен оларға тәуелді шаруалар арасындағы қарама қайшылықтар болғанын көрсетеді. Көтерілістер шаруалардың жағдайын сәл ғана жақсартты, бірақ олардың тәуелді жағдайы сақталды, өйткені олардың жер үлестері болмағандықтан олар феодалдарға экономикалық тұрғыдан тәуелді болды.

 

 6. Рефлексия өткізу үшін «Позицияңды анықта» атты әдістемені өткізіңіз. Оқушыларға «Жүз жылдық соғыс Қара індеттің салдарынан болды», «Шаруалардың көтерілісі Қара індетің тікелей салдары болыл табылады»“ деген тұжырымдар жазылған плакаттардың біреуін таңдауға ұсыныңыз. Оқушылар осы арқылы қалыптасқан топтарда өздерінің ұстанымын дәлелдеуді сұраңыз. Өз позициясын қорғау барысында көбірек дәлел келтірген топ жеңіске жетеді.

 

 7. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтын тақырыбы бойынша қосымша әдебиет оқуды ұсыныныз, мысалы:

  •  Жан Фавье Жүзжылдық соғыс
  •  Проспер МеримеЖакерия.

 

 Саралап оқыту мүмкіндіктер

 

 1-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін:

 «Англия мен Францияның Жүзжылдық соғыс кезінде» атты контурлы картаны келесілерді белгілеп толтыруды сұраңыз:

  • Соғысқа дейінгі Франциядағы ағылшындардың іелігің белгілеңдер.
  • Ағылшын және француз әскерлерінің әрекеттерін нұсқарлар арқылы көрсетіңдер.

3. Түрлі түсті маркермен айналасын қоршап, белгілеңдер:

 а) 1360 жылғы ағылшын іелігіңін шекарасын;

 б) 1429 жылы ағылшын және Бургундия әскерлерінің орналасуының оңтүстік шекарасың;

 4. 1428-1429 жылдары британдықтар қоршаған қаланы шеңбермен белгілеңдер.

 5. Соғыстан кейінгі Англияның Францияда қалған аумақтарын бояңыз.

 6. Келесі атауларды жазыңыз: Лондон, Париж, Кале, Азенкур, Креси, Руан, Компьен, Реймс, Oрлеан, Бордо, Фландрия, Нормандия, Бретань, Бургундия, Лангедок.

 7. Ең маңызды оқиғалардың орындарын белгілеп, олардың даталарын жазыңыз.

 

 2 - тапсырма. Көптеген оқушылар үшін:

 Кестені толтырыңыз:

 

Салыстыру параметрлері

Жакерия

Уот Тайлер көтерілісі

Мемлекет

Жылы

Қатысушылары

Басшылары

Көтерілістің себептері

Маңызды оқығалары

Көтерілістің нәтижесі

Жеңілу себептері

Салдары

 

 3 - тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін:

 Кестеде көрсетілген қате пікірлердің санын таңдаңдар:

 

Салыстыру сұрақтары

Даталар

Себептер

Басшылары

Нәтижесі

Жакерия

1.1265 жыл

3. Оба эпидемиясы

4. Үйсіз адамдарға қарсы «қанды» заңдар

12. Францияның бытыранқылығының күшейюі

7. Джон Болл

13. II Иоанн

9. Жеңіліске ұшырады.10. Феодалдар шаруалардың міндеттемелерін ұлғайтуға бара алмайтын болды.

Англиядағы көтеріліс

2.1381 жыл

5.Діни уағызшылардың қызметі.6. Жаңа салықтардың енгізілуі.

8. Уот Тайлер

14. II Ричадр

11. Шаруаларға жаңа міндеттемелерді жүктеу

 

 Сіздің жауабыңыз:

 Қате пікірлер: №№___________________________________

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу