Түрік қағаны Истемиге 568 жылы Византия неліктен елші жіберді? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
«Табиғи одақтастар»
Өздерің білетіндей император І Юстиниан ежелгі Рим империясына қараған жерлерді қайтаруға талпынды. Бірақ осы мақсатқа жетуіне қазіргі Иран, яғни бұрынғы Персиямен арадағы қарым-қатынасындағы шиеленістер кедергі жасады. 532 жылы Византия онымен келісім шартын бекіткен болатын, алайда ол орындалмады. 561 жылы 50 жылға арналған жаңа келісімнің жасалуы екі ел арасындағы шиеленісті шешуге көмектесетіндей көрінді. Әйткенмен ол да Византия үшін жібек саудасына байланысты жаңа мәселені туындатады. Сөйтіп, византиялықтардың Иранның көмегі мен жібекті сатып алу ұмтылыстары сәтсіздікпен аяқталды. Осы кезде, яғни 552 жылы тарих сахнасында Түрік қағанаты пайда болды. Көшпелі моңғол тілдес жужандықтарды бағындырған Бумын қаған түрік тайпаларын біріктіреді. Мемлекетті құрғаннан кейін түріктер дала билеушілеріне айналады. VI ғасырдың 60-жылдарының аяғында Түрік қағанаты сол кездегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Бумын қағанның інісі Истеми Түрік қағанатының батыс аумақтарын басқарады. Ол Иранмен одақтаса отырып, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағында мемлекет құрған тайпаларды, яғни эфталиттерді жеңеді. Византиялық дипломатия өнерінің жоғары деңгейде дамуы оның Рим империясының идеяларында негізделумен байланысты болатын. Бұл дегеніміз - жауларды бір біріне қарсы қою, сауданы, дінді, мәдениетті өз мақсаттары үшін қолдану. «Бөліп ал да, билей бер» қағидасын пайдалана отырып, олар варварларды империяға қызмет етуге мәжбүрледі. Сауда қатынастары көптеген мәселелерді шешуде үлкен рөл ойнаған. Дін таратушылар христиан дінін уағыздаумен қатар, империяның ықпалын күшейтуге көмектесті. Ортақ жаудың пайда болуы екі мемлекеттің одағын нығайтты. Өз жазуларында Менандр 568-576 жж. аралығында Византия императоры түріктерге жіберген 7 елшілік туралы мәлімдейді. Осының нәтижесінің бірі - Қазақстан аймағында Ұлы жібек жолының бағы бір тармағы қалыптасты. Бұл керуен жолы Қазақстанның орталық аймақтарынан өтіп, Солтүстік Кавказды жағалау арқылы византияға жету үшін Иранлы айналып өтетін болды.
Тапсырма
Мәтінге қатысты сұрақтар:
-Византия мен Түркі қағанатында қандай ортақ мүдделер бар? Жауапты схема түрінде ресімделуі керек
-Неліктен Юстиниан Земархты Истеми қағанға жіберді?
-Неліктен 569 ж. тамызда Византия Түркі қағанатымен одақ жасасты?
-Бұл одаққа қандай мемлекеттер көмектесті?
-Византияның ұзақ өмір сүруі Шығыстағы мемлкеттердің өсуі мен құлдырауымен қалай байланысты болды?
Қосымша2
Дипломатия өнерінің маңыздылығы
Византияның өміршеңдігінің басты факторы дипломатия және «бөліп ал да билей бер» саясатын қолдану болғанын түсіндіреді. Аталмыш түсінік дипломатия өнерін бейнелейтін, сонымен қатар жалпы Азияның көші-қон жолын және халықтардың қозғалысын зерттейтін көрініске негізделген. Византия империясы және парсылар (Сасанилер), эфталиттер (ақ ғұндар) мен арабтардың орналасқан жері көрсетілген картаны көрсету. Эфталиттердің (картадағы қызыл сызық) Византияның одақтастары, ал парсылардың Византияның жаулары екенін түсіндіру. Бумын қаған тұсында түркілердің өрлеу және Иштеми қаған тұсында эфталиттердің ыдырау тарихын баяндау.
Империяның аумағы Эгей және Жерорта теңіз-дерінің аралдарымен қоса, екі материктің жерін-де: Еуразияда және Африкада орналасқан. Импе-рияның астанасы - Константинополь шығыс және батыс елдерін байланыстыратын «Алтын көпір» деп аталды.. Византиялықтар өздерін «ромейлер» деп атаған, грек тілінде бұл «римдіктер» деген мағынаны білдіреді. Гректер халық құрамында басым болғандықтан, уақыт өте келе грек тілі ла-тын тілін ығыстырып, мемлекеттік тілге айналды.Тиімді географиялық орналасудың нәтижесінде өзге елдермен сауда-саттық жасауға мүмкіншілік көп болды. Ал византиялық алтын ақша «номисма» ха-лықаралық валюта дәрежесінде жүрді.. Жан-жақтан келген саудагерлер византиялық бұйымдарға қы-зығатын.Қолнершілерге қажетті шикізат әртүрлі жерлерден әкелінетін. Қажет болғанда олар Кавказдан темір, күміс және мыс кендерін, Египеттен жазу үшін па-пирус алғызатын. Қызылкүрең бояуды жасау мақса-тында, қолөнершілер финикиялықтар өндірген теңіз қабыршақтардан алынатын шикізатты пайдаланған.Жақсы климат пен бай жерлер де елдің дамуы-на ықпалын тигізді. Батыс Рим империясына қа-рағанда, құлдар еңбегі азырақ пайдаланылды. Ауыл шаруашылығында еркін шаруалар мен егіншілер қауымдастықтары басым болды. Бір жылда олар түрлі азықтардың бірнеше өнімін алатын. Импе-рия астықты Египет пен Фракиядан алдыртқан. Ал жайылымдардың молшылығы болса мал шару-ашылығын дамытуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?