Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8 (1)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру | ||
Сабақ мақсаттары | 610- дан 1258 ж. дейінгі кезеңде ислам әлемін едәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| өзгеріс | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Бедуиндер Омейя , Аббасидтер әулеттерінің кезеңі, алтын ғасыр, құран, мешіт, пайғамбар, шариғат, халиф, халифат,халықаралық дін, ислам, джихад. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Омейя билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен сипатталады... Ең маңыздысы Омейя басқарған кезде әлуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық .... болған Ең маңызды өзгеріс/ жетістік ... болған. X маңыздырақ болған Y, себебі… Бұл оқиға / даму маңыздырақ болды/ себебі.... … X туындатуына мүмкіндік берді Y. | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | география | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | ||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | 1. Сәлемдесу 2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | ||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау (3 мин) | БЫМ/К VII-VIII ғғ. Араб халифатының картасын көрсету. «Миға шабуыл»:
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
| Презентация | ||||
Оқулықпен жұмыс (10 мин) | М/Ж Оқушылар оқулықтың 44-45 беттегі исламның пайда болуы мен Мұхаммед Пайғамбардың қызметі туралы мәтінмен танысады. Оқулық мәтінін оқыған кезде, Мұхаммедтың пайғамбарлық қызметінің негізгі оқиғаларын уақыт сызығына (дәптерге) белгілеу. Бағалау критерийлері:
| Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 44-45 беттер. | ||||
Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы (5 мин) | Т Картаға, уақыт сызығына сүйене отырып, ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты басты оқиғаларды анықтап, тізім құрастыру. Т Әрбір топ ең маңызды оқиғаны ажыратып, оны сипаттап, жауабын дәлелдейді. Бағалау критерийлері:
| Презентация | ||||
Жұптық жұмыс түрі (5 мин) | Ж Мұғалім ислам дінінің пайда болуы мен араб халифатының қалыптасуындағы өзара байланысын анықтауда логикалық тізбекті толтыруды сұрайды. Б жалпысыныптық талқылау. Сұрақты талқылау: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрамына ену, жеңілген елдер үшін салдары қандай болды? Бағалау критерийлері:
Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрамына ену, жеңілген елдер үшін салдары қандай болды? | Презентация, Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 46 бет. | ||||
Мұғалімнің түсіндіруі (3 мин) | М/Б Мұғалім ислам мәдениеті туралы ақпарат береді. | Презентация | ||||
Топтық жұмыс түрі (10 мин) | Т Оқулықтың 46 беттегі мәтінді оқып, Омейяд пен Аббасид әулеттерін зерттеу негізінде, 661 - 1258 жылдар арасында орын алған негізгі өзгерістерді стикерлерге жазу. Оқушылардың мақсаты: сала бойынша стикерлерді жабыстыру.
Бағалау критерийлері:
| Презентация Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 46 бет. | ||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы (5 мин) | Б Ислам тарихының басты оқиғалары тақырыбы бойынша синквейн әдісін қолдану. Бірінші жол - сабақтың тақырыбын білдіретін зат есім. Екіншісі - тақырыптың қызықты тұстарын ашатын екі сын есім. Үшінші жол - бұл тақырыпқа тән әрекеттерді анықтайтын 3 етістік. Төртінші жол – тақырыптың мәнін ашатын сөйлем. Бесінші жол - бұл қорытынды шығаратын зат есім. | Презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?