Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 8.2

 

 III бөлім: Ислам тарихы

 Сабақтын тақырыбы: Ислам тарихында 610-1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды?

 Оқыту мақсаттары:

 6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру

 Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 

 Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі және қолданыстағы білімді өзектендіру: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. «10 + 10» - атты жаттығуды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға соңғы сабақта қарастырған кез келген жаңа сөзді айтуды сұраңыз. Осы сөзге 10 сын есімді келтіруді сұраңыз. Бұдан кейін аталған сөзге сай келмейтін 10 сын есімдерін айтуын сұраңыз. Осы жұмыс түрін орындау арқылы оқушылар алдыңғы сабақтың ақпаратын қайталайды және жаңа тақырыпты меңгеруге дайын болады.

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларды «Арабтардың заулап алу жорықтары» атты картасын көруді ұсыныныз. Оқушылардан картаны қарап отырып қандай да бір ассоциацияларды айтуларын сұраңыз.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап алған соң, сабақтың тақырыбын айтыңыз, оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерийлермен таныстырыныз. Оқушылар дәптеріне сабақтың тақырыбын жазады.

Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағыттарын анықтайды.

Зерттеу жұмыс келесі кезеңдерді қамтиды:

- Ислам дінінің ерекшеліктерін анықтау;

- Ислам тарихындағы манызды оқиғаларды айқындау;

- Ислам тарихында қарастырылып отырған кезеңде болған өзгерістерді анықтау;

  • Ақпаратты көрсетілген категориялар бойынша реттеу.    

3. Картамен жұмыс. Картаға оқушылардың назарын аударыңыз. Оқушыларға жаңа мемлекет - Араб халифаты - пайда болу себептері туралы және исламның пайда, Пайғамбар Мұхаммедтің қызметі туралы қысқаша әңгімелеңіз. Мұғалімнің баяндау кезінде оқушылар негізгі ақпаратты қысқаша дәптерлеріне жазып алады.

4. Уақыт сызығымен жұмыс. Оқушыларды дәптеріне уақыт сызығын салуды сұраңыз. 661-ден жылдан 1258-ге жылға дейінгі ислам дінінің таралу тарихы туралы қосымша мәтіндерді таратыңыз. Жұптық жұмыс жасай отыра, оқушылар уақыт сызығын толтырады, белгіленген кезеңіндегі ислам дінінің таралуындағы маңызды оқиғаларды белгілейді. Даталар мен оқиғаларды қысқаша жазғаннан кейін, оқушылар бұл оқиғалардың қайсысы маңызды екенін ақтау мақсатында талқылау жүргізеді.

Жұмыс аяқталған соң жұптың өкілдері өз жұмыстарын сынып алдында ұсынады. Басқа топтар критерийлер бойынша бағалайды. Оқушылар:

 - қаралып отырған кезеңіндегі ислам дінінің таралуындағы барлық негізгі оқиғаларды анықтайды,

 - оқиғаларды сипаттауда хронологиялық реттілігін сақтайды;

 - қаралып отырған кезеңіндегі ислам тарихындағы оқиғалардың мәнін қысқаша сипаттады;

 - таңдалған даталарды не себепті алынғаны туралы кемінде 1-2 дәлел келтіреді.

 Жұптардың жауаптарын тыңдағаннан кейін, сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз: оқушылар көрсеткен оқиғалардың қайсысы ислам дінін тарауында ең маңызды деп санауға болатыны туралы пікір-талас ұйымдастырыңыз.

 

 5. Топтарда жұмыс ұйымдастырыңыз. Тапсырма: оқиғалардың дұрыс реттілігін қалпына келтіру. Оқушыларға карточкаларда жазылған ислам тарихы бойынша оқиғалардын сипатамасын ұсыныныз. Оқушылар бұл оқиғаларды алдыңғы кезеңде толтырылған уақыт сызығы мен қосымша теориялық ақпаратты пайдалана отырып, дұрыс хронологиялық реттігі бойынша орналастыру керек.

Карточкалардың мысалдары:

  •  40 жасында Мұхаммед өзін бір Құдайдың – Алланың – хабаршысымын деп жариялады. (610-611 жж.)
  •  Мұхаммед қолдаушыларымен Меккеден Ясибге (кейінірек - Мединаға) көшуге мәжбүр болды. (622 ж.)
  •  Мұсылмандар Меккеге жеңімпаздар ретінде кірді. Осы уақытқа дейін барлық арабтар ислам дінін қабылдады. (630 ж.)
  •  Пайғамбар Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін Мединаға жерленді. (632 ж.)
  •  Бірінші халифтердің - Пайғамбардың орынбасарларынын – билік жүргізген кезеңі (632-661 жж.)
  •  Араптардың алғашқы жаулап алу жорықтары екінші халиф Омардың билік құрған жылдары кезеңінде басталды (634-644 жж.)
  •  Билік үшін күрес және Араб халифатының әлсіреу кезеңі үшінші халиф - Осман билік құрған жылдары кезеңінде орын алды. (644-656 жж.)
  •  Әлсіз төртінші халифты – Әлиді – оның қарсыластары өлтірді. Оның билік құрған жылдарыда халифаттың әлсіреуіне әкелді. (656-661 жж.)
  •  Төртінші халиф қайтыс болғаннан кейін Сирияның әміршісі, Омейя отбасының өкілі Муавия тақты басып алды. (661 ж.)
  •  Омейядтар тұсында Дамаск қаласы Араб халифатының астанасы болды. (750 жылға дейін).
  •  Арабтар Испанияны қарсы жорықтарын бастады және Испанияның қөп бөлігін тез арада жаулап алды. (711 ж.)
  •  Арабтар үш рет Византияны сәтсіздіз жаулап алуға әрекет жасады. (717-718 жж.)
  •  Иран мен Ирактің ақсүйетерінің өкілі Абул-Аббас Омейядтардың билігін жойып, жаңа Аббасидтер әулетінің билігін орнатты. (750 ж.)
  •  Халифаттың астанасы Бағдад қаласына көшірілді. (750 ж.)
  •  Аббасидттардың «алтын ғасыры» деп аталатын кезең (750-1055 жж.)
  •  Багдад қаласын түріктер – салжұқтар басып алды және Аббасид халифаты өмір сүрудін тоқтатты. (1055 ж.)
  •  Хулагудың басшылығымен моңғол әскерлері Бағдад қаласын қоршауға алдып, оны басып алды. Қаланы тонап, өртеп жіберді, 100 000-нан 1 000 000-ға дейін адам өлтірілді. (1258 ж.)
  •  Моңғол әскері Орта Азиядағы мұсылман мемлекеттерін жойып, Араб халифатының өмір сүруін тоқтатты. (1258 ж.)

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

 - оқушылар оқиғалардың хронологиясын дұрыс қалпына келтірді

 - оқушылар топтық жұмыста тиімді өзара әрекеттесті.

 

6. «5 + 5 + стратегиясын қолдану арқылы сабақтың рефлексиясын өткізіңіз.

 Оқушыларға дәптерге келесіні жазуды ұсыныңыз:

 - сабақта оқытылған тақырып бойынша 5 сөйлем құрастырың,

 - тақырып бойынша 5 кілтті сөздерін жазыңыз,

 - сабақтың тақырыбының мазмұнын 1 сөзбен айқындаңыз.

 Кейбір оқушыларға өз жазғаннын оқып беруді сұраңыз. Оқушылардың жауаптарынан кейін қажет болған жағдайда түзетулер немесе толықтыруларды ұсыныңыз.

 

7. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға ислам тарихы туралы көркем шығармаларды оқып келуге болады, мысалы:

 - Б.-Р. Логашова, П. И. Пучков. Ислам. «Халықтар мен діндер әлемі» энциклопедиясы»

 - Аксенова М. Балаларға арналған энциклопедия. 6-том. Әлемнің діндері. 1-бөлім. Дәстүрлі сенім-нанымдар. Иранның діндері. Иудаизм. Үндістанның діндері. Қытай мен Жапонияның діндері.

 

 Сабақ тақырыбы бойынша қосымша теориялық материал

 

 Мәтін: «Қағба - мұсылмандардың қасиетті қаласы»

 

 Сауд Арабиясы аралының батыс жағалауында, Қызыл теңізден жетпіс бес шақырым жерде, таулармен қоршалған шағын аңғарда әлемдегі мұсылмандар үшін ең маңызды қала - Мұхаммед пайғамбардың туған жері – Мекке қласы орналасады.

 Аңыз бойынша, Кағба - жер бетіндегі алғашқы мешіті болып саналады, оныалғашқы адам және пайғамбар - Адам құрған. Топан су басу оқиғасынан кейін бірінші болып әйелі Хаджар мен Исмаил ұлын Меккеге алып келген Ибрахим пайғамбар Қағбаны қалпына келтірген. Сол кезде бұл сусыз, жансыз шөл аумақ болған.

 Ибрагим әйелі мен баласын таудағы аңғарда қалдырып, Палестинаға оралады. Біраз уақыттан соң Хаджар мен Ысмайылда су қорлары таусылады, сонымен олардың басына шөлдіктен өлім қаупі төніп тұрды.

 Бірақ Аллах - рақым етуші – бір керемет жасайды: баласын қолына ұстаған әлсіреген әйелдің аяғының астынан кенеттен таза су себілген. Бұл су «Замзам» су деп аталады. Осы қасиетті кереметке байланысты осы жерде Мекке қаласы пайда болады.

 Б.з.д. ІІ ғасырға өмір сүрген ежелгі грек астрономы, математигі және географы Клавдий Птолемейдің қолжазбасында Мекке «Макораба» деп аталады, бұл семиттік тілдік тобының сөзі «храм» дегенді білдіреді.

 Уақыт өте келе, Мекке Азия мен Жерорта теңізі бойындағы елдерін байланыстыратын керуен жолдарының қиылысанда орналасқандықтан, ірі сауда орталығына айналды. Сауда-саттықтың дамуының арқасында қала түрлі мәдениеттер мен діни нанымдардың кездесетін аймаққа айналды.

 IV ғасырдың соңында пұтқа табынушылар - құрайшылар тайпасы Мекке мен оның айналасындағы аумақтарды жаулап алды. Арабия түбегінің басты діни орталығы ретінде Меккенің рөлін нығайту мақсатында құрайшылдық көшбасшы Шейх Кусай Кағбада және оның айналасында түрлі наным-сенімдердің көптеген идолдардын мүсінін жасауға мүмкіндік берді. V ғасырдың ортасында Кағбада ежелгі араб, вавилон және еврей құдайларының 360 мүсіні қойылды.

 Мекка сауда, қажылық орталығы болуымен, ыңғайлы географиялық аймақта орналасуымен араб елінің басқа қалаларынан ерекшеленетін, бірақ, сонымен бірге, осыларымен жалауалушыларды қызықтырды. VI ғасырдың соңында Арабия түбегінде тайпалар арасында соғыстар күшейе түсті.

 570 жылы мұнда болашақ пайғамбар Мұхаммед дүниеге келді. Көп ұзамай, ол ислам ілімінін тек арабтарға ғана емес, басқа да көптеген халықтарға таратты.

 632 жылы (хижраның 10-шы жылы) Мухаммад қоштасу қажылық - хаж жасады. Содан бері Меккеге қажылық ислам дінінің бес негізігі шарттарының бірі болды.

 X ғасырдың ортасына дейін Мекке басқа да жақын ораналқан қалалармен бірге Омейядтардың әулетінің, одан кейін Аббасидтердің билігінде болған. Бұл уақытта Мекке зияткерлік қала мәртебесіне ие болады - мұнда діни мектептер (мазхабтар), мұсылман юриспруденция мектептері (фикхтер) ашылды.

 1517 жылдан 1916 жылға дейін Мекке Осман империясының құрамында болды, бірақ шектеулі тәуелсіздігін сақтап қалды. 1924 жылдан қазіргі уақытқа дейін қасиетті қала Сауд Арабиясы Корольдігінің бір бөлігі болып табылады, Исламның екі басты қасиетті қаласы - Мекке мен Мединаға байланысты бұл елді екі мешіттің елі деп атайды.

 Бүгін Мекке - Сауд Арабиясының бір миллионнан астам тұрғыны бар бір облысының әкімшілік орталығы. Соңғы жылдары қаланың инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

 Қажылық жасауға келетін миллиондаған қажылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін, Сауд Арабиясының билік органдары көлік жүйесін жетілдіру және қаланың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарына көп қаржы жұмсайды.

 Ерте орта ғасырларда исламның бесігі болған, қазіргі заманғы Мекке қазіргі уақытта да бүкіл мұсылман әлемінің рухани орталығы болып табылады. Жыл сайын бүкіл әлемнен қажылар келеді, Меккеде халықаралық мұсылман конференциялары мен форумдары өтеді.

 (дереккөзі: http://www.islamisemya.com/istoriya)

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу