Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


1.

Ат үстінде тәрбиеленді

2. жеке қасиеттерді ескере отыра, қолбасшыны тағайындау

3. моңғолдарда қосымша аттар болды

4. тактикадағы айла тәсілдерді пайдалану

5. Атақты билеуші

6. моңғол шапқыншылығы қарқынды жүрді

7.

Көшпелі өмір салты

8.

Моңғолияның қатал климаты

9.

Қорқыныш сезімін ұялату

10.

Соғыссыз берілген елдерді аман қалдыру

11. өзіндік тактиканың болуы

12.

Діндерге шыдамдылық

 13.

 

 14.

 15.

 16.

«Моңғолдардың тез жеңіске жету себептері»

карточкаларды маңыздылық бойынша орналастырыңыз

Дескрипторлар:

  • Карточкаларды маңыздылық бойынша орналастырады.
  • Әр карточкаға 2-3 аргумент келтіреді.
  • Жауабын дәлелдейді.

Қытайға әсері

Кескілескен қанды қырғынмен әзер дегенде басып алған Қытай елі, моңғолдарға өте ауыр экономикалық күйреу жағдайында мұраға қалды. Бұрынғы Аспан асты империясы, әсіресе оның солтүстік жағы, көшпелілердің шабуылының қасіретті салдарынан, терең құлдырау кезеңінде өмір сүрді. Бір кездерде гүлдену кезеңін бастан кешірген Қытайдың дамуы, енді мүлдем кері кетті. ХШ ғ. 30­жылдарында, деректерге сүйенсек, солтүстіктегі халық саны осы ғасыр басындағымен салыстырғанда 10 есе кеміп кеткен. Моңғол шапқыншылығының аяғына қарай, оңтүстіктегі халықтың саны солтүстікпен салыстырғанда төрт жарым есе көп болған. Елдің экономикасы құлдырауға ұшырады. Далалар қаңырап бос қалып, қалалардағы адамдар саны да күрт азайып кетті. Құл еңбегі қайтадан еніп, құл сату кеңінен өрістеген, құлдыққа негізделген шаруашылықтар пайда болады. Осындай ауыр жағдайда Юань империясының билеушілеріне бағындырылған қытай этносына қатысты саясаттың бағыт­бағдарын жасау қажет болды. Алғашқы кездегі қытайлықтардағы мәдени дәстүрлердің жойылып кетуі соншалық, моңғол­шамандықтар өздеріне жат отырықшы өркениет әлемін көшпелі өмірге қажетті мал жайылымына айналдыруға әзір тұрды. Бірақ тағдырдың жазуымен, отырықшы мәдениетті сақтауға мәжбүр болып, егінші халықты жаппай қырғынға ұшырату ойынан айныды. Шыңғысханның кеңесшісі, шыққан тегі кидан Елүй Чуцай, ал одан кейін Хұбылайдың да көмекшілері жергілікті бағынышты халықты дәстүрлі қалыптасқан қытайлық басқару әдісімен билеу хан сарайына едәуір пайдалы болмақ деген ақылдарын Юань әулетінің императорына айтады. Сондай­ақ Елуй Чуцайдың кеңесімен, 1237 жылы әкімдерді қызметке тағайындауда дәстүрлі емтихан әдісін енгізуді жолға қоя бастайды. Сонымен басқыншы моңғолдардың өздері Қытайдағы тұрғын халықтың әртүрлі топтары арасындағы қатынастарды реттеудің барлық белгілі тәсілдерін танып білуге ұмтылады. Алайда моңғолдардың саяси элитасы Қытайдағы мемлекеттік билікті ұстап тұруды қытайлықтардың өздерінсіз басқара алмайтындығына көз жеткізе бастайды. Биліктен қуылған қытайлық билік өкілдері жиі­жиі моңғолдарға қарсы құпия бүліктер ұйымдастырып отырды. Мысалы, 1262 жылы Шаньдунде Ли дань деген, осыған дейін моңғолдарға қызмет еткен әскери қолбасшы көтеріліс жасайды. 1282 жылы астанада болған көтеріліс кезінде Юань империясының қаржы саласын басқарған өзбек Ахмед өлтіріледі, осыдан кейін шетелдіктердің көбісі елден қаша бастайды. Хұбылай өлген соң, моңғолдар өздеріне көмекке қытайлық әкімдерді қызметке ала бастайды, олардың жағдайын жасап, көптеген жеңілдіктер береді. Юань империясының саяси ауанына елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты екі жетекші ағым қатты ықпал етті: Біріншісі ­моңғолдардың Қытай саясаткерлерінің өмірлік маңызды тәжірибесін үйренуге деген талпынысына, олардың әуел бастан­ақ өздеріне жат қытайлықтардың өмір салты мен рухани құндылықтарын жете түсінбеуі, олардың өздеріне көп кедергі келтірген, бағынышты халыққа деген сенімсіздігі болды. Екіншісі ­ моңғолдардың бар күш­жігері өздерінің қытайлықтардың арасында сіңіп, жоқ болып кетпеуге деген әрекетіне арналып, осы мақсатта Юань әулетінің билеушілерінің саясаты моңғол этносының артықшылық жағдайын қамтамасыз етуді ерекше бағыт етіп алуы еді. Юань әулеті билігінің заңдары бойынша, бағынышты халық этникалық белгілері және діни сенімдеріне қарай төрт топқа бөлінді. Бірінші топқа елдегі бүкіл әкімшілік аппарат пен әскери басшылықты иеленген моңғолдар жатты. Моңғолдық билеушілер бүкіл тұрғын халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, олардың тағдырын өздері шешіп отырды. Моңғолдарға жақын екінші топқа «сэму жэнь» ­«әртүрлі текті адамдар» дейтіндер, яғни шетелдіктер жатты. Моңғолдар өздерінің басқыншылығы кезінде әлемнің әртүрлі халықтарымен түрлі байланысқа түскен болатын, бірімен бейбіт жағдайда байланысса, екіншісімен күшпен қатынас орнатқан болатын. Олар барлық діни сенімдерге асқан шыдамдылық танытып, барлық діндердің бұл елде таралуына кедергі жасамады, сырттан келетін барлық ықпалдарға ашық ел болды. Әрбір сырт елден келгендерге жағдай жасап, оларға арқа сүйеу арқылы моңғолдар қаптаған ханьдықтарды бір уыста ұстауға тырысты, және «бөліп ал да билей бер» деген принципті қатты ұстанды. Дәл сол, Юань әулетінің билігі тұсында, Қытайда Орта Азия мен Ираннан және Европадан келгендерді мемлекеттік қызметке алу әрекеті орын алды. Бұның жарқын көрінісі, жоғарыда айтып өткендей, Пекин қаласында 5 мың христиандық европалықтардың қоныстануы еді. 1294 жылы, Юань сарайында өмірінің соңына дейін болған христиандық папаның өкілі, монах Джованни Монте Корвино, 1318­1328 жылдары Қытайда тұрған итальяндық саяхатшы­ миссионер Одарико ди Парденоне (1286­1331) және аса танымал саяхатшы, венециандық саудагер Марко Поло (1254­1324 жылдар шамасы) сияқты европалықтар Юань империясы тарихының куәгерлері болды. Шетелдіктер моңғолдарға қарағанда бір саты төмен тұрғанымен, олар да қытайлықтармен салыстырғанда өкіметтің ықыласына бөленіп, елеулі артықшылықтарға ие болған және өздерінің жеке соттарын құруға құқылы болған. Үшінші санатқа солтүстік­қытайлықтар жатты және сондай­ақ бұл топқа ассимиляцияланған кидандар, чжурчжэндер мен корейліктер кірді. Ең төменгі, төртінші санаттағы топқа Оңтүстік Қытайдың басы бос тұрғындары (нань жэнь) кірді. Жер кіндігі империясының нағыз тұрғындары әртүрлі қуғын­сүргіндерге ұшырап отырды.

Адамдарға түнде қала көшелерінде жүруге, топ болып жиын өткізуге рұқсат етілмеді, шет тілін, әскери өнерді үйренуге де тиым салынды. Ал ханьдықтардың арасында оларды оңтүстіктер мен солтүстіктіктер деп бөлу арқылы олардың арасына жік салып, басқыншылардың оларды оңайырақ билеуіне қол жеткізбек болды. Қытайлық көпшілікпен тіл табысудың, олармен арадағы қатынасты реттеудің қажеттігін түсінген моңғолдықтар қоғамды дамытудың қытайлық үлгісін негізге алып, олар саяси, әкімшілік және құқықтық билікті бір өзінің қолына жинақтаған император билігінің мәні туралы дәстүрлі көзқарасты қолдауға көшті. Яғни, императордың жеке басының қасиеттілігі, оның билігінің шексіздігі, оның Көк тәңірі берген қасиеттері мен өкілеттілігі туралы ілімді моңғолдар да енді өз императорына тән қасиет деп түсінгісі келді. Мемлекеттік қызметтің бұрынғы қытайлық үлгісіне сәйкес құрылған арнайы мекемелер тобы 15 –ке жетті, олар император сарайы мен астананың қажеттілігін қамтамасыз ететін қызметпен айналысты. Моңғолдардың негізгі өкіметі, сонау суй заманынан бері келе жатқан, императорлық кеңес немесе алты мекемеден тұратын министрлер кабинеті арқылы жүзеге асты. Қытайда көне заманнан бері қолданылып келе жатқан әкімдердің үстінен жүргізілетін бақылау қызметін моңғолдар да өте тиімді пайдаланды. Моңғолдардың қуатының негізгі көзі, әрине, оның әскери күш­қуаты болып қала берді: олар әскери істегі жетекші билікті ұстап тұрды (Шумиюань) және басты қару­жарақ мекемесін басқаруды да өз қолдарында қалдырды. Юань империясы Қытайдағы бүкіл билікті бір орталықта ұстап тұра алмады, үкіметтік әкімшіліктің қызметі, жеке әкімшілік бірліктер мен басқа территориялардағы әкімшілік билік қызметі астаналық провинциядан әрі аспады. Юань әулетінің үйінен алыс жерлердегі билікті қамтамасыз ету мақсатымен, алыстағы жергілікті жерлерде басқару орталықтары құрылып, оған астанадан кең билік өкілеттілігі берілген өкілдер жіберіліп отырды. Юань үкіметі жергілікті құрылымдарға билік еткісі келгенімен, бүкіл елге толық әкімшілік­саяси бақылау орнатуға шамасы жетпеді. Орталық үкіметтің билігінде тек астана – Даду қаласы (қазіргі Пекин қаласы) ғана қарады және оған жақын жатқан Юань империясының солтүстік­шығыс аймақтары кірді. Мемлекеттің қалған территориялары сегіз провинцияға бөлінді. Моңғолдық ақсүйектердің қытай мәдениетімен біртіндеп жақындасуының көрінісі ретінде, әкімшілік аппарат пен білім саласының қызметі үшін аса маңызды, емтихан алу қызметінің қайтадан қалпына келтірілуін айтуға болады. Бұл мемлекеттік басқару жүйелерінің барлығында қытайлық қызметті сақтап қана қоймай, хань этносының мәдениеті мен өмір салтының сақталуын да қамтамасыз етті. Моңғол хандарының Қытайға билігі тұрақтанып, нығая түсуіне байланысты билік пен әкімшілік аппараттың барлық салаларында емтихан алу жолымен қызметке алу әдісі аздап болса да, қолданылатын. Алайда екі түрлі мәдениеттің өкілдерінің арасындағы қарым­қатынас әруақытта бірқалыпты болды деуге болмайды. Бұл жерде олардың арасындағы бір­бірін түсінбеушіліктің бірнеше себептері болды. Әсіресе, моңғол өкіметінің оңтүстіктегі сұң заманында­ақ білім алып, ғылыми атаққа ие болған қытай кітапқұмарларымен арадағы қатынасы өте күрделі болды. Юань әулетінің билігінің салтанат құруына орай, емтихан әдісі жойылды, ал оңтүстік Сұң империясын моңғолдар жаулап алған дейінгі құрылған бюрократтық машина солтүстік қытайлықтар мен басқа жат жерлік халық өкілдерімен толған еді. Осындай жағдайда, оңтүстіктің кітапқұмарлары, яғни сауатты адамдары тек білім саласында ғана қажет болды. Юань өкіметі қытайлық ақыл­ой иелерін өз жағына тарту және олардың арасындағы моңғолдарға қарсы пиғылды жою мақсатымен 1291 жылы көпшілікке арналған мектептер мен академияларды (шуюань) ұйымдастыру туралы жарлық шығарады және оларда қызмет ететін қызметкерлерді қызметке алу принципі мен қызметін жоғарылату мәселесі де айқындалып көрсетіледі. Ең жоғары деңгейдегі оқу орны болып саналатын академиялар өкіметке онша көп бағынышты болмады және олар моңғол әулетінің билігі кезінде өз ұстанымдарын сақтап қалды. Академияда кітаптар жинақталып, сақталды және көп жағдайда оны өздері басып шығаратын еді. Бұл оқу орындары көптеген оңтүстік сұңдық ғалымдардың орын тепкен мемкемесі болды, олар юань сарайына қызмет еткеннен гөрі, өз білімдерін осында іске асырып, өмірде пайдаланғанды жөн көрді. Моңғол билеушілерінің қытай мәдениетіне барынша жақындай түсу әрекетіне, бір қызығы, моңғолдардың өздері наразылық танытып отырды. Ең соңғы ұлы хан және Юань әулетінің бірінші императоры ­ Хұбылайдың билігі кезінде қызметкерлерді қызметке таңдап алу мен олардың білімге деген ынтасына ықпал ететін емтихан жүйесін енгізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Алайда әкімдерді қызметке емтихан алу арқылы таңадап алу туралы жаңа жүйені енгізу моңғол ақсүйектері тарапынан қарсылық туғызып, олар жаңа жүйе рулық тәртіптерді жоққа шығаратын әрекет деп, оны қабылдағысы келмеді. Бұл әрекеттің қаншалықты күшті болғандығын, 1291 жылғы Хұбылайдың кезіндегі жарияланған, қытайлықтарға провинция губернаторынан төменгі кез келген қызметке тұруына болады деген жарлықтың енді, оның ізбасарлары тұсында мүлдем жойылуынан көруге болады. Емтихандық жүйені қалпына келтіру жолындағы кедергілерді жою және моңғол ақсүйектерінің қарсылығын тойтару император Жэнь­цзунның (1312­1320) ғана қолынан келеді, конфуциандық ілімді жақтаушы бола отырып, ол 1313 жылы емтихан туралы жарлық шығарады. 1315 жылдан бастап, емтихан алу әрбір үш жыл сайын тұрақты түрде жүріп, бұл шара Юань әулетінің билігінің соңына дейін жүргізіліп тұрды.

«Моңғолдардың жаулап алған халықтарға әсері» мәтіннің оқып, кестені толтырыңыз:

Саяси саладағы өзгерістер

Әлеуметтік саладағы өзгерістер

Моңғолдардың Руське шапқыншылығының салдары

13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы Ресей жерлері үшін апат болды. Қоғамның барлық салаларында теріс салдар байқалды. 1237-1238 жж. Моңғол шапқыншылығынан кейін Русь моңғол мемлекетінің ықпалында болды. Тәуелділік 1480 жылға дейін жалғасты, бұл жолы Ресей мемлекетінің жағдайы айтарлықтай өзгерді. Моңғолдардың басып алынуы және Ресейдің кейінгі позициясы демографиялық жағдайдың күрт нашарлауына алып келді. Қалалар қиратылып, халықтың саны азайды. Моңғол шапқыншылығы Ресейдің саяси құрылымына да әсер етті. Белгіленген тәуелділік моңғол хандарының Ресейдегі барлық саяси шешімдерге әсерін тигізді, хандар патшалық билікке билік тағайындап, оларға билік берді. Көптеген княздіктердің мәдениеті төмендеді, өйткені жалпы саяси белсенділік пен халықтың қызығушылығы төмендеді. Ресей экономикасы моңғолдарға тәуелді болды. Баскаковтардың салық жинау жүйесі құрылды. Жиі қала мен ауыл тұрғындары салық жинаушыларға қарсы шығып, оларға салық төлеуден бас тартты, мұндай көтерілістер қиын және қантөгісті болды. Ресейде мәдени өмірдің жалпы төмендеуі байқалды, қалаларда жұмыс істейтін қолөнершілер мен суретшілер саны азайды. Бұған дейін ресейліктердің сауаттылығының жоғары деңгейі шын мәнінде шамалы болды.

Саяси салдары

Экономикалық салдары

Әлеуметтік салдары

Мәдени салдары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу