Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

6 СЫНЫП, 1.2 САБАҒЫ

Бөлім: Рим империясының құлауы.

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады?

Оқыту мақсаттары:

6.3.1.1 ерте, орта, кейінгі орта ғасырлардын хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу;

6.3.2.1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу.

Тарихи концепт: себеп пен салдар

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу өте маңызды. Ол үшін “Атомдар” атты сергіту жаттығуды өткізуге болады. Оқушылар шеңберге тұрады. Көздерін жұмған қалпы әр түрлі бағытта жүреді. Мұғалім кез-келген санды атайды. Қатысушылар айтылған сан бойынша көздерін жұмған қалпында топ құрау керек. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады. Бұл тапсырманың мақсаттары: қарым-қатынастағы кедергілерді жою, топтарға бөлу, оқушылардың өзара әрекеттесуі.

 2. Оқушыларды жұмысқа ынталандыру мақсатында Білім қоржыны”–дегең оқыту ойыны өткізіледі. Оқушылар стикерлерге 5-ші сыныпта танысқан тарихи термендерді, оқиғаларды және атауларды жазады және толтырылған стикерлерді тақтада немесе флипчарта салынған “Білім қоржынына” жапсырады. Оқушылар келесі негізгі сөздерді және оқиғаларды жазулары мүмкін: алғашқы адамдар, неолит, неолит төнкерісі, аң аулау, терімшілік, Месопотамия, Шумер, Аккад, Ежелгі Египет, Египет пирамидалары, Ежелгі Үндістан, Будда, Ашока патша, Ежелгі Кытай, конфуцийшілдіқ, даосизм, терракота әскері, Цинь Шихуанди, қос дөнгелекті арба, Таяу Шығыс, Орталық Азиядағы империялар, Александр Македонский, Ежелгі Грекия, афиндік демократиясы, гимназиялар, лицейлер, академия, спартандық тәрбие”, Ежелгі Рим, Спартак, Диоклетиан, Констатнтин, Византия, Батыс Рим империясы, Шыгыс Рим империясы, ежелгі жазу түрлері, ежелгі сәулет ескерткіштері, ежелгі өнертабыстар және т.б.

 3. Оқушылар бұл жұмысты аяқтаған сон, 3-4 оқиғалар мен фактілердің маңыздылығы қандай екенін мұғалімнің қолдауымен анықтайды. Жаңа оқу жылында орта ғасырлар тарихын зерттеу барысында, олар осы «Білім қоржының» толықтыратындарын хабарлайды. Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақтың негізгі тарихи концептісімен және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 

 4. Мұғалім “6.3.1.1 – “ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар” хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу” оқу мақсатына жету үшін дүниежүзі тарихының кезеңдері және орта ғасырлардың хронологиясы көрсетілген уақыт сызығын көрсетіп, қысқаша түсіндіреді. Оқушылардан орта ғасырлар дүниежүзі тарихында қандай орын алатындығын анықтауды сұрайды. Ортағасырлар кезеңі ежелгі тарих және жаңа тарих кезеңдерінің ортасында орналасқандығын, сондықтан олар «орта ғасырлар» деп аталатынын оқушыларға түсіндіреді.

 5. Оқушыларға топтарда жұмыс жасау үшін орта ғасырдың үш кезеңінің ерешеліктері туралы мәтін таратады. Оқушылар ақпараттық парақтарын және оқулықтағы мәтінді қолдана отырып, орта ғасырлардын кезеңдерінің бірін сипаттап берулері керек:

  •  топ: ерте орта ғасырлар
  •  топ: дамыған ғасырлар
  •  топ: кейінгі орта ғасырлар

  Оқушыларға оларға берілген дәуірді сипаттау үшін келесі критерийлер беріледі:

  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғамдық қатынастары
  • Діннің дамуы
  • Ғылым және мәдениет

  Топтарда жасалған постерлері негізінде оқушылар сынып алдында таныстырылым жасайды.

Топтық жұмыс келесі дескрипторлармен бағаланады:

- Оқушылар қарастырылған орта ғасырлардың кезеңінің маңызды ерешеліктерін анықтайды;

- Оқушылар таныстырылым барысында жеткілікті ақпарат келтіреді.

Топтар өз пікірлерін айтқаннан кейін, оқушылар дәптерлеріне “Орта ғасырлар – бұл...” деген сөйлемді аяқтап, өз ойларын жазады.

 Оқушылар жауаптарының үлгісі: Орта ғасыр – бұл V-ші ғасырдаң бастап ХVII ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтыған қоғам мен экономикадағы феодалдық қатынастары қалыптасқан және дамыған дүниежүзілік тарихтың маңызды кезеңі.

6. Бұдан әрі сабақтағы жұмыс “6.3.2.1 – Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу” оқу мақсатын жүзеге асыруға арналады.

Оқушылардан оқулықтың мәтінін оқып, жаңа терминдермен танысып, олардың анықтамаларын дәптерлеріне жазуларын сұраңыз.

Оқушылардың жауаптарының үлгісі:

Халықтардың ұлы қоныс аударуы - б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді.

 

 Ғұндар – «хұндар» деп аталатын орта-азиялық ежелгі көшпелі халық, 370-ші жылдарыда Орта Азиядан Шығыс Еуропаға шабуыл жасап, басып кірген. Ғұндар қазақ халқының этникалық негізінің бір құрамдас бөлігі болып табылады.

 Варварлар – гректің тілінде «жат жерлік адам" деген сөзінен шыққан, гректер мен римдіктер германдық тайпаларды, кейін ғұндарды осылай атаған.

 7. Тарихи дереккөздердін фрагментерімен жұмыс.

Оқушыларға алдын ала басып шығарған вандалдардың Рим қаласын тонау туралы тарихи дереккөздердің фрагменттері бар мәтінді беру қажет.

Ортағасырлық хронист Простеп Аквитанийдің “Рим қаласын басып алу және тонау” атты шежіресінен алынған тарихи дереккөздің үзіндісі:

Рим Гейзерихтің (Солтүстік Африкада қоныстанған вандалдардың патшасы) экспедициясы туралы білді. Қалада қасірет пайда болды. Үш айдан аз уақыт бойынша билік жүргізген Максим императоры өлтірілді. Проспер Аквитаний Максимнін өлімі туралы жазғаны: «Король Гейзерих жақындап келе жатқандығы анықталды. Қалың жұрт қаладан қасірет шегіп қаша бастаған кезде, ол [Максим] қорқыныштан қашып құтылғысы келген. Билігіңін 77-ші күнінде Максим империя құлдарының қолынан қаза тапты. Оның бөлшектенген денесі Тибрға тасталғаннан қабірсізі қалды». Император Максимің биліктегі 77-ші күні 31-мамырға немесе 1-маусымға келеді.

Галлия ақыны Сидоний Аполлинарий Римдегі жағдайды жақсы білетін. Хаттарының бірінде ол император Максим тұсындағы пайда болған жағдайды атап көрсетті: «Ол легионерлердің тәртіпсіздіктерімен, халықтың алаңдаушылығымен, одақтас - варварлардын шапқыншылығымен қоршалған әлсіз билік жүргізуші болды...».

VI ғасырдың жазушысы Виктор Туннунскийдің айтуынша, Гейзерих император Максим қайтыс болғаннан кейінгі 3-ші күні Римді жаулап алып, оны 14 күндей тонап, мыңдаған тұтқындарды Карфагенге алып кетті.

Вандалдардың королін Папа Лео I қаланың қақпасында қарсы алып және оны қаланы өрттен, ал тұрғындарын азаптаудан және өлімнен сақтап қалдыруға көндірді. Проспер Аквитанский Римнің құлауының куәгері, шежіресінде былай деп жазған: «Римдіктер оның билігіне мойынсұнғаннан кейін, [Гейзерих] оларды қырып-жоюдан бас тартты. Осылайша, он төрт күн бойы кедергісіз және еркін тонаушылық барысында, Рим бар байлығынан айырылды, сонымен қатар [Евдоксия] патшайым балалары мен және мыңдаған Рим тұрғындарымен бірге Карфагенге тұтқынға алынды».

Римнің бұл тоналуы бұдан бұрынғы, 410 жылы гот тайпасының көшбасшысы Аларихтын тонауынан, жоспарлі және әдістемелік сипаттағы айырмашылығы болды”.

 Оқушылар мәтінді оқыған соң, дереккөздің мазмұны бойынша қорытындынысын дәптерлеріне жазады. Жұмыс аяқталған соң, кейбір жасалған қорытындыларды сыныппен талқылаңыз.

 Оқушылар жауаптары: Осы уақытта Рим империясы әлсіреп калды. Экономикалық және мәдени дамуында римдиктермен салыстырғанда төмен деңгейде болған варварлар ешқандай қорқыныш пен күмәнсіз Римге қарсы шабуыл жасады. Рим империясының тағдыры алдын-ала белгілі болды: оның құлдырау шегіне жеткен кез еді.

Мұғалім қажет болған жағдайда оқушылардын жауаптарын анықтайды және толықтырады.

Оқушылар б.з. V ғ. соңында Рим империясы әлсіз болғандығы туралы қорытынды жасайды.

8. Оқушылар жұпта жұмыс жасай отыра, кестені толтырады. Оқулықтың мәтінінен Рим империясының құлау себептерін таңдап алып, оларды ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді топтарға бөліп жазап алады. Содан кейін олар 2 ең маңызды себептерді анықтайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін келесі дескрипторлар арқылы өзара бағалайды: оқушы

- Батыс Рим империясының құлдырауының ұзақмерзімді себептерін анықтайды;

- Батыс Рим империясының құлдырауының ортамерзімді себептерін анықтайды;

- Батыс Рим империясының құлауының қысқамерзімді себептерін анықтайды:

- Рим империясының құлауының 2 ең маңызды себебін анықтайды.

9. Сабақта зерттелген ақпаратты жүйелеу мақсатында оқушыларға Рим империясының құлдырауы туралы бейнежазбаны көрсетіңіз. Бейнежазбаны көрмес бұрын, келесі сұраққа ойланып көруді сұраңыз: Рим империясының құлауының сыртқы және ішкі себептері қандай болды?

 Оқушылар жауаптарының үлгісі:

 Ішкі себептері: римдіктер өз елінің патриоттары болудан бас тартты, олар бұдан әрі империя үшін күрескілері және оны жаулардан қорғағылары келмеді. Бай римдіктер өмірін сән-салтанатпен өткізді, сыртқы қауыпты ескермеді. Императорлар әлсіз болды, империяны күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асырмады. Құлдар нашар жұмыс істеді, елді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алмады.

 Сыртқы себептері: Гұндар өз аумақтарынан герман тайпаларын ығыстырды, сондықтан германдықтар Римге шабуыл жасай бастады. Варварлар - герман тайпалары қорғанызсыз қалған Рим империясының қалалары мен ауылдарына шабуыл жасай бастады және оларды тонады.

 Жалпысыныптық талқылаудан кейін оқушыларға Римнің құлауының ең маңызды себебі туралы өз көзқарастарын дәптерге жазуды ұсыныңыз. Жұмысты қорытындылай келе, оқушылар мынадай тұжырымға келеді: Римнің құлауының себептері көп болды, бірақ ең маңыздысы: варварлардың шабуылдары.

10. Сабақтың рефлексиялау кезінде экспресс-сауалнама өткізуге болады: мұғалім жылдам қарқынды сұрақтар қояды, ал оқушылар алғашқы келген ойын айтып, тез арада жауап береді. Сұрақтардың үлгісі:

- Сен сабақтың тақырыбына жауап алдын ба?

- Жаңа материал саған қаншалықты түсінікті болды?

- Егер бізде 5- балдық бағалау жүйе болған кезде, сен өзіңе қандай баға қояр едің және неліктен осындай баға?

- Сабақ саған несімен ұнады?

- Сабақ барысында қандай қиыншылықтар болды?

- Тақырып бойынша не туралы көбірек білгің келеді?

 11. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақта өткен тақырып бойынша әдебиеттер тізімін ұсынуға болады:

1) Г.Ферреро "Римнің ұлылығы мен құлдырауы".

2) Питер ХизерВарлардыны ұлы жеңістері”.

3) Феликс Дан “Римнің құлдырауы”, ағылшын тілінен аудармасы, кез-келген

басылымдар.

Саралап оқытуға арналған материалдар

Оқушылардын көпшілігі жасай алатын тапсырма.

«Иә» немесе «жоқ» деген жауап беріңдер:

  • Герман тайпаларының негізгі шаруашылығы мал өсіру болды ма?
  • Германдықтар римдіктердің зергерлік бұйымдарды, құлдарды, ірі қара малды, былғарыдан және кәріппеден жасалған бұйымдарды сатып алды ма?
  • Гемандықтар қасиетті деп санаған ормандарда орналасқан және тас құрбандықтары қойылған ғибадатханаларда құдайға тағзым етті ме?
  • Германдықтың біреуінің туыстары өлтірілген жағдайда қылмыскердің руынан кек қайтарды ма?
  • Германдықтар тайпаның әскери көшбасшысын герцог - «әскери жетекшісі» - деп атады ма?
  • Германдықтардың құлдарында шаруашылық жүргізетін кішігірім жер иеліктері болды ма?
  • Халықтардың ұлы қоныс аударуы арабтардың шабылуынан кейін басталды ма?
  • VІ ғасырда германдықтар Батыс Рим империясының барлық аумақтарында қоныстанды ма?
  • Римдіктер герман тайпаларын «Құдайдың соққысы» деп атады ма?
  • Батыс Рим империясының қайта өркенденуіне германдықтардың келуі себеп болды ма?

Тақырып бойынша қосымша теориялық материалдары.

Рим империясының құлауы тақырыбындағы мәтін

395 жылға қарай орталық биліктің әлсіреуі нәтижесінде Рим империясының бірлігін сақтап қалу мүмкін емес еді, сөйтіп ол екі мемлекетке бөлінді - Батыс Рим империясы Рим астанасымен және Шығыс Рим империясы Константинополь астанасымен.

Рим империясының шиелініскен ішкі жағдайы сыртқы жағдайының қауіпті өзгерістердің салдарынан одан әрі нашарлады. Әсіресе Батыс Рим империясының жағдайы қиын болды.

Батыс Рим империясының құлауы Халықтардың ұлы қоныс аудару процесінің бір мезгілде себебі де, салдары да болды. Империяның солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік шекараларында варварлар тайпалары жылжи бастады. Германдықтарда көшбасшылар мен әміршілер бастаған ірі жауынгерлік тайпалық одақтары қалыптасып жатқан кезең болды. Оларда бұл кезде ру-тайпалық қарым-қатынастардың орнына мемлекеттіліктің негіздері мен сословлік қатынастары орнатыла басталды.

Готтардың, аландар мен Орталық Азиядан келген ғұндардың жауынгерлік тайпаларының одақтары үнемі Рим империясының аумағына басып кіріп, бай қалалары мен ауылдарын тонап, тұрғындарын тұтқындап, ірі қара мал мен құнды керек-жарақтарды тартып алу үшін шабуылдар жасады.

Шығыста Рим империясының қауіпті қарсыласы Парфян патшалығы болды. Ол б.з. ІІІ ғасырда парсылардың соққылары салдарынан құлдырады. Парфяндық патшаларының орнына парсы әулетінен шыққан сасанидтер пайда болды. Римдіктер олармен де ауыр және жиі сәтсіз аяқталған соғыстар жүргізді.

Рим мемлекеті жаулардың шабуылына төтеп бере алмады. 378-ші жылы Адрианопольдегі шайқаста Шығыс Рим империясының әскерін вестгот тайпалары талқандады. Варвар тайпалар барлық шекаралас өңірлерде қалалар мен елді мекендерді тұрақты түрде ойран еткен. 410-ші жылы Aларих патшаның жетекшілігімен готтар Италияға басып кіріп, Римді тонады.

Варварлардың тайпалары империя аумағында қоныстанды, тіпті олардың кейбіреулері өздерінің мемлекеттерін құрды: Солтүстік Африкада, Сицилияда, Сардинияда және Корсикада вандалдар мемлекеті, Галлияда - вестготтардың мемлекеті құрылды.

V ғасырдың ортасында Рим қайтадан талқандалды - бұл жолы вандалдар германдық тайпаларымен. Мәңгілік қаладағы билік шын мәнінде варварлардың қолына көшті.

476-шы жылы герман тайпаларынан шыққан римдік қолбасшысы Батыс Рим империясының соңғы императоры Ромулус Августулды билігінен тайдырды.

Бұл оқиға Батыс Рим империясы тарихының мен ежелгі дәуірдің аяқталу сәті болып саналады.

(Дереккөз: http://wikiwhat.ru)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу