Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 8.1
III бөлім. Ислам тарихы
Сабақтын тақырыбы: Ислам тарихында 610-1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды?
Оқыту мақсаты:
- 6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру
Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:
- Сабақтың басында ұйымдастыру және оқушылардың алған білімдерін өзектендіру сәттері өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. «10 жауап» атты жаттығуды откізіңіз. Оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі кез келген санды айтуларын сұраңыз. Енді алдыңғы сабақта сендер дәл осы санмен байланысты (3-ті атаса – 3 факт айтады, 10 деп атаса – 10 фактіні айтады) алдынғы сабақта танысқан жаңа фактілер мен ақпаратты естеріңе түсіріп, атаңыз.
- Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларды келесі сұраққа жауап беруін сұраңыз: Дін дегеніміз не? Сіз қандай діндерді білесіңдер? Неліктен адамзат тарихында түрлі діндер пайда болды? Қай дін ең жас болып табылады? Ислам діні туралы не білесіңдер?
Одан кейін сабақтың тақырыбын айтыңыз, оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерийлермен таныстырыныз. Оқушылар дәптеріне сабақтың тақырыбын жазады.
Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу жұмыстың бағыттарын анықтайды.
Зерттеу жұмыс келесі элементтерді қамтиды:
- Ислам дінінің ерекшеліктерін анықтау;
- Ислам тарихындағы ең маңызды оқиғаларды анықтау;
- Қарастырылып жатқан кезеңіндегі ислам тарихында болған өзгерістерді анықтау.
- Оқушыларға исламның пайда болуы туралы және Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі туралы бейнеролик көрсетіңіз. Оқушыларға бейнежазбаны қарау процесінде негізгі жаңа ақпаратты қысқаша жазып алуді ұсыныныз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін кейбір оқушыларға өздерінің жазғандарын оқып беруді, ал қалғандарын - өздерінің жазғандарын түзеп, толықтыруладын ұсыныныз.
Мұғалім өз тарапынан толықтырулары мен түсіндірмелерін жасайды, негізгі мәліметті жаз алуларын сұрайды. Бұл жұмыс арқылы оқушылар көрген бейненің мазмұнын және сабақтың тақырыбы бойынша қосымша ақпаратты ұжымдық талқылаудан өткізіп, іріктеп жазып алады.
- Жаңа ақпаратты толықтыру үшін оқушыларға исламның таралуы туралы картаны ұсыныңыз. Жұптық жұмыс барысында оқушылар 661-ші - 1258-ші жылдар арасындағы исламның таралуындағы негізгі оқиғалардың тізімін жасайды. Даталарды жазып болғаннан кейін, олар бұл даталардың қайсысы ең маңызды болуы мүмкін деген сұрақты талқылайды.
Жұмыстың аяқталуымен жұп өкілдері өз жұмыстарын сынып алдында ұсынады.
Басқа топтар жұптың жұмысын келесі критерийлер негізінде бағалайды:
- оқушылар көрсетілген кезеңіндегі исламның таралуындағы барлық маңызды оқиғаларды анықтайды,
- оқушылар оқиғаларды сипаттауда хронологиялық реттілікті сақтайды,
- оқушылар қаралып отырған кезеңдегі ислам тарихындағы оқиғалардың мәнін қысқаша сипаттайды,
- оқушылар таңдалған даталардың маңыздылығын дәлелдейтін кемінде 1-2 аргументтерді келтіреді.
Жұптардың жұмысы аяқталған соң, оқушыларға оқиғалардың қайсысы исламның дамуы мен таратылуындағы ең маңызды деп санауға болатынын талқылауды ұсыныңыз.
- Оқушыларды кестені аяқтау үшін жұппен жұмысты ұсыныныз. Оқушылар оқулық мәтінін және қосымша таратылатын материалдарды пайдалана отырып, жұмыс істейді. Кестенің әрбір жолында кем дегенде 1-2 тезисті жазу керек (аяқталған тұжырұмдамаларды жасады).
Қоғам салалары | Омейядтар әулеті | Аббасидтер әулеті |
Саясат | ||
Мәдениет | ||
Экономика | ||
Әлеуметтік өмір және билік |
Тапсырмаға арналған дескриптор:
- оқушылар кестенің әр бос жолына қоғам өмірінің саласына сәйкес кемінде 1 тұжырымдамадан жазады.
Кестемен жұмыс істеуге арналған мұғалім үшін анықтамалық материал.
Қоғамның салалары | Омейядтар әулеті (661 - 750 жж.) | Аббасидтер әулеті (750 – 1055 жж.) |
Саясат | Арабтар жаулаушылық соғыстар жүргізді, олар Армения, Оңтүстік Азербайжан, Солтүстік Африканың бір бөлігін жаулап алды. 711 жылға дейін олар Египеттің батысында (қазіргі Ливия, Алжир, Тунис, Марокко) Византияның бүкіл иелігін басып алып, бұр жерге «Магриб» ("Батыс") деген арабша атаун берді. 711 жылы арабтар Испанияның басым бөлігін жаулап алды. Шығыста араб қолбасшылары Орта Азияға терең еніп, Хива, Бұхара, Самарқанды басып алды, Ауғанстан мен Үнді өзенінің солтүстік-батыс бөлігін басып алды. 717-718 жылдары арабтар Византияны басып алу мақсатында сәтсіздікпен аяқталған шабуылдар жасаған. | Халифаттың астанасы Дамаск қаласынан Бағдадқа (Ираққа) ауыстырылды. Халифт тарихындағы Багдад кезеңі «Аббасидтердің алтын ғасыры» деп аталды, бұл халифтердің сән-салтанат түрде өмір сүрген ең керемет сәті болды. |
Мәдениет | Араб халифаты әлемді керемет мәдени жетістіктермен байытты. Араб мәдениеті арабтар жаулап алған халықтардың мәдениетін әбден сіңірді. Арабтар жаулап алынған халықтардың білімін және салт-дәстүрлерін меңгеуде қабілетті екенін дәлелдеді. Олар түрлі елдердің мәдени жетістіктерін ислам және араб тілі негізінде біріктіре алды. Араб тілі ресми тіл дәрижесіне ие болды: осы тілде құжаттар қабылданды, келіссөздер жүргізілді және дұға етілді. Бұдан басқа, ол барлық Шығыстағы мұсылмандық ғылым мен мәдениеттің тілі болып қапыптасты. | Аббасидтердің астанасы өз замандастарын көлемімен, көптеген сарайлармен, халиф пен оның серіктестерін саябақтарымен таңқалдырды. Саябақтарда су бұрқақтар сылдырап тұратын, ғажайып құстар ән шырқайды. Бағдад халифы Харун әл-Рашид «Мың бір түн» ертегі кейіпкерінің прототипі болды. |
Экономика | Салықтың үш негізгі түрі болды: 1) харадж - жер салығы; 2) джизия – мұсылман емес адамдар төлеген жан басына шаққандағы ақшалай салық түрі; 3) зякят - ондық, халифтің қорына түсетін салық түрі. | Багдадтың ірі базарларында әлемнің ең шалғай елдерінен келген көпестерді кездестіруге болатын еді: византиялықтар, қытайлықтар, үндістер. Мұнда Қытайдық жібек маталары, Үндістанның экзотикалық хош иістері, алыстағы славян елдерінен әкелінген терілер сатылды. Саудагерлер мен теңзшілер алыстағы ғажайып жерлер туралы әңгімеледі. |
Әлеуметтік өмір және билік | Алғашқы төрт халифтер кезеңінде мемлекетті Мухаммадтың достары мен туыстары арсынан сайланған ең жоғарғы дін өкілі басқарады. Омейяттар билікке келгеннен кейін халифтің билігі мұрагерлекке ие болды. Халиф шексіз заң шығарушы және сот билігіне ие болды, қабылдаған шешімдері бойынша ешкімнің алдында жауапты болмады. Көптеген қызметкерлер халифтің қазынасына салықтың түгел төленуін қадағалады. Әмірлер (халифтің жергілікті өкілдері) мемлекеттің жергілікті аймақтарында билік жүргізді және олар өдері басқаратын аймақтарды мұрагерлікке айналдыруға тырысты, халифтан тәуелсіздікті алуды талап етті. | Жоғарғы биліктің сипаты өзгерді - мұсылман әскерлерінің қолбасшысы болып бастап, халиф этникалық шығу тегінен көбірек мәңыздылыққа ие болған барлық мұсылман қауымдастығын мүшесі болғандардың басшысы болды. Аббасидтер кезінде көптеген араб емес елдер өкілдері мемлекетте жоғары лауазымдарға ие бола бастады. Сол себепті ұлттық мәдениеттердің өркендеу мен гүлденуі басталды. Феодалдық қысымының күшеюіне байланысты, Бабек, Мұқанна және басқалардың жетекшілігімен орын алған халық көтерілістер болды. |
- «Ыстық орындық» стратегиясын қолдану арқылы сабақтың рефлексиясын жүргізіңіз. Араб халифатының әулиеттерінің бір өкілінің рөлін сомдайтын оқушыны сынып алдына орындыққа отыруды сұраңыз. Оқушылар өған қалаған сұрақтарын коя алады. Егер орындықта отырған оқушы жауап бере алмаса, оның «кеңесшілері» оған карточкаға жазылған дұрыс жауапты берулері керек. Халиф жазылған жауапты оқып береді. Осылайша, барлық сынып оқушылары сабақта өткен тақырып бойынша алған ақпараттарды қаталау мен жинақтауға қатысады.
- Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға балаларға арналған ислам тарихы туралы көркем шығармаларды оқып келуді болады, мысалы:
- Хаяти Улько «Ислам тарихы»
- Фон Денффер Ахмед «Балаларға арналған ислам тарихы», https://www.e-reading.club сайтында.
Саралап оқыту мүмкіндіктер
Оқушылардын көпшілігіне арналған тапсырма.
Тапсырма: Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз:
- Мекке негізінен ... орталық ретінде дамыды (сауда)
- Мухаммадтың алғашқы мұсылмандармен бірге басқа қалаға қоныс аударуы ... (622) жылы болды.
- Қаланың атауы «Медина» деген ... мағынаны білдіреді (Пайғамбардың қаласы)
- Құран Пайғамбар ... жіберілді (Мұхаммедке)
- Исламның бес негізгі ұғымдары: ... (сенім символы, намаз, зякет, ораза, қасиетті жерлергі хаджылық жасау)
- Мұхаммедтің тәлім алған айдың атауы ... (Рамазан)
- Ислам дін ретінде қалыптасқан аймақ ... (Араб түбегі)
- Ислам пайда болған заманауи мемлекет ... (Сауд Арабиясы)
- Араб тілінде «ислам» ... деген мағынаны білдіреді (бағыныш, бағыныштылық)
- Исламдағы ораза аяқталатын күні ... мерекесі деп аталады (Ораза-Байрам).
Қосымша теориялық материал
Пайғамбар Мұхаммедтің хадистерінен (айтқан сөздері мен нұсқаулары).
1. Намазға жығылып, бірақ игі істерден бас тартған адам - Құдайдан тым алыстап кеткен адам.
2. Азғантайдан ляязат алу - сарқылмас байлық.
3. Жұмақ аналардың аяғы астында.
4. Ұят – сенімнен қалыртасады.
5. Көздін құрғақтығы - қатал жүректің белгісі.
6. Ең жақсылар - сізді ізгі ниетпен жақсылықққа шақыратын адамдар.
7. Егер сен бауырыңа ештеңе айтпаған болсаң, ол сенің айтқаныңды растады, ал сен оған өтірік айттың - бұл үлкен сатқындық.
- Өтірікші болу үшін тек естігенінді қайталау жеткілікті.
- Надан болу үшін, білетіндеріңіздің барлығын айту жеткілікті.
- Адамдарға меймірділік - ақылдың жартысы (белгісі).
- Сұрағым жөн – білімділіктің жартысы (белгісі).
12. Тіпті Қытайдада білім іздеңіз, білімге деген ұмтылыс - әрбір мұсылман және мұсылман әйелдің міндеті.
13. Мұғалім мен оқушы - жақсы істердегі достар.
14. Мүлкін қорғап қайтыс болғандардың барлығы - қасиетті шәһит.
15. Мұсылманның мүлкі - мұсылманның қаны.
16. Кедейлік - бұл түңілудың шегі, ал қызғаныш адамның мақсатын өзгертуі мүмкін.
Сұрақтар:
1. Мұхаммедтің және оның жақтастары ұстанған ережелерге қатысты көзқарасың қандай?
2. Пайғамбардың хадистеріндегі адамдардың діни көзқарастарына қарамай, адамдар ұстанатын ережелер бола алатынына, олар әмбебап этикалық идеалдар деп санайсыз ба? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?