Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8 (2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру | ||
Сабақ мақсаттары | 610- дан 1258 ж. дейінгі кезеңде ислам әлемін едәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| өзгеріс | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Бедуиндер Омейя , Аббасидтер әулеттерінің кезеңі, алтын ғасыр, құран, мешіт, пайғамбар, шариғат, халиф, халифат,халықаралық дін, ислам, джихад. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Омейя билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен сипатталады... Ең маңыздысы Омейя басқарған кезде әлуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық .... болған Ең маңызды өзгеріс/ жетістік ... болған. X маңыздырақ болған Y, себебі… Бұл оқиға / даму маңыздырақ болды/ себебі.... … X туындатуына мүмкіндік берді Y. | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | география | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | 1. Сәлемдесу 2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары |
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау (3 мин) | БЫМ/Б VII-VIII ғғ. Араб халифатының картасын көрсету. Б Оқушылар назарына ислам дінінің пайда болуы мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі туралы бейне баян ұсынылады. Бейне баянды көру барысында оқушылар Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі жайында басты оқиғалар мен жылдарды дәптерге жазады. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
| Презентация |
Мұғалімнің түсіндіруі (5 мин) | М Мұғалім оқушыларға әлем діндері, соның ішінде ислам діні туралы негізгі ақпаратты береді. Оқушылар ақпаратты дәптерге жазады. | Презентация |
Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы (7 мин) | Ж Дәптердегі жазбаларды, арабтардың жаулап алу жорықтарын сипаттайтын картаны пайдалана отырып (Қосымша 1), ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты басты оқиғаларды анықтап, тізім құрастыру. Т Әрбір топ 750 ж. дейінгі ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты ең басты үш оқиғаны ажыратып, оны сипаттап, жауабын дәлелдейді. Әрбір оқиғаны жеке стикерге жазады. | Қосымша 1 Арабтардың жаулап алу картасы |
Топтардың қорғауы (10 мин) | Б/Т Мұғалім үш оқиғаның маңыздылығын ашатын оқиғалар бойынша талқылау жүргізеді. Әр топ хронологиялық реттілікті сақтай отырып, уақыт сызығында стикерлерді орналастырып, дәлелдеу қажет. Топтар бір-бірін толықтырады. Бағалау критерийлері:
| Презентация, уақыт сызығы |
Сыныпта пікірталас өткізу (4 мин) | М/Б Мұғалім оқиғалардың маңыздылығы туралы сыныпта пікірталас өткізуді және ислам тарихындағы басты оқиғалардың салдарының маңыздылығы туралы өзара келісімге келуді ұсынады. | Презентация |
Топтық жұмыс түрі (5 мин) | Т Омейяд пен Аббасид әулеттерін зерттеу негізінде, 661 - 1258 жылдар арасында орын алған басты үш өзгерістерді анықтау. Келесі салалар бойынша: 1.саяси 2.мәдени 3.экономикалық 4.әлеуметтік | Презентация |
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы (4 мин) | Б Ислам тарихының басты оқиғалары тақырыбы бойынша синквейн әдісін қолдану. Бірінші жол - сабақтың тақырыбын білдіретін зат есім. Екіншісі - тақырыптың қызықты тұстарын ашатын екі сын есім. Үшінші жол - бұл тақырыпқа тән әрекеттерді анықтайтын 3 етістік. Төртінші жол – тақырыптың мәнін ашатын сөйлем. Бесінші жол - бұл қорытынды шығаратын зат есім. | Презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?