Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар1.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 – «ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу;

6.3.2.1 – Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу

 Сабақ мақсаттары

Орта ғасырлардың хронологиясын біліп, Батыс Рим империясының құлдырау себептерін анықтау және талдау

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Оқушылар әрбір кезеңнің хронологиясын дұрыс анықтайды;
  • Ежелгі дүние тарихының кемінде 5 негізгі оқиғасын уақыт сызығында белгілейді;
  • Рим империясының ыдырау себептерін анықтайды;
  • Рим империясын ыдырау себептерін санаттарға жіктейді;

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Себеп пен салдар

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Ғұндар, герман тайпалары, Рим империясы, Халықтардыі Ұлы қоныс аударуы, варварлар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени... болып табылады.

Келесі себептер/факторлар қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді... болып табылады.

Кейбір факторлардың басқа факторларға, мысалы, .... әсері болды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (Батыс Рим империясының аймағы), Қазақстан тарихы (Халықтардың Ұлы қоныс аударуы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 5 сыныпта өткен Рим империясы жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-8

БЫМ/Б

Ежелгі әлемнің түрлі кезеңдеріндегі суреттер көрсетіледі.

Мұғалім ежелгі дүние тарихын оқығаннан не есте қалғаны туралы стикерлерге жазуды сұрайды (соғыстар, мәдениет, оқиғалар және т.б.). Бүкіл сыныптық талқылау жүргізіледі және оқушылардан орта ғасырлар тарихын оқығанда ең маңызды болып саналатын оқиғаларды анықтауды сұрайды.

Тақтада карта көрсету.Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

Бүгін біз қандай мемлекет туралы сөз қозғаймыз?

Бұл мемлекет әлем тарихында қандай рөл атқарды?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Презентация

Сабақтың ортасы

Сыныппен талқылау

8-13

Топтық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

13-20

Б Орта ғасырлар ұғымы мен хронологиясын талқылап, дәптерге жазу.

Т Сынып 6 топқа бөлінеді. Оқушылар ерте орта ғасыр кезеңін келесі сұрақтар бойынша зерттейді:

  • Мемлекет және билік
  • Халықаралық қатынастар
  • Шаруашылық және сауда
  • Қоғам
  • Көзқарас пен дін
  • Ғылым және мәдениет

Дескрипторлар:

  • кезеңнің барлық маңызды ерекшеліктері көрсетеді;
  • барлық аталған санаттарды ашады;
  • сынып алдында топ жұмысының көрсетілу сапасы.

Топтардағы жұмыстарды қорытындылау.

Қосымша 1 «Әлем тарихының хронологиясы»

Презентация

Дерекпен жұмыс

20-25

Оқушылар тарихи дереккөздің фрагментімен танысады:

«... Варварлар қала сыртында тұр, ешкім қорықпайды және дуалдардың қорғанысы туралы ойлар жүрген жоқ. Барлығының соқырлығы соншалықты, ешкім ажал құшқысы келмесе де, бірақ ажалдан құтылу үшін әрекет жасамайды». Сальвиан, Марсельден дін қызметшісі, V ғ.

Келесі мәселелерді талқылаңыз:

  • Деректе не туралы айтылған?
  • Батыс Рим империясының күші мен әскері жайлы қандай ақпарат алуға болады?
  • Қандай қорытынды жасауға болады?

Қосымша 2 «Деректен үзінді»

Жұптық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

25-35

Бейне баянды көру

Талқылау

35-40

Ж мәтінді оқып, Батыс Рим империясының құлдырау себептерін анықтап, кестені толтырыңыз:

Экономикалық себептер

Саяси себептер

Әлеуметтік себептер

Дескрипторлар:

-Батыс Рим империясының құлдырауының экономикалық себептерін анықтайды;

- Батыс Рим империясының құлдырауының саяси себептерін анықтайды;

-Батыс Рим империясының құлауының әлеуметтік себептерін анықтайды;

- Рим империясының құлдырауының негізгі себептерін анықтайды.

Өзара бағалау түрі қолданылады.

Б Бейне баян көрсетіледі.

Мәселелік сұрақты талқылау:

  • Батыс Рим империясының құлдырауына кім әсер етті?

Оқушылар өз ойын дәлелдейді.

Қосымша 3 «Батыс Рим империясының құлдырау себептері»

Бейне баян:

https://www.youtube.com/watch?v=WFA8lNFZn28

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

-Батыс Рим империясы құлдырауының себептері неде болды?

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.1.1 – «ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу;

6.3.2.1 – Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу