Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 13.2

 

V бөлім: Монғолдар

Сабақ тақырыбы: Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті?

Оқыту мақсаты:

6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау

Тарихы концепт: өзгеріс пен сабақтастық

Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

  • Сабақтың басында ұйымдастыру және алдынғы алынған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Өткен материалды қайталау мақатында «10 факт» атты оқыту ойын өткізіңіз. Сыныпты 4-5 топқа бөліңіз. Топтардың әрқайсысынан алдыңғы сабақтарда өткен тақырыптарға қатысты 10 фактіні постерге жазуды сұраңыз, олардың арасында 3-4 жалған факті жазу қажет. Содан кейін топтар толтырылған постерлерін алмастырады және топтарда талқылайды: қандай фактілер шынайы және жалған болып табылатынын анықтайды. Бұдан кейін «+» және «-» белгілері қойылған постерлер өз топтарына қайтарылады. Енді топтардың өкілдері басқа топтардың дұрыс және қате фактілерді деп белгілегендерін бағалайды.

Мұндай жұмыс коллаборативті ортаны құруға, оқушылардың назарын сабаққа аударуға ықпал етеді, болашақта бағдарлама материалдарын жақсы меңгеруге ынталандырады.

  • Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларды Еуразияның саяси картасын көруді ұсыныныз және Моңғол империясының ыдырағаннан кейін Еуразия картасында бірнеше орталықтандырылған мемлекеттер пайда болғанын, кейін Еуразияның қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына әкелгенін айтады. Бұл мемлекеттерді атаңыз және олардың қалыптасуы моңғолдардың жаулауп алу жорықтарының әсерімен байланысты екенін қысқаша айтып беріңіз. Мысалы, бұрын бытыранқы болған ресейлік князьдар моңғолдардың бұғауынан босатылу үшін Мәскеу төңірегінде бірігулерін бастады. Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, бүгінгі сабақта олар моңғолдардың жаулап алған халықтарға ықпалын зерттейтіндерін айтыңыз.

 Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге зерттеу жұмысының бағыттарын анықтаңыз:

- Қытайдың мысалында моңғолдар басып елдерде болған өзгерістерді зерттеу;

- жаулап алынған халықтарға моңғолдардың әсер ету дәрежесін көрсететін график құру;

- Еуразияның контурлы картасымен жұмыс істеу;

- сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 

  • Топтығ жұмыс. Оқушыларға Қытайдағы Юань әулетінің қалыптасуы және құлдырау тарихын сипаттайтын ақпараттық мәтінді ұсыныңыз. Топтарға моңғолдар жеңіп алғаннан кейін Қытайда болған өзгерістер туралы мәтінде маркерлермен белгілеулер жасау тапсырмасын ұсыныныз:

1-топ - саясаттағы өзгерісті маркермен белгілейді;

2- топ - экономикадағы өзгерістерді маркермен белгілейді;

3- топ - әлеуметтік саладағы өзгерістерді маркермен белгілейді;

4-топ - мәдени және діни саладағы өзгерістерді маркермен белгілейді.

Топтардың жұмысы барысында мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, қажетті қолдаудымен қамтамасыз етеді.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар: Оқушылар:

  • саяси өзгерістерді анықтайды;
  • экономикадағы өзгерістерді анықтайды;
  • әлеуметтік саладағы өзгерістерді анықтайды;
  • мәдени және діни саладағы өзгерістерді анықтайды.
  • Оқулықпен жеке жұмыс. Оқушыларға жеке жұмыс істеуді ұсыныңыз: оқулық мәтінін пайдаланып, кестенің әр бағанында кемінде 3 факті жазулары қажет:

Моңғолдардың жаулап алған халықтарға әсері (Юань империясының кезеңінде Қытай елі мысалында)

Моңғолдарға жауланып алған халықтардың әсері (Юань империясының кезеңінде Қытай елі мысалында)

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар: Оқушылар:

  • Жаулап алған халықтарға монғолдардын әсерін сипаттайтын кем дегенде 3 фактіларын анықтайды;
  • Жаулап алынған халықтардын монғолдарға әсерін сипаттайтын кем дегенде 3 фактіларын анықтйады.

 Осы тапсырмаға белгіленген уақыттың аяқтағанынан кейін және дескрипторлармен өзара бағалаудан кейін, «Позицияңды таңда» атты жаттығуды өткізіңіз. Сыныптың екі бұрышына «Моңғолдар көп өзгерді», «Қытайлықтар көп өзгерді» деген жазуы бар постерлерді ілініз. Оқушыларды шынайы деп санайтын позицияны тағдауларын сұраңыз. Оқушылар өз көзқарасын дәлелдейді, талқылау барысында кейбір оқушылар өзінің ұстанымын өзгерте алады.

Дескрипторлар:

  • Оқушы таңдаған позициясын дәлелдейді
  • Контурлық картамен жұмыс. Моңғол империясы ыдырағаннан кейін Еуразияда қандай орталықтандырылған мемлекеттер пайда болғаны туралы қысқаша ақпарат беріңіз және контурлы картаны таратыңыз. Бұл келесі мемлекеттер:
  • Қазақстан аумағында ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына негіз болған хандықтар пайда болды (Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы).
  • Алтын Орданың ыдырағанынан кейін еуразиялық далалық аумағында XV ғасырдын отрасында Қырым, Астрахань, Сібір хандықтары пайда болды, олар XVI ғасырда Ресей мемлекетінің құрамына кірді.
  • Мәскеу князьдігінің күшеюі XIII ғасырдың аяғында басталды, бұл ХV - ХVІ ғасылардың басында «Ресей» ұғымының пайда болуына және Мәскеу қаласы орталығы болған Орыс патшалығы құрылуына себеп болды.
  • 1261-1335 жылдары Ауғанстаннан Иракқа дейінгі аймақтарда Илханат мемлекет (Хулагидтер мемлекеті - Шыңғыс ханның немересі Хулагудың ұрпақтарының мемлекеті) өмір сүрді.
  • Орта Азияда 1375-1405 жылдары барлас деп аталатын түрікленген моңғол тайпасынан шыққан Әмір Тимурдың мемлекеті өмір сүрді.
  • Тимурдың ұрпағы - Әмір Бабыр - өз билігіне Үндістанның бір бөлігін бағындырып, Ұлы Моғол империясын құрды (1526-1857 жж.).

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

- Оқушы картада Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттерді контурлы картада дұрыс көрсетіп, белгілейді.

- Оқушы осы орталықтандырылған мемлекеттер мен моңғолдардың жаулап алу жорықтары арасындағы байланысты анықтайды.

Оқушылардың тапсырманы аяқтағаннан кейін Шыңғысхан империясының құрылуының және өмір сүруінің ұзақмерзімді салдарының бірі - Еуразия картасында көптеген орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде орталықтандырылған Ресей мемлекеті және Қазақ хандығының пайда болуы туралы қорытынды жасауға оқушыларды бағыттаңыз.

 

  • Рефлексия өткізу үшін «Ішінде, сыртында» атты стратегиясын қолданыңыз. Оқушыларды дәптер бетінің ортасында квадрат салуды ұсыныңыз және сабақта зерттелген тақырыпқа қатысы бар немесе қатысы жоқ тақтада жазылған сөздерді квардаттың ішіне немесе сыртына орналастыруды сұраңыз. Егер сөз тақырыпқа қатысты болса – квадраттің ішіне жазады, және керісінше.

Тақтада жазылған сөздер мысалдары:

Моңғолдар, Жамуха, қытайлықтар, Мәскеу, құрылтай, түмен, Отырар, Алтын Орда, салық, екпінді кавалерия, конфуцийшілдік, Бөрте, Еуразия, құрмет, Хулагидтар, орталықтандырылған мемлекет, Ильханат, ұлыс, ішкі тәртіпсіздіктерді тоқтату, өзгерістер, Жошы, тез жеңіске жету, Солтүстік Африка.

  • Үйге тапсырма ретінде оқушылар сабақтын тақырыбы бойынша көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:
  • Роман Храпачевский «Ежелгі Русьті жаулап алу кезіндегі моңғол әскері».
  • Б.В.Соколов. «Жүз ұлы соғыстар».

 

 

 Сабақтың тақырыбы бойынша қосымша теориялық материал:

Мәтін: «Моңғолдардың Ресейге әсері»

 Моңғолдардың шабуылдарының тікелей салдары - Ресейдің көптеген қалалары мен ауылдарының  жойылуы болды. Ойсырау үдеріс ауқымды болды. 14 қала қалпына келтірілмеді. Осылайша, 1237 жылы Ұлы Рязан князьдігінің астанасы - ескі және ірі Ресей қалаларының бірі Ескі Рязань жойылды. Оның барлық ғимараттары, соның ішінде ғибадатханаларды Батыйдың әскері жермен теңестірді. Бүгінгі күні «Орыс Тройя» деп аталатын ескі Рязань - Ресей аумағында ең үлкен археологиялық ескі қаланың орны. Оның аумағы 60 гектардан асады.

 Моңғолдардың шабуылы ресейлік қолөнерліктерге елеулі шығын әкелді.

 Тарихшы Борис Рыбаков былай деп жазды: «Ресей бірнеше ғасырларға кері лақтырылып тасталды, Батыс елдері цехтық өнеркәсібінен капиталды бастапқы жинақтау кезеңіне көшкен кезде, Ресей қолөнерлік өнеркәсібі Батыйдың жаулап алуы алдында жасалған тарихи жолды қайтадан өтуі керек еді».

 Орыс колөнершілер Каракорум пен Сарайға алынды, ал Орда халқы ең жақсы қару-жарақшыларды, зергерлерді,  қышшыларды, шыны жасау ісінің шеберлерің тұтқынға алды.

 Ресей өзінің әлеуметтік-экономикалық даму жолынан кері лақтарылып тасталды. Халық солтүстік-шығысқа, Ока мен Солтүстік Волга өзендері аралығына өтіп, ал барлық сауда жолдарын Орда өз бақылауында ұстады.

 XIII ғасырдың ортасында кең көлемді Переславль аймағынан Мәскеу мен Тверь кінязьдіктер тәуелсіздікке ие болды және XIV ғасырдың басында осы қалалар солтүстік-шығыс Ресейдің негізгі саяси және экономикалық күші ретінде әрекет етті.

 Ұлы князь Андрей Александровичтің (1304 жылы) қайтыс болуымен Мәскеу мен Тверь арасындағы ұзақ және табанды күрес басталды.

 Әртүрлі әдістер қолданылды: тікелей әскери қарым-қатынастан дипломатиялық қатынастарға дейін. Қалалардың өзара қарсыласуындағы үшінші күш Орда болды.

 1327 жылдың 15 тамызында Тверьде Ордаға қарсы көтеріліс басталды. Чол-хан сараймен бірге өртеніп кетті, Твердағы моңғолдар, олардың ішінде саудагерлер, өлтірілді.

 Көтеріліске жауап беру ретінде Орданың бес түмен жетекшілігімен жасалған жазалау экспедициясы ұйымдастырылды. Мұнда Владимир қаласындағы Ұлы тағы үшін Тверь қаласымен ұзақ жылдар бойы қарсыласы Иван Калита қатысты. Қалыптасқан жағдай Мәскеу үшін өзінің Ресейдегі беделін нығайтуға өте қолайлы болды. Дәл сол кезде, кейбір зерттеушілердің пікірінше, жаңа Ұлы князь Иван Калита Өзбек ханның қолынан Мәскеудің және Орда бірлестігінің символы ретінде Мономахтың атақты қалпағын алды.

  (Дерек көзі: russian7.ru)

 

 Мәтін «Моңғолдардың Шығыс Еуропаға қарсы жорықтары»

 

 XIII ғасырдың екінші жартысында Шыңғысханның ұрпақтары (Бату хан, Берке хан) және көрнекті моңғол кқлбасшылары Шығыс Еуропаға, Польша мен Венгрия аумағына, тонаушылық жорықтар жасады. Моңғолдар бұл мемлекеттерді жаулап алуды мақсат еткен жоқ, олар әскери табыс және тұтқындары, көбінесе қолөнершілерді жаулап алуға тырысты. Бұл жорықтар еуропалық халықтарға зор күйзеліс пен адам өлімін әкелді.  

 Егер Польшада моңғолдар тонау жасап мен елді мекендерді қиратса, ал Венгрины олар өзерінің толық бақылауына алды, алайда олар бірнеше бекіністі ала алмасада, рсы елде алым жинау үшін басқақтарды тағайындады.

 Ақша шығарылуы Ұлы ханның атынан жүргізілді. Венгрияның ауыр жағдайы 1241 жылдың 20 маусымында Қасиетті Рим империясының императоры Фредерик II Гогенштауфен Еуропа христиан билеушілеріне және өзінің баныштыларына үндеу тастады: “Ұйқыдан ояну, рухани және денедені көзді ашу уақыты келді. Балта ағаштың жанында жатыр, ал дүниежүзі бойынша дұшпан туралы хабар таралды, ол бүкіл христиан дінін жойып жібереге дайын. Ұзақ уақыт бойы біз ол туралы естідік, бірақ қауіпті қашық деп санадық, бізбен олар арасында көптеген батыл халықтар мен князьдар тұрды. Бірақ енді, осы князьдердің кейбірі қаза тапса, ал басқалары құлдықта болса, қазір біз христиан дінінің қарсыласына қарсы тұруға міндеттіміз”.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу