Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 6 СЫНЫП, САБАҚ 5.1

 

 II бөлім: Феодализм

 Сабақтың тақырыбы: Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?

 Оқыту мақсаттары:

 6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық

 шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;

 6.1.2.1 – үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара

 қатынасын сипаттау.

 Тарихи концепт: дәлел

 

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

  1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды.

 

  2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға «Сали ақиқаты кезеңінде» атты тарихи дереккөзден үзіндісін оқып беріңіз. Онын мазмұнын жұпта талқылауды тапсырыңыз. Кейін сыныпқа келесі сұрақтарды ұсыныңыз:

- Осы заңдар бойынша ортағасырлық қоғам туралы не білуге болады? - Сіз қалай ойлайсыз, қазіргі сот аталмыш қылмысқа қандай шешім қабылдайды? Неліктен?

  Оқушылар ортағасырлық заңдарда жерді иемденген және шексіз шаруалардың еңбегін пайдаланатын бай адамдарды заңдар жақтағанын түсінеді. Феодалдық жүйенің негізі – жериеленушілік құқық болғандығын түсіндіріңіз. Сол кезде жер иелігі бар адамды билік пен заң қорғаған.

 Оқушыларға «Феодализм» бөлімін зеттеп жатқандығын хабарлаңыз. Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлаңыз, оқу мақсаттары, тарихи концептісі және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Олар сабақтың мақсаттарын түсінгендігіне көз жеткізіңіз. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу кезеңдерді анықтайды.

 Зерттеу маршруты келесі элементтерді қамтиды:

 - Феодализм ұғымын түсіну және оның ерекшеліктерін анықтау.

 - Феодалдық қоғам кезіндегі экономиканың ерекшеліктерін анықтау.

 - Құлдық және феодалдық экономикасын салыстыру.

  3. Оқушылардың назарына негізгі ұғымдар мен олардың анықтамалары бар карточкалар ұсынылады. Мыласы: Экономика, феод, барщина, оброк, феодалдық міндеткерліктер феодализм, феодализм, тәуелді шаруалар, феодалдық иелер, натуралды шаруашылық, артықшылық, барщина, оброк (алым), феодалдық міндеткерліктер.

 Мұғалім оқушыларға негізгі ұғымдар бойынша қысқаша түсіндіреді.

 Жаңа терминдерінің түсініктерін бекіту мақсатында «Домино» ойынын өткізіңіз. Оқушыларға карточкалар тапсырыңыз, мысалы:

  Феод - әскери немесе әкiмшiлiк қызметтi үшiн мұрагерлiкке берiлген жер үлесі.

 Натуралды шаруашылық - өмір үшін қажетті барлық өнімдерінің щаруашылықта өндірілетін экономика. Өнімдер мен заттар сату үшін емес, тұтыну үшін өндіріледі.

 Оброк (алым) - тәуелді шаруалардың міндеті, тамақпен немесе ақшамен төленеді.

  Сеньор феодал - лорд, жер иесі; кішігірім феодалдар өңан тәуілді вассаллдары болған.

 Феодалдық тәуелділік - шаруалардың феодалдарға тәуелділігі.

 

  4. Оқушыларға оқулық мәтінін оқуды ұсыныныз. Оқып болған соң, феодалдық жүйенің негізгі ерекшеліктерін оқушылармен талқылаңыз. Жұппен жұмыс істеңіз, мәтіннің негізгі мазмұнын «Өрмекші» түрінде схемасына толтырыңыз:

 Схеманы толтырудың нұсқасы: Феодалдық жүйенің белгілері:

 1. ауыл шаруалышық техникасының қарапайым болуы

 2. натуралды шаруашылықтың басымдылығы

 3. қоғамда негізгі 2 әлеуметтік топтарының болуы: феодалдар және оларға тәуелді шаруалар

 4. шаруалардың феодалдарға тәуелділігі

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, оларды феодалдық қарым-қатынастар экономикалық дамуды жеделдетілуіне әкелгенін түсіндіру. Өнімдер көбірек шығарыла бастады. Барлық міндеттерді төлеп, өз отбасыларын қамтамасыз етіп болғаннан кейін қалған өнімнің атықшылығын шаруалар сатуға немесе қолөнершілердің өнімдеріне алмастыруға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде сауда мен қолөнердің дамыуна ықпал жасады.

 

 5. Жаңа ақпаратты бекіту үшін оқушыларға топтық жұмыс ұсыныныз. Шаруаның өмірінің бір күнің толық сипаттап, оның атынаң әңгіме құрастыру қажет. Ауылдың атауы және кейіпкерлерді атаулары керек.

 Дескрипторлар. Оқушылар:

  •  түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты таңдай алады;
  •  жаңа терминдерді тиімді қолданады;
  •  феодалдық экономикасының ерекшеліктерін анықтайды.

 Оқушылар өз жұмыстарын класс оқушыларына ұсынады.

 Өз бағаларын оқушылар қол шапалақтау арқылы көрсетеді: 1 рет қолдарын шапалақтаса – жұмысты жетілдіру керек, 2 рет шапалақтау – жұмыс жақсы орындалңан, 3 рет шапалақтау – жұмыс өте жақсы орындалған.

 Оқушылар ұсынған ақпаратты жүйелеп, қажетті түсініктемелер немесе толықтыруларды ұсыныңыз.

 

  6. Жұмыстың келесі түрі тарихи дереккөздермен жұмыс.

  Оқушыларға құжаттың екі бөлігін оқып шығып, шаруалардың қандай екі тобы болғандығын анықтайды.

 XIII ғасырдың заңгердің шаруалар туралы жазғаны:

 «Шаруалардың тәуелділігінің бірнеше түрлері болады; серфтердің (шаруалардың) біреуілері өздерінің иелеріне толығымен бағынышты болды; жер иелері одардың барлық мүліктеріне билік ете алды, өмірі мен өлімі туралы шешім қабылдайды, кінәсі үшін немесе кінәсіз де оларды қамауда ұстай алады.

 Басқа шаруаларға феодалдың қарымқатынасы басқа болды. Феодал оларға адамгершілікпен қарады; олар өз міндеттемелерін атқаратын болсыа, феодал олардар басқа ештеңені талап ете алмады».

 Жауабы: басыбайлы және жеке ерікті шаруалар.

 

 7. Сабақтың рефлексиясын кесте толтыру арқылы жүзеге асыруға болады:

 

Сұрақ

Жауабың

Сен сабақтың зерттеу сұрағына жауабын ала алдыңыз ба?

 

Оқулықтағы материалдар қаншалықты түсінікті болды?

 

Өзіңнің сабақтағы жұмысыңды 5-баллдық жүйесімен бағалаңыз

 

Сабақ саған қаншалықты ұнады?

 

Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?

 

 

 8. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға Жак Ле Гофтың «Балаларға арналған орта ғасырдын тарихы» кітабын оқуға кеңес берініз. (https://www.ozon.ru/context/detail/id/19627674/).

 Осы кітаптың мазмұнына сүйеніп, ортағасырлық экономикасы туралы қысқаша мәліметті дәптерлеріңе жазып келіңіз.

 

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

 Оқу қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 

 Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыз:

 

 X-ғасырда еуропалық елдерде екі негізгі әлеуметтік топ құрылды: жер иелері - феодалдар мен шаруалар (басыбайлы және ерікті). Феодалдар бұрынғы ақсақалдардан, әскер басшыларынан және олардың әскерлерінен, сонымен қатар, өз жерлері мен байлығын сақтап қалған римдіктерден қалыптасқан. Бұлардың қатарына христиан шіркеуінің жетекшілері - папалар, аббаттар, епископтар да енді. Басыбайлы шаруалардың табы бұрынғы еркін қауым мүшелері, сондай-ақ бұрынғы құлдар мен колондар құрды. Барлық жер мен билік жер иелеріне тиесілі болып, феодалдар шаруалардың еңбегін пайдаланатын экономикалық-қоғамдық жүйе феодалдық жүйе деп аталады.

 Басыбайлы шаруалар еркін адамдар болмады: ол феодалға тәуелді болды және феодалдың жер иелігінен кетіп қала алмады. Ол жер иесінің пайдасына жұмыс істеуге мәжбүр болды. Дегенмен, басыбайлы шаруалардың жағдайы бұрынғы құлдардың жағдайынан жеңілдеу болды. Құлдардың ешқандай жеке меншігі (жер иелігі, еңбек құралдары) болмады. Құлға қарағанда, басыбайлы шаруалардың өз шаруалығы, малы және құрал-жабдықтары болды. Ол жердің иесі болағанымен, ол феодал бөліп берген жер иелігін пайдалана алды.

 Құл өз қожайының пайдасына жұмыс істеді; сол үшін оған тамақ пен киім берілген.

Басыбайлы шаруалары тек феодалдың шаруашылығында емес, сонымен қатар өз шаруашылығында да жұмыс істеген. Егіннің бір бөлігі оның отбасына берілді.

 Күл өз қожайынының заты, оның «сөйлей алатын құралы» болып саналды. Құл иеленуші өз қалауымен құлдың тағдырын шеше алды: оны сатуға, сатып алуға, тіпті өлтіруге де құқылы болған. Феодалдың да билігі кең болды: ол басыбайлы шаруаларын сатуға, қатаң жазалауға құқылы болған, бірақ заң бойынша оларды өлтіруге құқығы болмаған.

 Феодалдық жүйе құл иеленушілікпен салыстырғанда адамзаттың дамуында алға қадам жасауына мүмкіндік әкелді. Құл құл иеленушінің пайдасына тек қана жазалаудан қорққанынан ғана еңбектенді. Кулдар қару-жарақтарды бұзып, жерді нашар өңдеген. Басыбайлы шаруаларда қожайыннын жерінде жұмыс істеуге мәжбүр болды, ол барщинаны жек көрді. Бірақ ол өз жер үлесін өңдеуге басқаша қараған. Шаруа жерді жақсы өңдеуге, оны терең қазуға, жақсы ұрықтандыруға және мүмкіндігінше көп өнім алуға тырысты. Шаруалар жұмыс құралдарын қүтіп ұстаған, оларды жетілдіруге тырысқан.

 Орта ғасырларда бұрынғы құлдар бақылаушылардың қамшысының күшімен еңбек еткен жерлерде шаруалардың өнімділігі жоғары болған. Шаруалардың еңбегінің нәтижесі құлдардың еңбегіне қарағанда анағұрлым көбірек болды. Сондықтан феодалдық жүйе құл иеленушілік жүйеге салыстырғанда алға қадам жасады.

 Шаруаларға өздерінің міндеттерін орындауға мәжбүр ету үшін феодалдарға билік қажет болды. Басыбайлы шаруалар еркін адамдар емес, олар феодалға тәуелді болды. Феодал оларды сатуға, сатып алуға немесе басқа шаруаға айырбастауға құқығы болды. Егер шаруа қашып кетсе, оны іздестіріп, феодалға қайтарылатын болған. Сол үшін оны қатал қуғын-сүргін күткен. Егер шаруа өз міндеттемелерін уақытылы орындамаса, ол феодал сотына шақырылған. Өз дегенінен қайтпайтын қожайын өзі айыптап, үкім шығарып, жазасын жүзеге асырған. Ол өз қызметшілріне шаруаны таяқпен немесе қамшымен ұрып-соғуға, оларды тізбектеуге, түрмеге лақтыруға қамауға бұйрык беретін болған.

 Шаруалар үнемі феодалдың қатал билігін сезінген. Егер қарт шаруа қайтыс болса, оны жер қойнауына тапсытуға үлгерместей, феодалдың қызметшілері аулаға кіріп, оның сиырын алып кетуге құқылы болған. Әкеден қалған мұраға ие болған кезде, марқұмның ұлы қожайына ең жақсы мал басын беруге міндетті болды. Егер шаруаның қызы басқа феодалдық шаруашылықтың шаруасына тұрмысқа шықса, оның ата-анасы феодалға үлкен төлем жасаулары міндетті болды. Феодал көбінесе өз еркінімен басыбайлы шаруаларын үйлендіріп, тұрмысқа беретін болған.

 Жер иесі өз қонақтарымен және қызметшілерімен жиі аң аулауға шығатын. Егер аң аулау барысында жабайы жануар шаруаның жері арқылы жүгіріп өтке, оның ізіне түскен феодалдар егінді аттары және иттерімен еш өкінбей таптап кететін әдеттері болған. Шаруалар мұнадай күтпеген жерде келген жабайы жануарды өлтіруге құқығы болмаған.

 

 Кестені толтырыңыз:

 

Сұрақтар

Құлдар

Еркін шаруалар

Басыбайлы шаруалары

Нені иеленді?

Кімге тиесілі болды?

Кімнің пайдасына жұмыс істеді?

 

- Қорытынды жасаңыз: Қандай шаруаларды «басыбайлы» шаруалар деп атайды?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу