Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6 (2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.1 – феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау 6.1.2.1 – үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау | ||
Сабақ мақсаттары | - тарихи деректермен жұмыс жасай отыра, феодалдық қоғамның ерекшеліктерін білу; | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| интерпретация | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Оқушылар феодализмнің басты ұғымдарының түсінігін көрсету үшін терминдерді қолдана алады. Пәнге тән лексика мен терминология: қожайын, рыцарь, шаруа, теңсіздік, барщина, ауыл шаруашылық қалдықтар, иелік. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Феодализм … қалыптасты. Қожайын мен шаруа ... болды. ... азық-түлік пен заттар өндірілген кезде қалдықтар пайда болады. | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | экономика (экономикалық терминдер, өндірістік қатынастар). | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Феодалдық қоғамның басты ерекшелітерін, әлеуметтік сатыны жалпылама біледі. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | ||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | 1. Сәлемдесу 2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | ||||||||||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау (3 мин) | БЫМ мұғалім оқушыларға бос торы бар феодалдық сатыны ұсынады. Оқушылардың мақсаты: феодалдық сатынының өкілдерін дұрыс ретпен орналастыруды сұрайды (Қосымша 1). С Тапсырма орындалғаннан кейін, мұғалім оқушылармен талқылау жүргізіп, феодалдық сатыны дұрыс толтырғанын анықтап, неліктен осылайша орналастырғанын сұрау. О Дұрыс толтырылған форасын ұсынып, түсіндіру. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
| Презентация. Қосымша 1 «Әлеуметтік топтар» | ||||||||||||
Жұптық жұмыс түрі Оқулықпен жұмыс (10 мин) | М/Ж Мұғалім оқушыларды оқулықтың 31-33 беттегі мәтінмен танысуды және кестені толтыруды сұрайды:
Бағалау кртиерийлері:
М/С жалпысыныптық талқылау. М/С мұғалімнің сұрақтары: -Бірінші мен екінші сословиені не біріктіреді? -үшінші сословиенің айырмашылығы неде? | Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 31-33 беттер. | ||||||||||||
Жұптық жұмыс түрі Тарихи дерекпен жұмыс (10 мин) | Ж 34 беттегі тарихи деректі оқыңыз. Дерек бойынша әр сословиенің қызметін, құқығын, міндетін анықтаңыз. Жауаптарды схема түріне салыңыз: Сословие Қызметі Құқықтар мен міндеттері
Бағалау критерийлері:
| Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 34 бет | ||||||||||||
Талқылау (5 мин) | М/С «Менің вассалымның вассалы - менің вассалым емес», «Сеньорсыз жер жоқ» деген тұжырымдарды қалай түсінесіздер? | Презентация | ||||||||||||
Жеке жұмыс (8 мин) | Ж төменде берілген ұғымдарды пайдалана отырып, сабақтың зерттеу сұрағына жауап беріңіз: Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? Феодализм Феодалдық қоғам поместье әлеуметтік рөлдер рыцарьлар басыбайлы шаруалар теңсіздік феодалдық міндеткерліктер барщина оброк сеньорлар сословие тәуелділік С Кейбір оқушылар жауаптарын оқиды. | Презентация | ||||||||||||
Рефлексия және үй тапсырмасы (5 мин) | С Мұғалім келесі сөйлемдерді жалғастыруды сұрайды: Батыс Еуропадағы феодалдық қоғамның басты ерекшеліктері ... болып табылады. Сеньор дегеніміз… Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді, себебі ... Король вассал бола алмайды, себебі ... | Презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?