Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары,


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 11.2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау

6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;

 Сабақ мақсаттары

Шығыс және Батыс елдеріне арналған крест жорықтарының салдарын зерттеу

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Крест жорықтарының тарихынан негізгі оқиғаларды біледі;
  • Крест жорықтарының оң және теріс салдарын анықтайды;

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

өзгеріс пен сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Крест жорықтары, крестшілер Ордені, Қасиетті жер, Құдай қабірі, Рим папасы, Урбан II, Салах-ад-дин, Арыстан жүректі Ричард.

Ең маңызды өзгеріс немесе жетістік ... болған.

Дереккөз нені хабарлайды/ көрсетеді?

Еуропалық католиктердің исламға қарсы не крест жорықтарын ұйымдастырудың бірінші себебі, .... болды.

Басқа да себептері .... болды.

Мен бұл дереккөздерден қандай қорытынды шығара аламын?

Бұл дерек .... көрсетеді.

Мен тағы қандай сұрақтарды қоя аламын ?

Менің тағыда білуіме .....қажет болып табылады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (кескін карта)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

БЫМ/Б Мұғалім оқушыларға тарихи деректі ұсынып, келесі сұрақ қояды: дерек қандай ақпарат береді?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

  • Крест жорықтарының салдарын анықтау.
  • Кез келген тұжырымды таңдап, дәлелдеу: «Европа көбірек өзгерді», «Мұсылман әлемі көбірек өзгерді».
  • Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? сұрақ бойынша қорытынды жазу.
  • Тақырып бойынша қорытынды жасау.

Презентация

Дидактикалық материал

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

5-15

15-25

25-40

Т Мұғалім крест жорықтарының саладарлары карточкалаларын таратып, төменде берілген тапсырмаларды орындауды сұрайды:

  • Крест жорықтарының салдарынан болған өзгерістерді маңыздылық дәрежесі бойынша карточкаларды орналастырыңыз.
  • Крест жорықтарының салдарларын салалар бойынша жіктеңіз: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени.
  • Крест жорықтарының оң және теріс салдарлары бойынша карточкаларды орналастырыңыз.

Мұғалім оқушыларды карточкалаларды талдау барысында бағыттап отырады. .

Дескрипторлар:

  • Крест жорықтарының маңызды және қосалқы салдарын анықтайды.
  • Крест жорықтарының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салдарын анықтайды.
  • Крест жорықтарының оң және теріс салдарын анықтайды.

М/Б Сіздің ойыңызша, қандай салдарлар ең маңызды? Жалпысыныптық талқылау.

Б Мұғалім сыныпта екі тұжырым жазылған тақтайшаларды көрсетеді: «Еуропа көбірек өзгерді», «Мұсылман әлемі көбірек өзгерді». Оқушылар екі тұжырымның біреуін тағдайды, өз таңдауды дәлелдейді.

Дескрипторлар:

Таңдаған тұжырым бойынша көзқарасын дәлелдейді.

Ж Мұғалім оқушыларға «Крест жорықтары мұсылман әлеміне қарағанда христиандық Еуропаны көбірек өзгертті?» тақырып бойынша ПТМС әдісі бойынша эссе жазуға тапсырма береді.

П – Позиция (Менің ойымша, …)

Т – Тұжырым (себебі, …)

М – Мысал (мысалы, …)

С – Салдары (қорытындылай келе, …)

Дескрипторлар:

  • көзқарасын дәлелдейді;
  • кем дегенде 2 дәлел келтіреді;
  • қорытынды шығарады;
  • ПТМС құрылымын сақтайды.

Б/Ж Кейбір оқушылар жазбаларын сынып алдында қорғайды, қалған оқушылар дескрипторларға сүйене отырып, өзара бағалауды жүргізеді.

Дидактикалық материал «Крест жорықтарының салдарлары»

Дидактикалық материал

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Ж Мұғалім крест жорықтарының оқиғаларын хронологиялық реттілікте орналастыруды сұрайды. Мұғалім дұрыс жауаптарды ұсынады, өзін-өзі тексеру.

Рефлексия сөйлемді аяқтаңыз :

Сабақта маған ... маңызды болды

Сабақ ... туралы ой жүгіртуге көмектесті

Мен ... үйрендім.

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау

6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу