Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 13.1

 

V бөлім: Монғолдар

Сабақ тақырыбы: Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті?

Оқыту мақсаты:

6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау

Тарихы концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

 

  • Сабақтың басында ұйымдастыру және алдынғы алған білімдерін өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Алған білімдерін қайталауға бағытталғын «Тарихи алфавит» деген оқыту ойынын өткізіңіз. Сыныпты 3-4 топқа бөліңіз. Мұғалім “Тоқта” деп айтқанша, топтағы оқушылар хормен әліпбиді айтуды ұсыныңыз. Осылайша, әр топтың әрібі анықталады. Топтарға арналған тапсырма: 4 минуттің ішінде осы әріптен басталатын тарихи терминдердің, адамдардың емімдерін және атауларды жазады. Сондай-ақ, тарихи тұлғалар мен тарихи құжаттардың және дереккөздердің атауларын, зерттелген елдер мен аймақтардың атауларын жазуға болады. Бөлінген уақыттың соңында топтар өздерінің тізімдерін оқып, басқа оқушылар тізімге енгізілген кейбір сөздермен келіспеуі және өз пікірлерін айтуы мүмкін. «Тарихи» сөздерінің ең ұзын тізімін жазған топ жеңіске жетеді.

Мұндай жұмыс коллаборативті ортаны құруға, оқушылардың назарын аударуға ықпал етеді, болашақта пәнді жақсы меңгеруге ынталандырады.

  • Сабақтың тақырыбын анықтау үшін, оқушыларға Еуразияның саяси картасын ұсыныңыз және Шыңғысхан империясының құрамына кірген елдер мен аймақтарды көрсетуді ұсыныңыз. «Моңғол империясы XIII ғасырдың аяғында» атты картасын пайдалануға болады. Оқушылардан сұраңыз: Моңғолдар басып алған қандай аумақтарында көшпелі және отырықшы халықтар мен тайпалар қоныстанған? Содан кейін оқушыларды 2 топқа бөлініз: 1-топ көшпелі халықтардың жетістіктерін және өмір сүру ерекшелктерін сипаттайды, 2-топ оқушылары отырықшы халықтардың әлемдік өркениетіне қосқан үлесін сипаттайды. Осы өмір салттарының артықшылықтарын талқылауды сұраңыз. Топ өкілдері топтық талқылаудың нәтижесі бойынша сыныптын алдында өз пікірлерімен таныстырады. Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар көшпенділер мен отырықшы халықтар адамзаттың дамуына лайықты үлесін қосты деген қорытындыға келеді.

Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, бүгінгі сабақта олар моңғолдардың жаулап алған халықтарына тигізген әсері зерттелетінін айтыңыз.

 Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыныз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 

  • Топтық жұмыс. Оқушылар екі топ құрамында жұмыс істеуді жалғастрады. Оқушылар топтарына Қытайдағы Юань династиясының қалыптасу және құлдырау тарихын сипаттайтын ақпараттық мәтін беріңіз. Мәтінді оқығаннан кейін топ оқушылары постер дайындайды:

1-топ моңғолдар жаулап алғанға дейінгі Қытай туралы ақпаратты таңдайды және постерде бейнелейді;

2-топ - моңғолдар жаулап алғаннан кейін Қытай туралы ақпаратты таңдайды және постербе бейнелейді;

Топтардың жұмыс барысында мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, қажет болған жағдайда оларға көмек көрсетеді.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар: Оқушылар:

- Моңғолияның жаулап алуына дейінгі Қытайдың даму деңгейін сипаттайды

- Моңғолияның жаулап алуынан кейін Қытайдың дамуын сипаттайды.

  • Картамен жұмыс. Моңғол империясы ыдырағаннан кейін Еуразияда қандай орталықтандырылған мемлекеттер пайда болғаны туралы қысқаша ақпарат беріңіз және контурлы картаны таратыңыз. Бұл келесі мемлекеттер:
  • Қазақстан аумағында ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына негіз болған хандықтар пайда болды (Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы).
  • Алтын Орданың ыдырағанынан кейін еуразиялық далалық аумағында XV ғасырдын отрасында Қырым, Астрахань, Сібір хандықтары пайда болды, олар XVI ғасырда Ресей мемлекетінің құрамына кірді.
  • Мәскеу князьдігінің күшеюі XIII ғасырдың аяғында басталды, бұл ХV - ХVІ ғасылардың басында «Ресей» ұғымының пайда болуына және Мәскеу қаласы орталығы болған Орыс патшалығы құрылуына себеп болды.
  • 1261-1335 жылдары Ауғанстаннан Иракқа дейінгі аймақтарда Илханат мемлекет (Хулагидтер мемлекеті - Шыңғыс ханның немересі Хулагудың ұрпақтарының мемлекеті) өмір сүрді.
  • Орта Азияда 1375-1405 жылдары барлас деп аталатын түрікленген моңғол тайпасынан шыққан Әмір Тимурдың мемлекеті өмір сүрді.
  • Тимурдың ұрпағы - Әмір Бабыр - өз билігіне Үндістанның бір бөлігін бағындырып, Ұлы Моғол империясын құрды (1526-1857 жж.).

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

- Оқушы картада Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттерді контурлы картада дұрыс көрсетіп, белгілейді.

  • Рефлексия өткізу үшін оқушыларға «Бір-минуттық эссе» жазуды тапсырыңыз. Оқушылар 1 минут ішінде зерттелген тақырыптың негізгі идеясын жазуды тапсырыңыз. Оқушылардың жауабы мынадай болуы мүмкін: Шыңғыс хан империясының құрылуының және өмір сүруінің ұзақ мерзімді салдарының бірі - Еуразия картасында көптеген орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде – орталықтандырылған Ресей мемлекеті мен Қазақ хандығының құрулуы.
  • Үйге тапсырма ретінде оқушылар сабақтын тақырыбы бойынша көркем әдебиет туындыоарын оқуды ұсыныныз, мысалы:
  • Исай Калашников «Қаскүнемдік ғасыр».
  • Конн Иггульден. «Шыңғысхан» сериясынан: «Күміс империясы».

 

 Сабақтың тақырыбы бойынша қосымша теориялық материал:

 

 Моңғолдардын басып алған жоғары дамыған мемлекеттердің бірі Қытай елі болды. Қытайды моңғолдар басып алынуына дейін Суй әулеті (518-616 жж.), Тан (618-97 жж.) және Сун (960-1270) әулиеттері бір-бірін ауыстырып, ел ішінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономиканың және мәдениеттің өркендеуіне қол жеткізді.

 Қытай императоры мемлекеттік шенеуніктердің көмегімен елді басқарды. Қызметке кіру үшін шенеуніктер қиын емтихан тапсыруға міндетті болды. Мемлекет бірнеше провинцияларға бөлінді. Әрбір провинцияда өз әскері болған, әскерде ешқандай біріктілінген бақылау жүйесі болмады.

 Уақыт өте келе, аумақтардығы ірі жер иелері үлкен билікке ие болды. Қытайдың маңызды салаларының бірі - жер суландыру жүйесі – қараусыз қалды. Жер суландыру халықты өзеннің тасуынан қорғап, немесе керісінше, өрістерде ылғалды ұстап тұру үшін маңызды болды. Әсіресе, егістік жерлерді су басып, Хуанхэ өзені көптеген қиындықтар туындатты.

 Қытайда жоғары дамыған мәдениеті болған, көптеген мектептер, иероглифтік жазу дамыды. Қытайдың жібек матасы және фарфордар жасалған бұйымдары бүкіл әлемге танымал болып, императордың қазынасын толықтырып, қолөнершілерді байытты. Қытайды орта ғасырларда өнеркәсіп патшалығы деп бекер атамаған.

 Солтүстік көшпенді тайпалардан - ғұнндардаң - қорғану үшін қытайлықтар Ұлы Қытай қабырғасын салды. Дегенмен, тіпті мұндай Қытай сияқты гүлденген мемлекет Шыңғысханның әскерлерінің шабуылуына қарсы тұра алмады.

 1211-1215 жылдары Шыңғысхан әскері Яньцзин (Пекин) астанасымен қоса көптеген қытайлық қалалар мен ауылдарды жаулып алып, тонады. 1271 жылы Қытай императорының барлық иеліктері монғол ханның иелігі деп жарияланды. Шыңғысханның немересі Хубилайдын (1260-1271 жж.) әскері Сун династиясын тақтан тайдырып, Қытай әскерлерінің әулеті – Юань әулиетінің негізін қалады, ол 1270 жылдан бастап 1368 жылға дейін биілік құрды. Қытай ғасыр бойы Моңғол империясының бір бөлігі болып саналды.

 Тұтқындалған қалалар мен аудандар моңғол қолбасшыларына иелікке берілді, оларға атақтары және жоғары мемлекеттік лауазымдары беріліп, ал қытайлықтар олардың «көмекшілері» болып тағайындалды. Империяның бүкіл тұрғындары бірнеше санатқа бөлінді: барлық құқықтарға ие моңғолдар, моңғолдарға қызмет ететін шетелдіктер, бұрынғы қытайлық шенеуніктер және құқықсыз халықтың көпшілігі - шаруалар мен қолөнершілер.

 Моңғолдар мен қытайлықтардың діни көзқарастарының ұқсастығы - жердегі Құдайдың хабаршысы ретінде билеушіні ғибадат етуі.

 Қытайды жаулап алғаннан кейін моңғолдар қытай қыздарға үйленіп, бірте-бірте қытай халықының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін қабылдады.

 Алғашқы кезде моңғолдар қытайлардың ғылымға құмарлықтарын мазақпен қабылдады және білімді қытайлықтарға мемлекет басқару ісіне араласуына жол бермеді. Кейінірек, Қытай тұрғындарының тұрмыс жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, реформалар жүргізілді. Моңғолдар провинциялардың санын қысқартты, бірақ оларды ұлыстармен ауыстырмады. Бірте-бірте конфуцианизм ілімі негізінде тәрбиеленген қытайлық шенеуніктер мемлекеттік лауазымдарына алына бастады.

 Жаулапалушылар қытайлықтарға қару-жарақ алып жүрулеріне, садақ атып үйренуге, аң аулауларына тыйым салды. Моңғолдарға қытайды өлтіргені үшін бір есек мөлшерінде айыппұлы салынған, ал қытайлар моңғолды соққыға алған болса, сол жерде өлтірілген.

 Моңғолдар жаулап алғаннан кейін алғашқы жылдарында Қытай экономикасы құлдырау күйде болды. Ұлы Жібек жолы бойында сауда тоқтатылып,  егістіктер егілмей, суару жүйері бұзылуы салдарынан астық өнімі төмен болды. Моңғол феодалдары жерді мыңдаған шаруаларымен бірге өз иелігіне алды. Нәтижесінде егістіктер жаңа өнім әкеле бастады, ал шаруалардың өмірі бұрынғы бағытына оралды.

 Шаруалардың жер мөлшерлері шегіне дейін азайтылды. Моңғолдар шаруаларға салықтардың жаңа түрлерін жүктеді: қамысты кескен үшін, балық аулағаны үшін,  суайдының пайдалғаны үшін. Юань кезеңінің соңында қытайлық шаруалар XIII ғасырдың соңына қарағанда 20 есе көп әртүрлі салық төледі.

 Мыңдаған шаруалар құлға айналды. Бай моңғолдардың шаруашылығында 3-4 мыңға дейін құлдар болуы мүмкін еді. Құл саудасы қарқынды дамыды. Құлдық діриже атадан балаға беріліп жатты.

 Суару жүйесінің артықшылықтарын түсінген моңғол жер иелері оларды біртіндеп қалпына келтіруге кірісіп, нәтижесінде жазық қайтадан егістікке айналды.

 Моңғолдар жаулап алу барысында, әдетте, қолөнершілердің өмірін сақтап қалды. Олар шеберлер императордың қазынасын және ақсүйектердің байлығын көбейтуге көмектесетіндерін түсінетін. Олар қытай қолөнершілерді де өлтірмеді, себебі бұлар бұрынғыдай фарфордан тамаша өнімдерді жасауды, ал суретшілер - бірегей ландшафтарды бейнелеу өнерін жалғастырды.

 Монғолдар Қытайға жаулап алушы ретінде келгеніне қарамастан, қытайлықтар өз мәдениетін және өмір салтын сақтап қалды. Тіпті, моңғол балаларына арналған мектептер қытайлық үлгі бойынша құрылды. Оқыту процесс бұл мектептерде моңғол тіліне аударылған қытай кітаптарды қолданылып жүргізілді.

 Қытайлықтар, өз кезегінде, моңғол әскерінен өмірдің барлық саласына тараған қатаң тәртіпті, моңғол киімінің кейбір элементтерін, ердің құрастырылуын, ысқымен ойналатын музыка аспаптарын қабылдады. Бірақ моңғолдар ең көп әсер еткен сала - қару және қытай әскерінің ұйыдастаруында.

 Шыңғысхан атасының жаулаушылық жорыөтарға толы ьилігінен кейін, Хубилай билігі өркениеттің жаңа дәуірінің бастамасы болып саналады. Шыңғысхан әдеттегі дала көшпелі жаулап алушы болса, Хубилай ақылды, қоныстанған қытайлық қоғамының билеушісі болды. Ол құзыретті билеуші, әскери істі жақсы білетін колбасшы болды. Оған жақын қытайлық ғалымдардың айтқан пікірлеріне үлкен назар аударған. Хубилай Аспан асты империяны «ат үстінде отырып» басқару мүмкін емес екенін түсінген. Ол жаулап алған мемлекетті басқару үшін қытай мемлекеттік қызмет жүйесін қабылдады.

 Хубилай билігі кезінде Юань империясы бүкіл әлемнен келген саяхатшылар үшін ашық елге айналды. Осылайша, Хубилайдың ордасында венециялық кәпес Марко Поло өмір сүрді. Қытайда 17 жыл өмір сүргеннен кейін ол «Әлемнің әртүрлілігі туралы кітабы» атты еңбегін жазды. Көптеген ғасырлар бойы бұл кітап Азия халықтарының экономикасы мен мәдениеті туралы маңызды тарихы құжат болды.

 Моңғол тілі жеңілген халықтар арасында кең таралмады. Моңғолияның алғашқы жазу түрі - ұйғыр жазуы болды. Бұл тілде Шыңғысханның «Яса» заң жинағы таралды. Ханның жарлықтары түркі тілінде жазылды. 1219 жылдан бастап моңғолдар Қытаймен ресми хат алмасу үшін қытай жазуын қолдануға кірісті. Хубилай конфуцийшілдік ілімін зерттеді, әсіресе мемлекетті басқару ережелерін үйренді. Оның бұйрығына сәйкес қытай мен монғолдың кейбір құқұқтық нормалары енгізілген Юань әулетінің «Чжан-дин тяо-го» заңдарының жинағы жасалды.

 Юань әулетінің негізін қалаушысы қиын кезеңде халықты салықтан босатты, ауруханалар мен балалар үйлерін салды, кедейлер арасында азық-түлік таратты. Ол ғылымды көтермеледі, барлық діндер өкілдерінің қызметіне тиым салмады, Жібек жолындағы сауда-саттықтың қайта жандануына жағдай жасады, бұл қытайлық пен батыстың әр түрлі салалардағы жетістіктерімен алмасуға мүмкіндік берді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу