«Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 15.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау; 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату | ||
Сабақ мақсаттары | Ортағасырлық еуропалық қоғамға «Қара індеттің» тигізген әсерін, Англиямен Франциядағы шаруалар көтерілісінің себептері мен салдарларын анықтау. | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| Себеп пен саладар | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Жүзжылдық соғыс, Жакерия, Гильом Каль, Уот Тайлер көтерілісі, халықаралық қарым- қатынас. Қысқа мерзімді салдары: Орта мерзімді салдары: Ұзақ мерзімді салдары: Жүзжылдық соғыстың сылтауы.... болды Жүзжылдық соғыстың себептері … болды | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | География (кескін карта) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-5 | БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына обаның таралуына дейінгі және кейінгі уақытты қамтитын Еуропа халықтың санының өзгеруі бар картаны көрсетеді. Талқылауға арналған сұрақ: Бұл өзгерістер немен байланысты болуы мүмкін? Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
| Презентация | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Жұптық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы 5-15 | М/Б Мұғалім оқушыларға «Обаның зардаптары» карточкаларын таратып, категориялар бойынша жіктеуге тапсырма береді: 1. Ұзақмерзімді және қысқамерзімді зардаптар; 2. саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени зардаптар; Б Карточкалармен жұмыс нәтижелерін сыныппен талқылау. Орындалған тапсырма бойынша мұғалім түсініктеме береді. Дескрипторлар: •«Қара індеттің» қысқамерзімді зардаптарын анықтайды; •«Қара індеттің» ұзақмерзімді зардаптарын анықтайды; •«Қара індеттің» экономикалық зардаптарын анықтайды; •«Қара індеттің» саяси зардаптарын анықтайды; •«Қара індеттің» әлеуметтік-мәдени зардаптарын анықтайды; •Еуропада орын алған өзгерістер бойынша қорытынды шығарады.
М Мұғалім презентацияны негізге ала отыра, Еуропадағы Жүзжылдық соғыс туралы қысқаша ақпарат береді. Мұғалім түсіндіру барысында картаға сүйеніп, Жүзжылдық соғыстың обаның кең етек жаюмен тұспа-тұс келгеніне назар аударуы керек. Жүзжылдық соғыстың басты екі себебіне тоқталады (Әулет қайшылықтары, жер мәселесі). Б Жалпысыныптық талқылау: Бұл жағдай ағылшын және француз қоғамын қандай салдарларға әкелуі мүмкін? Оқушылар жауаптарында Жүзжылдық соғысты оба ауруымен байланыстыруы керек. М/Ж Оқушылар назарына «У.Тайлердің көтерілісі», «Жакерия» бейнебаяндарды ұсынады. Оқушылар бейнебаян бойынша комментарий жазады. Төменде берілген кестені толтырады:
Дескрипторлар:
М/Б Сыныпта пікірталас өткізу. Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Бірінші топ көтерілістің басталуы обаның таралуына тікелей байланысты болғанын даттаса, екінші топ- қарама-қарсы позицияны ұстанады. Дескрипторлар:
Б жалпысыныптық талқылау. | Презентация, Дидактикалық материал: «Обаның зардаптары» Презентация Презентация, Бейнебаян: Жакерия 1358 https://www.youtube.com/watch?v=2xUlA-XdlM0&feature=youtu.be Уот Тайлер көтерілісі https://www.youtube.com/watch?v=TtFuBc0g4_Y&feature=youtu.be Презентация | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Ж Оқушылар Англия мен Франция билеушілеріне шаруалар көтерілістерін болдырмау үшін кеңес береді. Дескрипторлар:
Ж Рефлексия, «ТҰЖ» әдісі: Т – түсіндім Ұ – ұнады Ж – жасай алдым | Презентация | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау; 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?