Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар1.2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 – «ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу;

6.3.2.1 – Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу

 Сабақ мақсаттары

Орта ғасырлардың хронологиясын біліп, Батыс Рим империясының құлдырау себептерін анықтау және талдау

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Оқушылар әрбір кезеңнің хронологиясын дұрыс анықтайды;
  • Ежелгі дүние тарихының кемінде 5 негізгі оқиғасын уақыт сызығында белгілейді;
  • Рим империясының ыдырау себептерін анықтайды;
  • Рим империясын ыдырау себептерін санаттарға жіктейді;

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Себеп пен салдар

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Ғұндар, герман тайпалары, Рим империясы, Халықтардыі Ұлы қоныс аударуы, варварлар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени... болып табылады.

Келесі себептер/факторлар қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді... болып табылады.

Кейбір факторлардың басқа факторларға, мысалы, .... әсері болды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (Батыс Рим империясының аймағы), Қазақстан тарихы (Халықтардың Ұлы қоныс аударуы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 5 сыныпта өткен Рим империясы жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-8

БЫМ/Б

Ежелгі әлемнің түрлі кезеңдеріндегі суреттер көрсетіледі.

Мұғалім ежелгі дүние тарихын оқығаннан не есте қалғаны туралы стикерлерге жазуды сұрайды (соғыстар, мәдениет, оқиғалар және т.б.). Бүкіл сыныптық талқылау жүргізіледі және оқушылардан орта ғасырлар тарихын оқығанда ең маңызды болып саналатын оқиғаларды анықтауды сұрайды.

Тақтада карта көрсету. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

Бүгін біз қандай мемлекет туралы сөз қозғаймыз?

Бұл мемлекет әлем тарихында қандай рөл атқарды?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Презентация

Сабақтың ортасы

Сыныппен талқылау

8-13

Топтық жұмыс түрі

13-20

Б Орта ғасырлар ұғымы мен хронологиясын талқылап, дәптерге жазу.

V ғ. аяғынан бастап, Батыс Рим империясының құлдырауынан бастап, XV ғасырдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды.

Т Сынып 3 топқа бөлінеді. Оқушылар орта ғасыр кезеңін зерттейді:

1 топ – ерте орта ғасыр

2 топ – дамыған орта ғасыр

3 топ – кейінгі орта ғасыр

Дескрипторлар:

  • Орта ғасырдың әрбір кезеңің хронологиясын анықтап, негізгі оқиғалар мен тұлғаларды уақыт сызығына белгілеу.
  • Қалған топтарды кезеңдердің (ерте, орта, кейінгі) негізгі сипаттамасымен таныстыру.
  • Оқу жылы барысында зерттеуге болатын 5 тақырыпты жазу.

Топтардағы жұмыстарды қорытындылау.

Қосымша 1 «Әлем тарихының хронологиясы»

Презентация

Бейне баянды көру

Талқылау

20-30

Зерттеу сұрағы: Неліктен Батыс Рим империясы құлады?

Рим империясының құлдырауының негізгі және жанама себептерін анықтаймыз. «Рим империясының құлдырау себептері» атты бейне баян көрсетіледі. Оқушылар келесі мәселелеік сұрақтарға жауап береді:

• Рим империясында қандай қиындықтар мен дағдарыстар болды?

• Кім және неліктен Римге шабуыл жасады?

• Рим империясының құлдырауының себептері? (1-экономикалық, 1-саяси, 1-әлеуметтік)

Зерттеу барысында оқушылар талдайды, ақпараттарды өңдейді, тәжірибелік жұмыс жасап, мәселелік жағдайларды шешу арқылы білім мен дағдыларды дамытады.

Бейне баян: «Батыс Рим империясының құлдырауы»:

http://www.youtube.com/watch?v=Y8VBeA9qosw

Топтық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

30-40

Сынып 4 топқа бөлінеді. (1,2,3,4 әдісі бойынша). Әр топ

карточкаларды - Рим империясының ыдырау факторлары және оларды топтық міндеттерге сәйкес жіктейді:

1 топ – экономикалық себептер

2 топ – саяси себептер

3 топ – әлеуметтік себептер

4 топ – ұзақмерзімді және қысқамерзімді себептер

Дескрипторлар:

- Осы карточкаларды таңдау себебін түсіндіру.

- Таңдалған себептердің өзара байланысын көрсету.

- Рим империясының құлдырауының негізгі себептерін анықтау.

Әрбір топ Қосымша 1 негіз ретінде пайдаланып, тапсырмаларды орындайды, жауаптарын қорғайды.

Қосымша 2 «Батыс Рим империясының құлдырауы»

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

-Батыс Рим империясы құлдырауының себептері неде болды?

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

• Бүгін мен ...

• ... қиын болды

• Мен түсіндім ...

• Мен қалаймын ...

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.1.1 – «ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу;

6.3.2.1 – Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу