Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 9.1

 

III бөлім: Ислам тарихы

Сабақтын тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды?

Оқу мақсаттары:

6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;

6.2.2.4 – Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау;

6.2.3.1 – Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау

Тарихи концепт: маңыздылық

 

 Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру және бұрын алынған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. «Логотиптер галереясы» тапсырмасын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға айтыңыз: Соңғы сабақта біз ислам тарихына қатысты бөлімді оқып бастадық. Топтық жұмыс жасаңыз. Ислам діннің мәніне немесе осы тақырыптың кез-келген аспектісі: Кағба, ислам дініне қатысты негізгі ұғымдарды және т.б., логотип жасап, оны 5 минут ішінде постерге бейнелеңіз. Оқушылар жұмысты аяқтағаннан кейін логотиптер галереясын жасаңыз. Топтардың өкілдерді ауызша галерея бойынша тур (түсіндіру) өткізеді. Осы жұмыс арқылы оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдерін еске түсіреді және жаңа тақырыпты үйренуге мотивация алады.

2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауға ұсыныңыз: Неліктен кейбір тарихи оқиғаларды немесе тұлғаларды атақты, ең маңыздылар деп есептеуге болады? Қандай тарихи оқиға маңызды болу мүмкін?

Оқушылардын жорамалдарын тыңдағаннан кейін, оларға маңыздылық критерийлері жазылған слайд көрсетіңіз, әр критерийді түсіндіріп, оқушылардан мысалдар келтіруін сұраңыз. Бұл критерийлер оқушыларға сабақ тақырыбының зерттеу сұрағына жауап беруге көмектесетінін айта кетіңіз.

 1) Оқиға көптеген адамдарға әсер етті (адамдар осы оқиғаны белсенді түрде талқылап, ол сол кезде немесе кейінірек өмір сүрген адамдар оқиға туралы өз пікірін білдіген болатын).

 2 Оқиға көптеген ұрпақтардың жадында қалды (адамдар үшін бұл оқиғаларды әлсін-әлсін еске түсіру маңызды болды).

 3 Оқиға резонансты болып табылады (адамдар өздерінің күнделікті әңгімелесу кезінде немесе қазіргі оқиғаларды талқылағанда осы оқиғаға сілтеме жасайды).

 4) Оқиға елеулі өзгерістер әкелді, басқа да маңызды оқиғаларға әсер етті (оқиға кейінгі маңызды тарихи оқиғаларға себеп, түрті болды).

5) Бұл оқиға сол тарихи кезеңінің ерекшеліктерін айқындайлы (оқиға сол кездегі өмір қандай болғанын түсінуге көмектеседі, ашып көрсетеді).

 Одан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбын айтыңыз, оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерийлермен таныстырыңыз. Оқушылар дәптеріне сабақтың тақырыбын жазады.

Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағытарын анықтап алады. Мысалы,

Тақырып бойынша ерттеу үдеріс келесі элементтерді қамтиды:

1. Ислам өркениетінің ғылым, мәдениет, күнделікті өмірдегі жетістіктерін анықтау;

2. Бұл кезең ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» болған екендігін дәлелдеу;

3.«Алтын ғасыр» кезеңінде ислам мәдениеті өнертабыстарының бүгінгі күні мен келешекке беретін пайдасы туралы талдау жүргізу.

 

3. Бейне материалдармен жұмыс. Оқушыларға «Ислам өркениетінің әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі» атты бейнефильм көрсетіңіз. Бейне ресурсты көргеннен кейін оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз:

- Араб ғалымдары мен басқа да мәдениет саласының өкілдері мәдениет пен ғылымның қандай салаларында елеулі жетістіктерге жетті?

4. Содан кейін оқушыларға жұппен жұмыс істеуді тапсырыңыз. Қосымша материалдар беріп, келесі кестені толтыуды сұраңыз:

Өмір мен мәдениет саласы

Орта ғасыр араб мәдениет қайраткерлерінің қосқан үлесі

Жаратылыстану

Философия

Архитектура

Күнделікті өмір, адамдардың өмір салты

Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы:

  • ғылым, философия, архитектурадағы жетістіктерді атайды;
  • ислам мәдениетінің гүлдену кезіндегі күнделікті өмірдегі өзгерістерді анықтайды

Жоғарыда келтірілген кестемен жұмысқа байланысты мұғалімге арналған анықтамалық материалдар:

Өмір мен мәдениет саласы

Орта ғасырдың араб мәдениеті қайраткерлерінің қосқан үлесі

Мемлекеттің рөлі

«Исламдық Қайта өрлеу» кезеңінде математика, медицина, философия, физика, химия және басқа да ғылымдар дамыды. Араб ғалымдары ежелгі египттіктер, гректер, римдіктер қалдырған білімдерін жетілдіріп, сол арқылы оларды еуропалықтарға қолжетімді етті. Олар XV-XVII ғасырлардағы Еуропалық Қайта өрлеу кезеңіне жол ашты. Ғалымдар араб халифатының билеушілерінің үлкен қолдауына ие болды. IX ғасырда Багдадтың билеушілері үнемі арнайы кездесулер (интеллектуалдық мәжілістер) өткізді. Мұнда теологтар, философтар, астрономдар ғылыми идеяларды талқылау үшін жиналған.

Философия

Ибн Рушд, әл-Кинди және аль-Газали ғалымдардың еңбектері философиялық ойдың дамуына үлкен әсер етті. IX ғасырда арабтар ежелгі антикалық жаратылыстану және философиялық мұрасын зерделеген. Олар Аристотельдің жаратылыстану және логика ғалымдарына қатысты философиясын қызығушылықпен зерттеді.

Астрономия

Ислам мемлекеттерінің барлық ірі қалаларында обсерватория құрылған. Мұсылмандар жұлдыздардың орналасуын анықтауға және олардың арасындағы қашықтықты өлшеуге арналған құралды – астролябияны - ойлап тапқан. IX-X ғасырларда Муса ағайындылар Жер шеңберінің ұзындығын есептеп шығарды. Хорезмдық ғалым әл-Бируни Жердің өз осі мен Күн айналасында айналатынын дәлелдеді. Үндістанның Нандан қаласының маңында зерттеулер жүргізіп, ол Жер бетінің аумағын есептеді. Орта-Азиялық ғалым әл-Фергани Күннің бетінде дақтар бар екенін анықтады, сонымен қатар оның астрономия саласындағы еңбектері Еуропада 700 жыл бойы жоғары оқу орындарында оқулық ретінде қолданылды. Орта-Азиялық ғалым Ұлықбек 1437 жылы өзінің обсерваториясында жұлдызды аспанның Гурган зиджі – каталогын құрастырды, онда 1018 жұлдыз сипатталды. Осы каталокта жұлдызды жылдың ұзақтығы анықталды: 365 күн, 6 сағат, 10 минут, 8 секунд (дәлсіздік + 58 сек). Ұлықбектің негізгі ғылыми еңбегі - «Зиджи джадиди Гурағани» немесе «Жаңа Гурағани астрономиялық кестелер». Автор осы қажырлы еңбекті отыз жыл бойы жүргізген астрономиялық зерттеулер нәтижесінде 1444 жылы аяқтады. Астрономиялық анықтамалық латын тіліне аударылды.

Биология

Ибн әл-Байтар (Ибн Байтар) (1190-1248 жж.) өз кітабында 1400 шөптер мен дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын берген.

Оның еңбегі осы саладағы негізгі ғылыми декеркөз болып саналды.

География

Географ Әл-Фергани Жердің жеті климатын сипаттады. Әл-Баттаний 273 географиялық объектінің координаттарының тізімін жасады. Саяхатшы Мұхаммад Ибн Баттута ислам әлемінің барлық елдеріне - Болгариядан Қытайға дейнгі аймақтарға - саяхат жасады. Ибн Баттута 120,7 мың шақырымдық жолды кесіп өтті, ол қазіргі заманғы көптеген зерттеушілердің күшінен тыс іс болып табылады.

Математика

Мұхаммед әл-Хорезми ондық есептеу жүйесін, дробьтарды, тригонометриялық функцияларды және тағы да көптеген қазіргі заманғы математика ғылымының мағызды ұғымдарын енгізген. Ол алгебра ғылымы бойынша «Кітап аль-Джабр валь-Мукабал» («Толықтыру және қарама-қарсы қою туралы кітап») атты алғашқы оқулықты жазды. Осы кітаптың атауынан, яғни «әл-Жабр» сөзенен батыста «алгебра» деген сөз пайда болды. Ал ғалымның есімі тұрақты терминге айналды: бірегей нәтижеге әкелетін әрекеттердің тәртібі - алгоритм білдіреді.

Білім

Ислам әлемінде мешіттер жанында медреселер ашылды, онда тек діни емес, сонымен қатар зайырлы ғылымдар да оқытылды. Көптеген медреселер кейін ірі университеттерге айналды. Мұсылман билеушілері ғылыми орталықтарды ұйымдастырды, онда ғалымдар білім жинап, дамытты және өзара пікір алмаса алды. Мұндай ғылыми орталықтардың ең танымалы болғаны - IX ғасырдың 20-жылдарында Халиф әл-Мамун негізін қалаған «Даналық үйі» (Бейт әл-Хикма). Бағдадтан басқа ортағасырлық Шығыстағы тарихтың түрлі кезеңдерінде ғылыми қызмет орталығы болған қалалар: Каир, Дамаск, Бұқара, Газна, Самарқан, Хорезм, Исфахан, Нишапур, Балх, Кордоба және т.б. 859 жылы Фатима әл-Фихри ханшайым Фес (Марокко) қаласында алғашқы заманауи университетті құрды. Ерлер мен әйелдерді біргей қабылдаған университетте бірнеше факультеттер болды және көптеген пәндер оқытылды.

Тіл және әдебиет

Араб тілі ғылым тілі болып жетілді. Халифаттың түрлі аймақтарынан келген ғалымдар бір тілде сөйлесуге мүмкіндік алды.

Медицина

Араб халифатында мемлекеттің қаржысына ауруханалар, госпитальдар және алғашқы медициналық институттар салынды. Көптеген ғасырлар бойы мұсылман дәрігерлері көз ауруларын зерттейтін ғылыми саласында алдыңғы қатарда болды. Батыста Авиценна деген атпен танымал болған ғалым Ибн Сина (980-1037 жж.) жұқпалы ауруларды зерттеді, анестезияны енгізді, түрлі психологиялық және физикалық аурулардың сипаттамасын жазды. Оның «Медициналық ғылымының қағидасы» атты кітабы XII-XVII ғасырдары Еуропаның үздік медициналық институттарында оқулық ретінде пайдаланылды. Альбукасис деп аталып кеткен андалузиялық дәрігер Абуль-Касим әл-Захрави (936-1013 жж.), медициналық практикаға кетгутті (қойдың шегінен жасалған жіпті) хирургиялық материал ретінде алғашқы пайдаланған хирург болды. Оның өнертабыстарынын арасында скальпель, шприц, қышқыш және хирургиялық инелер сияқты бірқатар күрделі хирургиялық құралдар бар.

«Ат-Тасриф» атты жұмысында ол хирургиялық операциялар үшін құралдар мен процедураларды суреттеп, сипаттады. Ол 325 ауруларды жіктеді және олардың симптоматикасы мен емін түсіндірді.

Физика

Оптиканың негізін қалаушысы ретінде белгілі араб физик-математигі әл-Хайсам (965-1051 жж.), Еуропада Альхазен деп аталып кеткен ғалым болып табылады. Оның «Оптика кітабы» атты еңбегі И.Ньютонның туындыларымен қатар қойылады. Ол көздің құрылымын сипаттады, жарық жылдамдығын есептеген, және қазіргі заманғы фотоаппаратың алғашқы тұрпәтін – камера-обскураны құрастырды, жарыққа байланысты және әртүрлі айна түрлерімен эксперименттер жасаған.

Абул-Изз Исмаил аль-Джазари (1206 ж. қайтыс болған) «Китабул-Хийал» атты жұмысында кибернетиканың негізін қалады. Ол буынды дуалды, клапанды сорғыларын, су көтеру машиналарын, су сағаттарын, музыкалық аспаптарын, ағаш ламинатын, кодтық құлыптарды және т.б. ойлап тапты.

Химия

Жабир бин Хайян химияның негізін қалаушысы болып саналады. Ол көптеген қышқылдарды сипаттап, химия саласында эксперименталды зерттеу әдісінің алғашқы нұсқасын жасады. Ол ең алғашқы болып атом ішіндегі жасырын мықты энергияның және оның бөліну мүмкіндігі бар екені туралы идеясын білдірді.

Архитектура

Ислам архитектурасы - әртүрлі архитектуралық стильдердің үйлесімі. Ислам архитектурасына діни (мешіттер, минареттер, кесенелер, медреселер), сондай-ақ зайырлы мекемелер мен ғимараттар (рабат - қала маңындағы керуен-сарай, жабық базарлар) жатады.

Күнделікті өмір, адамдардың өмір салты

Әдемі кийіну өнерге айланды. Ең маңызды қолөнер болып саналған - кілем тоқу өнері болды. Кілем өндірісі барлық жерде кең таралған. Парфюмерия саласы дамыды. Майдың он түрі шығарылды: шегіргүл, лотос, нарцисс, күрең пальмалар және т.б. Мұсылман империясының халқы ет, нан және сүтпен тамақтанды. Жеміс-жидектен шырша жүзім, қарбыз, гранат, финики кең пайдаланылды. Жалғыз жиһаз түрі - киім сақталған лари болды. Араб әлемінде ыстық моншалар кең тараған.

4. Сабақтың рефлексиясы келесі цитатаны пайдалана отырып өткізініз: Говард Тернер былай деп жазады: «Мұсылман суретшілері мен ғалымдары, жұмысшылаыр мен князьдары бірлесіп барлық құрлықтарға тікелей және жанама әсер ететін бірегей мәдениетті құрды».

 Оқушылардан осы дәйексөзі туралы пікірін айтуды сұраңыз. Сондай-ақ, олар «алтын ғасырдағы» арабтардың ғылыми және мәдени жетістіктерінің ең маңыздысын таңдауларын сұраңыз..

 

5. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға ислам мәдениеті туралы кітап оқуға кеңес беріледі: мысалы, Адам Мецтің «Мұсылманның қайта өрлеуі». (неміс тілінен аударылған, библиогр. Бертельс Д.Е. М., «ВиМ» басылымы, 1996 ж.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу