Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Экономика - бұл адам өміріне қажет материалдық игіліктерді өндіру және бөлісу жүйесі. Тарихтың әр кезеңінде оның өзіндік ерекшеліктері болды.
Феод – әскери, әкімшілік қызмет үшін үлестіріп берілетін жердің түрі.
Барщина – шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.
Оброк – шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.
Феодалдық міндеткерліктер – помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері.
Феодализмнің белгілері.
Феодализмнің 1-ші белгісі: Жер – негізгі байлық. | Орта ғасырлар дәуірінде барлық жер феодалдарға тиесілі болды. |
Феодализмнің 2-ші белгісі: екі қоғамдық таптың болуы – феодалдар мен оларға басыбайлы шаруалар. | Шаруалардың меншік жері болмады. Олар жерді феодалдан жалға алды. Сондықтан шаруалар феодалдық міндеткерліктер орындауға міндетті болды: алым, барщина, шіркеу ғұшыры. |
Феодализмнің 3-ші белгісі: натуралды шаруашылықтың үстемдігі | Өмір сүру үшін қажеттінің барлығы шаруашылық ішінде өндірілді. Сондықтан сауда және поместьелер арасындағы байланыс әлсіз дамыған болды. |
Феодализмнің 4-ші белгісі: қоғамның сословиелік бөлінуі. | Феодалдар мен дін басылар үстемдік етуші сословиелер болды және салық төлемеді. Басыбайлы шаруалар және қала тұрғындары ең төменгі сословие болып есептелді. Ең төменгі сословиеден жоғары сословиеге өту мүмкін болмады. |
Феодализмнің 5-ші белгісі: феодалдық бытыраңқылық және феодалдық өзара тартыстар. | Мемлекеттер біртұтас болған жоқ, ол көптеген шағын корольдіктіктерден, княздіктерден тұрды. Ірі феодалдар корольге – басты феодалға бағынғысы келмеді, өздері билік жүргізгісі келді. Феодалдар арасында әскери қақтығыстар жиі туындап тұрды. Феодалдар неғұрлым көбірек жер басып алғысы келді, сондықтан бір-бірінің иеліктеріне шабуыл жасады. |
Қосымша 2
Егістік аумағы өсті (ормандардың кесілуі, батпақтардың құрғауы, бос жатқан жерлерді игеру арқылы ) |
Мал санының өсуі |
Күрделі бұйымдарды жасау үшін қолөнершілердің кәсіби деңгейі өсіп, түрлі еңбек құралдары қолданылды. |
Жылқы малын тек соғыс ісінде ғана емес, ауыл шаруашылығында да кеңінен пайдаланды (жүк тасымалдау, жерді жырту) |
Ауыр доңғалақты соқалар жиі пайдаланды, ол жерді тереңірек жыртты. | Металл, темір кенін өндіру мен балқытуы өсті |
Ауыл шаруашылық өнімдері өсті | Темірден жасалған еңбек құралдардың саны көбейді. |
Су және жел диірмендері пайда болды, олар ұнның сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. | Кәсіби қолөнершілер пайда болды. |
Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну себептері мен ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері бар карточкалар
Феодал | Феод иесі |
Сословие | ұрпақтан ұрпаққа берілетін белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар адамдар тобы |
Замок | Рыцарлардың баспанасы |
Барщина | Феодалға қызмет етуі |
Оброк | тәуелді шаруалардың феодал пайдасына азық-түлік немесе ақшамен өткізетін төлем түрі |
Натуралды шаруашылық | Өмір сүру үшін қажеттінің барлығы шаруашылық ішінде өндірілуі |
Титул (лауазым) | Мұрагерлікпен берілетін құрметті атақ |
Цех | бір мамандық бойынша топтасқан қолөнершілер бірлестігі |
Феодалдық міндеткерліктер | помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері. |
Феодалдық саты | Феодалдардың иерархиясы, әлеуметтік саты |
Қолөнер | Қол еңбегіне негізделген шағын өндіріс |
Қала | Қолөнершілер тұрған жер |
Қосымша 3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?