Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

6 СЫНЫП, 1.1 САБАҒЫ

Бөлім: Рим империясының құлауы.

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады?

Оқыту мақсаттары:

6.3.1.1 ерте, орта, кейінгі орта ғасырлардын хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу;

6.3.2.1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу.

Тарихи концепт: себеп пен салдар

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. Ол үшін “Бейбітшілік бар әлемде!”–деген сергіту жаттығуды өткізуге болады. Оқушылар өз орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа жайып, мұғаліммен бірігіп қайталайды: «Бейбітшілік, бейбітшілік, бейбітшілік бар әлемде, бейбітшілік менде де, бейбітшілік сенде де! Жарық, жарық, жарық бар әлемде: жарық сеңде, жарық меңде! Дос, дос, дос бар әлемде: дос сеңде, дос меңде!».

2. Оқушыларды жұмысқа ынталандыру мақсатында «БЫM» - бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Оқушылар стикерлерге 5-ші сынып курсында танысқан тарихи оқығаларды және жекелеген тарихи фактілерді жазады және толтырылған жапсырмаларды тақтада көрсетілген уақыт сызығына орналастырады. Оқушылар келесі оқиғаларды жазулары мүмкін:

- Алғашқы адамңың пайда болуы және оның өмір сүруі.

- Неолит дәуріндегі шаруашылықтағы өзгерістер (аң аула умен терімшіліктен мал шаруашылық пен егін шаруашылығына ауысуы).

- Месопотамияда ежелгі өркениетердің (Шумер, Аккад) қалыптасуы.

- Ежелгі Египет пирамидалар құрылысы.

- Ежелгі Үндістан. Будда ұғымы. Ашока патша.

- Ежелгі Кытай. Конфуцийшілдік және даосизм. Терракота әскері. Цинь Шихуанди.

- Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы және онын Таяу Шығыс және Орта Азиядағы империялапдың қалыптасуына әсері.

- Александр Македонскийдің жорықтары мен империясы.

- Ежелгі Греция. Афина демократиясы. Философтар. Мектептер. Спарталық тәрбие.

- Ежелгі Рим. Империя және республика. Спартак басқаруымен ұйымдастырылған құлдардын көтерілісі. Империянын әлсіреуі және ыдырауы. Диоклетиан және Константин императорлардың реформалары. Империя астанасының көшірілуі.

- Ежелгі дүниенің мәдени жетістіктері: ежелгі жазу түрлері мен жазба деректер, сәулет ескерткіштері, ежелгі шеберлердің бұйымдары, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар.

3. Оқушылар бұл жұмысты аяқтаған сон, ең манызды оқиғалар мен

фактілерді мұғалімнің қолдауымен анықтай отырып, уақыт сызығына орналастырады.

4. Ежелгі дүниені зерттеу барысында оқушылар игерген жаңа білімдер мен дағдылары жаңа оқу жылыңда кезекті тарихи курсы - орта ғасырлар тарихын зерттеген кезінде оларға қажет болатынын анықтауды сұрайды. Оқушылар келесі игерілген дағдылар мен қабілеттерді пайдалана алатындарын айтаулары мүмкін:

- Тарихи картамен және уакыт сызығымен жұмыс істеу білу.

- Тарихи дереккөздерді талқылау.

- Тарихи фактілерді және оқиғаларды талдау және олардың негізінде қорытынды жасау.

- Оқиғаларды, тарихи деректерді салыстыру.

- Оқиғалар мен үдерістердің себептерін анықтау.

- Тарихи оқиғалар мен үдерістердің маныздылығын анақтау.

- Тарихи оқиғалар туралы өз пікірін айта білу.

- Жұпта, топта жұмыс жасай білу, өз сыныптастарынан үйрену

және оларға қолдау көрсете білу.

- Тындай білу, дәптерге қысқаша щолу жаза білу, топтық жұмыс барысында постерлер дайындауға белсенді қатысу, шағын эссе жазу, тарихи кейіпкерлердің атынан сөйлей білу, олардың рөлін сомдау.

- Өткен тарихи оқиғаларды қазіргі уақытпен байланыстыру.

5. Мұғалім Рим империясының гүлдену кезіндегі картасын көрсетеді. Бұл мемлекет туралы оқушылар қандай ақпарат білетіндерін сұрайды. Оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша бастапқы білімдерімен бөлісуге мүмкіндік беріледі.

6. Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттармен, сабақтың негізгі тарихи концептісімен және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

7. “6.3.1.1 – “ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар” хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу” оқу мақсатына жету үшін дүниежүзі тарихының кезеңдері және орта ғасырлардың хронологиясы көрсетілген уақыт сызығын көрсетіп, қысқаша түсіндіреді. Оқушылардан орта ғасырлар дүниежүзі тарихында қандай орын алатындығын анықтауды сұрайды. Орта ғасырлар ежелгі тарих және жаңа тарих кезеңдерінің ортасында орналасқандығын, сондықтан олар «орта ғасырлар» деп аталатынын оқушыларға түсіндіреді.

8. Бұл жұмыстың жалғасы топтық формада ұйымдастырылуы мүмкін.

Оқушылар ақпараттық парақтарын және оқулықтағы мәтінді қолдана отырып, орта ғасырлардың кезеңдерінің бірін сипаттап беру керек:

  • топ: ерте орта ғасырлар

2- топ: дамыған орта ғасырлар

3топ: кейінгі орта ғасырлар

 Оқушыларға оларға тиесілі дәуірді сипаттау үшін келесі критерийлер беріледі:

 - Мемлекет және билік

 - Халықаралық қатынастар

 - Шаруашылық және сауда

 - Қоғам

 - Адамның көзқарасы мен діннің дамуы

 - Ғылым және мәдениет.

 Топтар жасалған постерлері негізінде сынып алдында таныстырылым жасайды.

Топтық жұмыс келесі дескрипторлармен бағаланады:

- Оқушылар қарастырылған орта ғасырлардың кезеңінің маңызды ерешеліктерін анықтайды,

- Оқушылар керекті ақпаратты пайдалана алады,

- Оқушылар топтық жұмыс тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

 9. Бұдан әрі сабақтағы жұмыс “6.3.2.1 – Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу” оқу мақсатын жүзеге асыруға арналады.

 Оқушылардан негізгі терминдерді “халықтардың ұлы қоныс аударуы”, “ғұндар” және “варварлар” дәптерлеріне жазуларын сұраңыз.

 Жаңа терминдердің мағынасын түсіну үшін, “Ғұндар және Рим” тақырыбындағы бейнероликті көрсетіңіз. Бейнені көргеннен кейін, оқушылардан алған ақпараттарына сүйене отырып, терминдердің мәнін қысқаша түсіндіріп берулерін сұраңыз. Жауаптар үлгісі:

 Халықтардың ұлы қоныс аударуы - б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді.

 Ғұндар – «хұндар» деп аталатын орта азиялық ежелгі көшпелі халық, 370-ші жылдарында Орта Азиядан Шығыс Еуропаға шабуыл жасап, басып кірген. Ғұндар қазақ халқының этникалық негізінің бір құрамдас бөлігі болып табылады.

 Варварлар гректің тілінде «жат жерлік адам» деген сөзінен шыққан, гректер мен римдіктер германдық тайпаларды, кейін ғұндарды осылай атаған.

10. Тарихи дереккөздермен жұмыс.

 V ғасырда Рим империясының әлсіреуі туралы тарихи дереккөздің үзіндісін таратпа қағаз түрінде оқушыларға беру қажет. Оқушылар мәтінді оқыған сон, дереккөздің мазмұны бойынша қорытындыны дәптерлеріне жазады. Жұмыс аяқталған соң бірнеше оқушыларды тыңдап, қорытындыны сыныппен талқылаңыз.

 Оқушылар жауаптары: Осы уақытта Рим империясы әлсіреп калды. Экономикалық және мәдени дамуында римдиктермен салыстырғанда төмен деңгейде болған варварлар ешқандай қорқыныш пен күмәнсіз Римге қарсы шабуыл жасады. Рим империясының тағдыры алдын-ала белгілі болды: оның құлдырау шегіне жеткен кез еді.

 Мұғалім қажет болған жағдайда оқушылардын жауаптарын анықтайды және толықтырады. Оқушылар б.з. V ғ. соңында Рим империясы әлсіз болғандығы туралы қорытынды жасайды.

11. Оқушылар жұпта жұмыс жасай отыра, кестені толтырады. Оқулықтың мәтінінен Рим империясының құлау себептерін таңдап алып, оларды саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларына қатысты жіктейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін келесі дескрипторлар арқылы өзара бағалайды: оқушы

- Батыс Рим империясының құлдырауының экономикалық себептерін анықтайды;

- Батыс Рим империясының құлдырауының саяси себептерін анықтайды;

- Рим империясының құлдырауының негізгі әлеуметтік  себептерін анықтайды.

- Рим империясының құлдырауының ең маңызды себептерін анықтайды.

 12. Алынған ақпаратты жүйелеу мақсатында оқушыларға Рим империясының құлдырауы туралы бейнежазбаны көрсетіңіз. Бейнежазбаны көрмес бұрын, сұраққа ойланып көруді сұраныз: Империяның құлауына бәрінен көбірек кім кінәлі деп ойлайсыңдар?

 Оқушылар жауаптарының үлгісі:

 Римдіктер өз елінің патриоттары болудан бас тартты, олар бұдан әрі империя үшін күрескілері және оны жаулардан қорғағылары келмеді.

 Бай римдіктер өмірін сән-салтанатпен өткізді, сыртқы қауіпті ескермеді.

 Императорлар әлсіз болды, империяны күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асырмады.

 Құлдар нашар жұмыс істеді, елді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алмады.

 Гұндар өз аумақтарынан герман тайпаларын ығыстырды, сондықтан германдықтар Римге шабуыл жасай бастады.

 Варварлар - герман тайпалары қорғанызсыз қалған Рим қалалары мен ауылдарына шабуыл жасай бастады және оларды тонады.

 Жалпысыныптық талқылаудан кейін оқушыларға Римнің құлауының ең маңызды себебі туралы өз көзқарастарын дәптерге жазуды сұраңыз. Жұмысты қорытылай келе, оқушылар мынадай тұжырымға келеді: Римнің құлауының себептері көп болды, бірақ ең маңыздысы: варварлардың шабуылдары.

 12. Сабақтың рефлексиялау кезінде рөлдік ойын өткізуге болады. Оқушыларға империяның әлсіреуі кезіндегі римдік тұрғындарының түрлі категориялары бейнеленген карточкалар ұсынылады. Олар өз кейіпкеріңің атынан империяның құлдырауының себептерін сипаттайды.

 13. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақта өткен тақырып бойынша әдебиеттер тізімін ұсынуға болады:

1) Питер Хизер "Рим империясының құлдырауы", М., АСТ, 2011 ж.

2) Александр Говоров “Соңғы каролинглер”, Росмэн-Пресс, 2011 ж.

 3) Эдуард Гиббон “Рим империясының құлдырауы және жойылуы тарихы”, ағылшын тілінен аудармасы, кез-келген басылым.

Дифференциация

 Бұл сабақта оқу бағдарламасында қарастырылған ауқымды материал қарастырылады, сондықтан қосымша саралап оқытуға арналған тапсырмаларды жоспарлаудың қажеті жоқ. Осыған байланысты, саралап оқытудың жасырын түрін барынша пайдалану қажет. Озат оқушыларға жұптың және топтық жұмыс барысында, бүкілсыныпық талқылау кездерінде олардың көшбасшылық қабілеттерін, терең ойлау мүмкіндіктерін көрсетуге және дамытуға, сондай-ақ сабақ тақырыбы бойынша өз білімімдерімен бөлісуге мүмкіндік жасау қажет. Оқу қабілеттері төмен оқушыларға олардың пәнге деген қызығушылығын ынталандырып, сабақ барысында қолдау көрсету қажет.

Тақырып бойынша қосымша теориялық материалдары.

Рим тарихының кезеңдері:

I. Рим империясы (б.з.д. 753 - 510 жылдары)

Римнің негізін қаланғаныңаң бастап Тарквиний Гордтын қуылуына дейін.

II. Ертеректегі республика (б.з.д. 510 жылы – б.з.д. III ғасырдың ортасы) Пуни соғыстарына дейін.

III. Кейінгі  республика (б.з.д. III ғасырдың ортасы – б.з.д. 30 ж.) Октавиан Августын басқаруы басталғанға дейін кезеңі.

IV. Ерте империя (принципат) (б.з.д. 30 ж.– б.з.д. 284 ж.)

Диоклетианның билігі басталғанға дейін.

V. Кейінгі империя (доминат) (б.з. 284 ж. – б.з. 476 г.) Батыс Рим империясының құлдырауына дейін.

Негізгі тарихи оқиғалар:

330 ж. – империя астанасы Византийға (Константинополь қаласы) көшілірді

395 ж. – Рим империясының Батыс Рим империясына және Шығыс Рим империясы бөлып екіге бөлінуі.

IV – VI ғғ. – Халықтардың ұлы қоныс аударуы, Римге қарсы варварлардын (герман тайпаларының) жорықтары.

410 ж. – гот тайпаларының Римді жаулап алуы.

455 ж. – вандалдардың Рим қаласын басып алуы.

476 ж. – Батыс Рим империясының соңғы императоры Ромулус Августы билігінен тайдыруы. Батыс Рим империясының құлауы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу