Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 6 СЫНЫП, САБАҚ 6.1

 

 II бөлім: Феодализм

 Сабақтың тақырыбы: Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан?

 Оқыту мақсаттары:

 6.1.1.1 - феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау;

 6.1.2.1 - үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау.

 Тарихи концепт: интерпретация

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. «Музыкалық конкурс» жаттығуын откізіңіз. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөлім, ойын шартын түсіндіреді: Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер оларға тез жауап беруіңіз керек. Егер жауабыңыз дұрыс болмаса, жауап беру құқығы басқа топқа өтеді. Сіз дайынсыңдар ма?

Содан кейін мұғалім алдын-ала дайындалған кең тараған балаларға арналған өлеңдердін үзіндісін сұрақ ретінде усынады. Оқушылар әннің мәтініне сүйініп, өлең жолдарымен жауап береді. Мыласы: Винни-Пухтың басында не бар? Жауабы: Менім басым жоңқаға толы! т.б.

2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға феодалдық сатының (феодальная лестница) суретін көрсетіңіз және оның мазмұны мен мәнін түсіндіруді сұраңыз. Оқушылардың жауабы: Мүмкін, бұл орта ғасырдағы қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының қарым-қатынасы, кейбіреулердің әлеуметтік мәртебесі жоғарырақ болса, басқалары олардан төмен бөлғандығын білдіреді. Оқушыларға сұрақ қойыныз: Сабақ тақырыбы қандай болады? Біз не үйренуіміз және нені білеміз?

Содан кейін сабақтың тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларға оқу мақсаттарын, тарихи концептісін және бағалау критерийлерді түсіндіріңіз. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағыттарын анықтайды.

Зерттеу кезеңдері төмендегідей болуы мүмкін:

- Феодализм түсінігі және оның ерекшеліктерін анықтау;

- Феодалдық қоғамның құрылымының ерекшеліктерін зерттеу;

- Еуропа елдерінің әлеуметтік құрылымын және ортағасырлық түркі қоғамын салыстыру;

- Үндістан мен Жапония мысалында орта ғасырлар кезеңіндегі Еуропа елдерінің және Азия елдерінің әлеуметтік құрылымды салыстыру.

3. Оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз. Оқушылар терминдермен олардың түсінігін сәйкестендірулері керек. Келесі терминдерді қарастырыңыз: феодализм, феодалдық құрылыс, феодалдық шаруашылық. әлеуметтік рольдер, рыцарьлар, басыбайлы шаруалар, әлеуметтік теңсіздік, феодалдық міндеттемелер, барщина, оброк (алым).

Осы тапсырмаға орындауға белгіленген уақыт аяқталған соң, тақтада немесе таратпа қағазда көрсетілген сәйкестендірудің дұрыс нұсқасын көрсетіңіз. Мұны қолданып, оқушылар өзін-өзі немесе өзара бағалау орындайды.

4. «Феодальдық сатылары» атты рөлдік ойын өткізініз. Үлкен плакатты алып, оны ірі феодалдың рөлін орындайтын оқушыға беріңіз. Бұл оқушы өз жер иелігін өзінің вассалына (граф немесе герцогке) тапсырады. Бұл вассал жерді өзінен төмен тұратын вассалдарына (баронданға? рацарьларға) бөліп береді. Содан кейін оқушылар өздерінің жер ілесінің көлеміне сәйкес сапқа тұрады. Сабақтың басында көрсетілген феодалдық сатылары бейнеленген слайдты көрсетіңіз. Оқушыларға феодалдық сатысының ережесін: «Менің вассалымның вассалы - менің васалым емес» және шаруалардың феодалдық сапыға кірмегендігін түсіндіріңіз.

Оқушылардан Қазақстан тарихы сабақтарында танысқан орта ғасырларда ежелгі түріктердің әлеуметтік құрылымын қысқаша түсіндіруді сұраңыз. Орта ғасырларда түріктер мен еуропалық қоғамның әлеуметтік құрылымдары қаншалықты ұқсас немесе ұқсас емес болғандығы туралы пікір-талас ұйымдастырыңыз.

 Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары:

 - Негізгі айырмашылық шаруашылықтың негізгі түрімен байланысты: Еуропадағы отырықшы ауыл шаруашыл және ортағасырлық Қазақстанның аумағында көшпелі мал шаруашылығы болғандығы. Түріктерде мал басы, ал еуропалықтарда басты байлық – жер үлесі болды. Еуропадағы негізгі өндірушілер шаруалар, ал түркі империяларында - мал басы. Түркі қоғамы орталықтандырылған болды: қаған, шенеуніктер және қағанның жақын адамдары, сарбаздар және қоғамның қарапайым мүшелері. Яғни әлеуметтік құрылымд ұқсас болмады.

 Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

- еуропалық және түрік қоғамының әлеуметтік құрылымы арасындағы кемінде 3 айырмашылықты анықтайды;

- «Қазақстан тарихы» пәні сабақтрында алған білімдерін пайдалана отырып, пәнаралық байланыс орнатады.

 5. Оқушыларға орта ғасырлардағы Еуропа мен Азия елдерінің (Жапония, Үндістан мысалдарында) әлеуметтік құрылымдардары туралы оқулықтың мәтінін немесе таратылған мәтіндерді оқуды ұсыныныз.

 Сыныпты екі топқа бөліп, Венн диаграммасын толтыруды сұраңыз:

1-ші топ: Еуропалық қоғам және орта ғасырдағы үнді қоғамы,

2-ші топ: Еуропалық қоғам және орта ғасырдағы жапон қоғамы.

 Дескрипторлары:- орта ғасырдағы Үндістанның / Жапонияның әлеуметтік құрылымын сипаттайды;

- әлеуметтік құрылымның ұқсастықтарын анықтайды;

- феодалдық қатынастарды түсіндіруге арналған терминдерді пайдаланады;

- екі әлеуметтік құрылым арасындағы ұқсастықтың көлемін бағалайды.

Топтар өз жұмыстарын ұсынады. Оқушылардын жауаптарын тыңдап, оларды әлеуметтік құрылымдар басқаша болғанымен, феодализмнің мәні өзгермейді: шаруалар феодалдарға тәуілді болды, өйткені феодалдарда билік құралы ретінде жерге жеке меншігі және әскери күш – рыцарьлары болды.

  Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін түріктер және үнді қоғамының әлеуметтік құрылымын салыстыруды ұсынуға болады; түріктер мен жапон қоғамы және олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасауға болады.

 

 6. Жаңа ақпаратты бекіту үшін оқушыларға жұптық жұмыс түрін ұсыныңыз. Феодалдық қоғамдағы қарым-қатынастардың мысалдарын келтіріңіз. Оқушылар төменде берілген тізімде «лорд-вассал» қатынастарына жататын тұжырымдарды анықтайды. Қарым-қатынас әрекеттестіктер мысалдары:

а) өзара адалдық анты;

б) сеньорға қатысты вассалдың мiндеттемелері болған;

в) өз сеньорының вассалына қатысты вассалдық мiндеттемелердi орындау;

г) әскери қызмет;

д) корольдік соттың шешіміне бағыну;

е) белгілі бір жағдайларда сеньор өз вассалына ақашалай көмек береді;

ж) теңестiрiлген соттың (суд равных) шешiм мойындау;

з) басқа феодалдардан өз вассалын қорғау;

и) вассалдың вассалы тек өзінен бір саты жоғары тұрған сеньорға бағынышты болды;

к) корольге қатысты міндеттемелерді орындау.

 Дескрипторлары. Оқушылар:

 - «лорд-васал» қатынастарының категориясын дұрыс анықтайды;

 - өз таңдауын дәлелдейді;

 - «сеньор» және «вассал» ұғымдарының мәнін анықтады.

Оқушылардын пікірлерін қорытындылаңыз, қажетті түсіндірмелер мен толықтырулар беріңіз.

 7. Сабақтың рефлексиясын «Ішінде және сыртында» деген стратегиясы арқылы өткізуге болады. Оқушыларға бос шеңбер салынған қағаз парағын беріңіз және орта ғасырдағы қоғамның әлеуметтік топтарының атаулары жазылған карточкаларды ұсыныңыз:

а) буржуазияб) бюргер

в) корольг) герцоге) баронд) рыцарьг) қолөнерші

h) еркін шаруаларi) епископтарl) монастырьлардағы аббаттарn) құлдарo) тәуелді шаруаларк) пролетарийлерo) графтарм) архиепископтар.

Егер аталған топтар феодалдық сатыға қатысты болса, оқушылар карточканы бос шеңбердің ішіне орналастырады, егер кейбір сөздер феодалдық қоғамның құрылымына жатпаса – карточканы шеңберден тыс орналастырады. Осылайша, оқушылар феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы өз білімдерін қорындайды.

8. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға Жак Ле Гофтың «Балаларға айтылған орта ғасырлар тарихы» кітабын оқуды тапсыруға болады. (https://www.ozon.ru/context/detail/id/19627674/).

Орта ғасырдағы әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасы туралы аталған кітаптан қысқаша фрагменттерін жазып, оларды келесі сабақта оқып беруды ұсыныныз.

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

  Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма:

 

 Тізімнен төменде көрсетілгендерге (А, В, С) тән тұжырымдамаларды (1-27) таңдаңыз:

  A) феодалдық экономика B) феодалдық қоғам C) феодалдық қоғам және феодалдық экономикасына қатысы жоқ тұжырымдама.

 Тұжырымдамалары:

1. құлдардың болуы

2. вассалық тәуелділік

3. феод - шаруаның жеке мүлкі

4. шаруаларды экономикалық түрде мәжбүрлеунуі

5. шаруа - жердің толық иесі

6. басыбайлылық құқықтың болуы

7. рентаның натуралды түрі (өніммен төленді)

8. феод – феодалдың жеке меншігі

9. шаруалардың жеке басы феодалдарға тәуелділігі

10. барщина мен и оброктың болуы

11. басыбайлылық құқұғы12. феодалға қатысты вассалдық тәуелділігі13. шаруалардың экономикалық емес тұрғыда мәжбүрлеуі14. шаруалар – жердің пайдаланушылары15. нарықтық шаруашылық жүйесі16. Қолөнерлердің цехтары мен көпестердің гильдияларының болуы17. зауыт өндірісі18. құлиеленушіліктің болуы19. феодалдық рента20. феодалдардың өзара берілетін анты21. өндірістің нарықтық формасы22. натуралды шаруашылық

23. феод - корольдің жеке меншігі24. орталандырылған нарық25. барщинаның болуы26. фабрика өндірісі27. рентаның ақшалай нысаны

 Жауаптың нұсқасы:

 А) 7, 8, 10, 14, 16, 19, 22, 23, 25, 27.

 В) 2, 4, 6, 9, 11, 12, 13, 20.

 С) 1, 3, 5, 15, 17, 18, 21, 24, 26, 27.

 

 Сабақ тақырыбына қатысты қосымша теориялық материалМәтін: «Феодализм кезіндегі экономикалық және экономикалық

 емес мәжбүрлеу түрлері»

 

 Феодалдар өздеріне тиесілі жер иеліктерді шаруаларына қолдануға берген. Осы жерді шаруалар өндеп, феодалдық міндеттемелерін атқарды. Сол үшін олар өнімнің бір бөлігін өздеріне қалдыра алды. Осылайша феодалдық қоғамда тікелей өндіруші жердің иесі емес, жерлің пайдаланушы болды. Феодалдықтардың шаруашылыққа тән ерекшелік: жер феодалдардың меншігінде болды, бірақ оны шаруалар өндеді. Феодалдың ірі шаруашылығымен қатар шаруалардың шағын шаруашылықтары болды.

 Феодалдар тікелей өндірушілерді тек экономикалық тұрғыда емес, оларды экономикақалық емес мәжбүрлеу әдістерін де - зорлық-зомбылыққа жүгіну арқылы - қолданған. Тек осылайша феодалдар жерге жеке меншігін сақтап қала алған. Егер жер иесі шаруаның жеке басына билігі болмағанда, онда ол өз пайдасына шаруаны жұмыс істетуге мүмкіндігі болмайтын еді. Шаруалардың жеке басының феодалдарға тәуелділігі және осыдан туындаған экономикалық емес мәжбүрлеу феодалдық жүйенің тән ерекшелігі болды. Шаруалардың дербес тәуелділігінің формалары мен дәрежесі әртүрлі болды - қатаң басыбайлылық құқықпен қатар экономикалық міндеттемелердің болуы мен құқықтық шектеулер – әлеуемттік теңсіздіктің болуы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу