Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?

Оқу мақсаты:

6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;

Сабақ мақсаттары:

феодализм мен оның белгілерін білу;

қолөнердің саудадан бөлініп шығу себептерін және ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтау;

орта ғасырдағы еңбекті цехтық ұйымдастыру түрін сипаттау.

Бағалау критерийлері:

Феодализмге сипаттама береді;

Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері мен ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін ажыра алады;

Феодалдық экономиканы сипаттауда жаңа ұғымдарды қолдана алады;

Мәтіннен қажетті ақпаратты ала алады;

Сұрақтар

ауыл шаруашылық қалдықтарды қалай түсінесіз?

ауыл шаруашылық қалдықтар немен байланысты болуы мүмкін?

Феодализм

Ерте орта ғасыр кезеңінде қоғамда жерге феодалдық меншікке және шарушылықтың натуралды сипатына негізделген жаңа қатынастар түрі.

Басты байлық - жер

Жер- феод жер иесі - феодал

Сұрақтар

10-13 ғғ. Еуропада халықтың басым көпшілігі қайда тұрды? (ауылда немесе қалада)

Ауылда кімдер тұрды?

Шаруалардың негізгі кәсібі қандай?

Ауылда өмір сүру үшін қандай жұмыс түрлерін меңгеру керек болды?

(кем дегенде 7 жұмыс түрі)

Феодалдық қоғамның басты белгілері

Феодализм- «феод» сөзінен-иелену деген мағынаны береді.

Феодализм

1.Жер ақсүйектерге

тиесілі.

2.Шаруалар жер телімі мен еңбек құралдары және малды иеленеді.

3.Жер теліміне олар егін мен қамтамассыз етілген және қожайынына қызмет еткен.

Шаруалардың міндеткерліктері

Барщина

шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.

Оброк

шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.

Феодалдық иелік (поместье)–бағынышты шаруалардың жұмыс жасайтын шаруашылық орны

Натуралды шаруашылық

адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа шығаруға ұмтылмай,

тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз.

Феодалдық бытыраңқылық

Мемлекеттер біртұтас болған жоқ, ол көптеген шағын корольдіктіктерден, княздіктерден тұрды.

Ірі феодалдар корольге – басты феодалға бағынғысы келмеді, өздері билік жүргізгісі келді.

Қоғамның сословиеге бөлінуі

Негізгі ұғымдар

Экономика - бұл адам өміріне қажет материалдық игіліктерді өндіру және бөлісу жүйесі. Тарихтың әр кезеңінде оның өзіндік ерекшеліктері болды.

Феод – әскери, әкімшілік қызмет үшін үлестіріп берілетін жердің түрі.

Барщина – шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.

Оброк – шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.

Феодалдық міндеткерліктер – помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері.

Сурет салу

феодализмге қатысты басты ұғымдарды сипаттайтын комикстер немесе карикатураларды салыңыз. барщина, оброк, феодализм, қалдықтар, натуралды шаруашылық, феодалдық саты

Дескрипторлар:

мәтіннен қажетті ақпаратты алу;

графикалық түрде жаңа ұғымдарды көрсету;

феодалдық экономиканы сипаттауда жаңа ұғымдарды қолдану;

Өзара бағалау

1- толықтыруды қажет етеді;

2 – жақсы жұмыс;

3 – өте жақсы жұмыс.

Ұқсастық пен айырмашылықты табыңыз

Карточкалармен жұмыс

Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну себептері мен ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері бар карточкаларды топтастыру.

Дескрипторлар:

карточкаларды таңдау себебін түсіндіру;

таңдалған себептердің арасындағы байланысты көрсету;

таңдауды дәлелдеу;

Қалалардың пайда болуы

Ауыл шаруашылық пен қолөнердегі өзгерістер ортағасырлық қалалардың пайда болуына қалайша әсер етті?

Неліктен қалалар бой көтере бастады?

Қалалар қайда құрыла бастады?

Қала тұрғындағы қандай кәсіппен айналысты?

Орғасырлық қала

«Қаланың ауасы адамды еркін етеді»

Өзен жағасында тұрғызылды

Негізгі тұрғындары – қолөнершілер

Қала ортасында базарлар мен шіркеу орналасты

шебер

оқушы

Цех - бір мамандық бойынша топтасқан қолөнершілер бірлестігі

Гильдия –

бір мамандық бойынша топтасқан көпестер бірлестігі

Әр цехтың, гильдияның елтаңбасы (цехты/гильдияны ажырататын белгі) мен жарғысы (барлық қолөнершілерге/көпестерге ортақ ереже) болды.

Үй жұмысы:

цехтың елтаңбасы мен жарлығын жазу.

Мысалы, «Мен, Иоганн Тойнбург, Кельн қаласының тұрғынымын, мен қару-жарақ шеберімін, оны тақтайшадан көруге болады. Онда қылыш пен қасқыр бейнеленген. Бұл қалада үздік шеберді таба алмайсыз. Егер сізге алдағы соғысқа қару-жарақ қажет болса, қару жасаушылар көшесіндегі менің шеберханама келіңіз және сіз оны осы тақтайша бойынша табасыз».



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу